Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жылсайынғы Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша Ақжар ауданының ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын өткізу барысы туралы АҚПАРАТ
2012 жылғы 27 қаңтарда біздің еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жылсайынғы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Жолдауын жолдады. Осы ірі бағдарламалық құжатта алдағы жылдары еліміздің дағдарыстан кейінгі уақытқа жаңа міндеттері нақты мазмұндалған.
Ауданда ақпараттық-насихаттауды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді, жергілікті БАҚ – та Жолдауды насихаттау мақсатында арнайы медиа-жоспар жасалды. Аталған медиа-жоспарға сәйкес жергілікті баспасөзде «Елбасы Жолдауы – халық қолдауы», «За строкой Послания» айдары ашылды, ол жерде Президент Жолдауын жүзеге асырылуы жөнінде «Қиыршық тасты кәсіп қылған кәсіпорын», «Конкурентоспособность образования как фактор интеллектуализации страны», «Ауызбірлік болса алынбайтын асу жоқ», «Важно каждое слово главного документа страны», «Будем идти вперед», «Болашаққа айқын жол», «Жолдау – әркімге жолбасшы құжат» тақырыбындағы материалдар жарық көрді.
Әр жұманың сейсенбі күні аудандық ақпараттық-насихаттау тобы кестеге сәйкес селолық округ тұрғындарымен, аудан орталығы Талшық тұрғындарымен кездесу өткізіледі. 03 сәуірге дейін ауданның үгіт -насихат топтарымен 35/8627 кездесу өткізілсе, республикалық үгіт - насихат тобымен 5/449 өткізілді. Аудан бойынша барлығы 35 іс шара ұйымдастырылып, халық саны 4254 құрады. Сонымен қатар аудандық ішкі саясат бөлімі ауданның ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауымен ақпараталу деңгейін тоқсан сайын әлеуметтік сұраулар өткізу арқылы зерделейді.
Ақпараттық-насихаттау жұмысындағы ең маңыздыларының бірі болып көрнекі ақпарат құралдары болып табылады. Ауданда Президент Жолдауын насихаттау бойынша көшедегі тартпаларға 13 баннер орнатылды және 12 селолық округте 1 баннерден орналастырылды.