Æàңàëûқòàð ëåãi
28.02.2012 ж. Аудан әкімінің есептік кездесуі
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Ленинград ауылдық округінде тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Оған «Богви» ЖШС бас директорының Ақжар ауданы бойынша орынбасары Р.Х.Сағитов, аудандық қызметтердің және ауылшаруашылық құрылым басшылары және БАҚ қатысты.
27.02.2012 ж. Аудан әкімінің есептік кездесуі
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Кенашы және Кіші-Қарой селолық округтерінде тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Оған «Богви» ЖШС бас директорының Ақжар ауданы бойынша орынбасары Р.Х.Сағитов, аудандық қызметтердің және ауылшаруашылық құрылым басшылары және БАҚ қатысты.
25.02.2012 ж. Аудан әкімінің есептік кездесуі
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Айсары ауылдық округінде тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Оған «Богви» ЖШС бас директорының Ақжар ауданы бойынша орынбасары Р.Х.Сағитов, аудандық қызметтердің және ауылшаруашылық құрылым басшылары және БАҚ қатысты.
24.02.2012 ж. Аудан әкімінің есептік кездесуі
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Алқатерек селолық округінде тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Оған «Богви» ЖШС бас директорының Ақжар ауданы бойынша орынбасары Р.Х.Сағитов, аудандық қызметтердің және ауылшаруашылық құрылым басшылары және БАҚ қатысты.
23.02.2012 ж. Қысқы спартакиада басталды
Бейсенбі 23 ақпан күні аудан орталығы – Талшық селосының орталық стадионында «Солтүстік 2012» облыстық қысқы спратакиадасының салтанатты ашылуы болды. Жиналғандарға қысқы спорт ойынның басталуымен облыс әкімінің орынбасары Ф.Ш.Қуанғанов және аудан әкімі А.А.Тастеміров спортшылларға бәсекелі сайыста жеңіс тілеп құттықтады.
23.02.2012 ж. Аудан әкімінің есептік кездесуі
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Қулыкөл селолық округінде тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Оған «Богви» ЖШС бас директорының Ақжар ауданы бойынша орынбасары Р.Х.Сағитов, аудандық қызметтердің және ауылшаруашылық құрылым басшылары және БАҚ қатысты.
22.02.2012 ж. Аудан әкімінің есептік кездесуі
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Восход ауылдық және Новосел селолық округтерінде тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Оған «Богви» ЖШС бас директорының Ақжар ауданы бойынша орынбасары Р.Х.Сағитов, аудандық қызметтердің және ауылшаруашылық құрылым басшылары және БАҚ қатысты.
21.02.2012 ж. Аудан әкімінің есептік кездесуі
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Талшық ауылдық округінде тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Оған жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.М. Хасенов, аудандық қызметтердің және ауылшаруашылық құрылым басшылары және БАҚ қатысты.
20.02.2012 ж. Аудан әкімінің есептік кездесуі
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Май және Ұялы селолық округтерінде тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Оған жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары А.М. Хасенов, аудандық қызметтердің және ауылшаруашылық құрылым басшылары және БАҚ қатысты.
17.02.2012 ж. Аудан әкімінің есептік кездесуі
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Ақжарқын ауылдық округінде тұрғындармен есептік кездесуі өтті. Оған жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы А.Ж. Сақыпкереев, аудандық қызметтердің және ауылшаруашылық құрылым басшылары және БАҚ қатысты.
15.02.2012 ж. Ауылдық округ әкімінің есептік кездесуі
Бүгін Талшық ауылдық округінің Талшық селосының тұрғындарымен ауылдық әкімінің есептік кездесуі өтті.
Күн тәртібінде округ әкімнің 2011 жылда атқарылған жұмыстары, әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және 2012 жылға жоспарлары туралы есебі қарастырылды.
14.02.2012 ж. Ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулері
Бүгін Ұялы, Қулыкөл және Кенащы селолық округтерінің Ұялы, Қулыкөл, Кенащы селоларының тұрғындарымен селолық әкімдерінің есептік кездесулері өтті.
Күн тәртібінде округ әкімнің 2011 жылда атқарылған жұмыстары, әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және 2012 жылға жоспарлары туралы есебі қарастырылды.
10.02.2012 ж. Ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулері
Бүгін Кенащы, Кіші-Қарой, Восход, Новосел, Ленинград селолық округтерінің Бәйтөс, Бостандық, Восход, Горький және Ленинград селоларының тұрғындарымен ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулері өтті.
Күн тәртібінде округ әкімнің 2011 жылда атқарылған жұмыстары, әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және 2012 жылға жоспарлары туралы есебі қарастырылды.
09.02.2012 ж. Ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулері
Бүгін Талшық, Қулыкөл, Кіші-Қарой, Ақжарқын және Ленинград ауылдық округтерінің Үлгілі, Қарашілік, Ақжарқын, Тұғыржап және Қызылту селоларының тұрғындарымен ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулері өтті.
Күн тәртібінде округ әкімнің 2011 жылда атқарылған жұмыстар, әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және 2012 жылға жоспарлары туралы есебі қарастырылды.
08.02.2012 ж. Ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулері
Бүгін Алқатерек, Ленинград, Восход, Новосел, Ұялы және Май селолық округтерінің Алқатерек, Дәуіт, Ақсай, Новосел, Ақсары және Май селоларының тұрғындарымен ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулері өтті.
Күн тәртібінде округ әкімнің 2011 жылда атқарылған жұмыстар, әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және 2012 жылға жоспарлары туралы есебі қарастырылды.
07.02.2012 ж. Ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулері
Бүгін Айсары, Талшық және Ақжарқын ауылдық округтерінің Айсары, Қазан және Ащкөл селоларының тұрғындарымен ауылдық әкімдерінің есептік кездесулері өтті.
Күн тәртібінде округ әкімнің 2011 жылда атқарылған жұмыстар, әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары және 2012 жылға жоспарлары туралы есебі қарастырылды.
02.02.2012 ж. Аудандық активке қатысушылар Елбасы Жолдауын талқылады
Ақпанның 2-і күні аудандық Мәдениет үйінде 2012 жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әлеуметтік-эконоикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» - атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау бойынша аудан активі өтті.. Аталмыш жиналысқа аудан әкімінің орныбасарлары, аудандық мәслихатының хатшысы мен аудандық депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық және аймақтық атқару органдарының басшылары мен мамандары, селолық округтердің әкімдері, мектеп директорлары, сондай-ақ аудандық мекеме – ұйым басшылары қатысты. Жиында бірінші боп сөз алып баяндама жасаған аудан әкімі А.А. Тастеміров еліміздің басты құжатында көтерілген мәселелерге тоқтала келіп, жалпы қазақстандықтар үшін биылғы Жолдаудың маңызы мен мәні зор екендігін тілге тиек етті.
15.01.2012 ж. Ақжарлықтар өз таңдауларын жасады
Аталмыш саяси науқан барысымен таныспақ ниетпен жұрт № 111 сайлау учаскесі орналасқан аудандық Мәдениет үйіне бет алды. Даланың әлі қараңғылығына қарамастан мәдениет ошағының іші халыққа толы екендігін байқалды. Саяси маңызды шараға аса мән беріп азаматтық міндетін орындауға келгендердің қарасы қалың болып, олардың арасында аудан әкімі А.А. Тастеміровте болды.
09.01.2012 ж. Жетекші партия атынан додаға түскен үміткер сайлаушылармен кездесті
Дүйсенбі күні аудандық Мәдениет үйінің көрермендер залында Ақжар ауданы атынан облыстық мәслихатқа үміткер «Нұр Отан» ХДП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қ.С. Пшнебаев жергілікті сайлаушылармен кездесу өткізді.
04.01.2012 ж. Лездеме - өзекті деген бес мәселе қаралды
Қаңтардың 4 күні аудан әкімдігінде аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалығымен Жаңа жыл мерекесінен кейінгі алғашқы лездеме болып өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы, мемлекеттік мекемелердің, ведомстволар мен ұйымдардың басшылары, ауылдық және селолық округтердің әкімдері қатысты.
Жиынның барысында аудан басшысы Ағзам Ахметжанұлы барлық қатысушыларды Жаңа жыл мейрамымен құттықтап, ұлу жылында мол табыстарға жетулеріне тілектесті білдірді.
15.12.2011 ж. Жаңа үйлердің кілті табысталды
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында аудан әкімі А.А.Тастеміров төрт отбасыға жаңа үйлердің кілттерін салтанатты түрде табыс етті. Жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтаған аудан басшысы оларға алда келе жатқан айдаһар жылында мол табыс тіледі.
«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға аудан орталығында бой көтерген сегіз үйдің барлығы аталмыш бағдарламаға қатысуға ниет білдірген болашағы жоқ ауылдардың тізіміне енген Тұғыржап елді мекенінің сегіз отбасыларына берілетін болды.
Мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болып отырған отбасылардың Талшық ауылына көшіп келуге байланысты үй иесіне 15 айлық көрсеткіш, ал отбасы мүшелерінің әрқайсысына 5 айлық көрсеткіш көлемінде субсидия төленеді.
14.12.2011 ж. Мәдениет майталмандары марапатталды
Кеше, желтоқсанның 14 күні жұлдызды жиырма күн кестесіне сәйкес өткен салтанатты іс-шарада оған қатысқан аудан әкімі А.А.Тастеміров аудандық мәдениет саласының бір топ қызметкерлерін марапаттады.
Жиынға қатысушыларды тәуелсіз-діктің 20 жылдығымен құттықтаған аудан басшысы Ағзам Ахметжанұлы қоғам өміріндегі ең елеулі салаларының бірі, ұлт пен ұлысты біріктірген мәдени-еттің маңыздылығына жан-жақты тоқ-талып, аудан тұрғындарының рухани өмірін байытып, ел ішінде мәдениетті жаңғыртып жүрген мәдениет саласының бір топ қызметкерлеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ мерекелік шара барысында Ленинград селосының тұр-ғыны, көп балалы ана Гайфулина Гульчианға «Күміс алқа» және өңірімізде бала туу санын арттыру мақсатында облыс әкімі Серік Біләловтің қол-дауымен бастау алған «Ұрпақ қоры» бағдарламасының сертификаттары төрт бала тәрби-елеп отырған аудан азаматтарына табысталды.
Қатысушыларға көтеріңкі көңіл сыйлаған шараның соңында аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері ән мен күйден шашу шашты.
11.12.2011 ж. Ақ халатты абзал жандардың еңбегі еленді
Желтоқсанның 11 күні аудан әкімі А.А.Тастеміров жұлдызды жиырма күн аясында тәуелсіздік жылдары денсаулық саласында көп жыл табысты еңбек еткен ақ халатты жандарды марапаттау рәсіміне қатысты.
Медицина қызметкерлерін тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтаған аудан әкімі А.А.Тастеміров аудан тұрғындарының денсаулығын бақылап, науқастарға қажетті ем-дом шараларын уақытында әрі сапалы жүргізіп отырған медицина қызметкерлерін дипломмен және естелік сыйлықтармен марапаттаған соң жас мамандар Мақпал Омарова, Айсәуле Сарманова мен Нұрлан Түлкібаевтарға пәтер кілтін табыс етті.
Салтанатты шара соңында денсаулық саласының қызметкерлері мен ауданымыздың талантты әртістері қатысушыларға арнап концерт қойды.
09.12.2011 ж. Білім саласының үздіктері марапатталды
Аудандық Мәдениет үйінің көрермендер залында «Жұлдызды 20 күн» жоспарына сай іс-шара өткізіліп, оған қатысқан аудан әкімі А.А.Тастеміров ауданымыздың үздік ұстаздарын марапаттады.
Салтанатты шара барысында мінбеге көтеріліп барлық қатысушыларды ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтаған, аудан әкімі А.А.Тастеміров тәуелсіздік жылдары ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және білім саласындағы ұстаздық қызметтегі шығармашылық жетістіктері мен нәтижелері үшін бір топ ардагер ұстаздарды марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша баспаналы болып отырған Талшық орта мектебінің ән-күй пәнінің мұғалімі М.Т.Здуалиева мен Бестерек орта мектебінің шағын орталық тәрбиешісі М.Т.Турабаеваларға пәтер кілттерін, ал аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұжымына көлік кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Ресми бөлім аяқталған соң көрермендер назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, онда білім саласының қызметкерлері ән мен күйден шашу шашты.
07.12.2011 ж. Конференция болып өтті
Өткен аптада аудан орталығында «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалық етуімен «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының кезектен тыс XIV конференциясы болып өтіп, оған аудандық мекеме-ұйым басшылары, аудандық мәслихат депутаттары және партия белсенділері қатысты.
Конференцияны ашқан аудан басшысы Ағзам Ахметжанұлы аталмыш партияның сайлау алды тұғырнамасына тоқталып өткен соң жиын барысында «Нұр Отан» халықтың демократиялық партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттыққа ұсынылатын азаматтардың тізімі жарияланды.
Сондай-ақ конференция барысында партияның аудандық филиалы саяси кеңесінің құрамы өзгертіліп, облыстық XIV партиялық конференцияға қатысатын делегаттар құрамы айқындалды. Жиын соңында қатысушылар Елбасының қойған міндеттеріне қолдау білдіріп, өздері жүзеге асырып жатқан жұмыстарына қысқаша тоқталып өткеннен кейін саяси кеңес салтанатты шарамен жалғасын тауып, «Нұр Отан» партиясының қатарына жаңадан қабылданған бір топ азаматтарға партия билеттері тапсырды.
07.12.2011 ж. Аудан әкімі қаржы саласының қызметкерлерін марапаттады
Сәрсенбі күні аудан әкімі А.А.Тастеміров тәуелсіздік жылдарында ауданымыздың экономикалық хал-ахуалына өз үлестерін қосып келген қаржы жүйесі мен банк қызметкерлерімен кездесіп, аталмыш шараға қатысқан аудандық қазынашылық бөлімінің бастығы З.И.Гиллер, қаржы бөлімінің бастығы А.Н.Адилова, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Р.С.Жүнісова және «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесінің бастығы А.Б.Қзиденовтер мен осы аталған мемлекеттік мекемелердің барша мамандарының еңбегін атап өтті.
Салтанатты шара барысында жиынға қатысушыларға жергілікті қаржыгерлердің ауданымыздың қоғамдық-саяси және мәдени өміріне белсенді қатысқан сәттері бейнеленген слайд көрсетіліп, ұлттық валюта - теңгенің қолданысқа енуі және оның қалыптасу тарихы жайында қысқаша видео баяндама жасалды. Содан соң қаржы жүйесінің қызметкерлерін тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтаған аудан әкімі Ағзам Ахметжанұлы оларға жауапты қызметтерінде сәттілік тілеп, салтанат иелеріне естелік сыйлықтар мен дипломдар табыстады.
06.12.2011 ж. Тарих шежіресінен сыр шерткен сахналық қойылым болды
Жуырда бүкіл ел көлемінде бастау алған «Тәуелсіз-діктің 20 шыңы» атты жұлдызды жиырма күн жоспарына сай ауданда осы аптада көптеген игі іс-шаралар жалғасын тапты.
Желтоқсанның 6 күні аудандық Мәдениет үйінің төрінде «Тәуел-сіздік – елімнің ерлік жолы» атты тарихи музыкалық кеш болып өтіп, оған қатысқан аудан әкімі А.А.Тастеміров пен аудан тұрғындары ел тарихынан сыр шертетін тарихи көріністі тамашалады.
Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі және Талшық орта мектебінің ұстаздары Заңдыбай Сандуғаш, А.М.Кукеев және Г.К.Жанаевалардың мұрындық болуымен ұйымдастырылған шараның мақсаты ата-бабаларымыз арман еткен тәуелсіздік жолындағы күресін тарихи қойылымда көрсету, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, олардың бойында ұлттық болмысымызды қалыптастыру болды.
20.11.2011 ж. «Нұр Отан» ХДП АФ «дөңгелек үстелге» қатысушылар Меморандум қабылдады
Осы аптадағы сәрсенбі, қарашаның 17-сі күні «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалында сыбайлас жемқорлықпен күрес және осы жағымсыз құбылыспен қоғамда ымырасыз күрес жүргізу тақырыбын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» өткізіліп, онда алғашқы болып сөз алған «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Е.Қ.Жакупов өткен айда яғни қазанның 20 күні Елбасы Н.Назарбаев жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыс жасақтау меморандумына қол қойып, еліміздің бірқатар ұйымдары, атап айтқанда «Нұр Отан» ХДП, «ҚР кәсіподақ федерациясы», «Қазақстанның Азаматтық Альянсы», «Қазақстанның кәсіпкерлер форумы» Ассоциациясы, «Ардагерлер ұйымы», «Қазақстанның Бас редакторлар клубы» және т.б. ұйымдар бұл игі істе Мемлекет басшысын бірауыздан қолдағандығынан катысушыларды құлағдар етті.
Берілген шара аясында «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы, аудандық білім саласының кәсіподағы, аудандық ауылшаруашылық бөлімі, денсаулық саласы, «Соғыс және еңбек ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігі және аудандық «Дала дидары» және «Ақжар хабар» газеттерінің бас редакторы аталмыш меморандумға қол қойып, коғамымызды іштен шірітіп жатқан жемқорлықтың тамырына балта шаппақ болған бұл қоғамдық қозғалысқа енген ұйымдар қатарын толықтырды.
Жастар үйінде жылы жүзді кездесу болды
Жуырда біздің Ақжар ауданының әділет басқармасының мамандары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «20 игі іс» акциясы негізінде және Құрбан айт мерекесінің құрметіне арналған іс-шара ұйымдастырып, «Жеткіншектер үйінің» тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.
Балаларға арнап жайылған дастархан басындағы әңгіме барысында жоғары оқу орындарына түсу үшін бұл балаларға арналған жеңілдіктер, отбасын құру үшін тұрғын үй жағдайы, жұмысқа орналасу, некеге түру тәртібі, аты-тегін ауыстыру, тұрғын үйді алу үшін кезекке түру тәртібі жөнінде балаларды толғандыратын мәселелер талқыланды.
Іс-шараны қорытындылай келе әділет басқармасы оларға әділет органдарына қатысты кеңестер беру мен сұрақтарды шешу үшін «Жеткіншектер үйінің» балаларын өз қарамағына алуға ұйғарды.Жылы жүзбен өткен бұл кездесуге балалардың көңілдері толды деп ойлаймыз. Мұндай іс-шараларды Әділет басқармасы келешекте де өткізуді жоспарлап отыр.
16.11.2011 ж. Полиция қызметкерлеріне жайбарақаттық жараспайды
Қарашаның 16 күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалығымен құқықтық заң бұзушылықтың алдын алу комиссиясының кезекті отырысы болып, оған оның орынбасарлары, әкімдік аппаратының жетекшісі, жергілікті және территориалдық атқарушы органдардың басшылары, селолық округ әкімдері, полицияның учаскелік инспекторлары және «Бостандық», «Менжинское» ЖШС-лерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде маңызды деген 3 мәселе қаралып, онда алғашқы болып «Облысымыздағы 2011-2013 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу аумақтық бағдарламасының жоспары» және «Табиғатты қорғау заңнамасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау» жайында аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары М.О.Абдрахманов есеп берді.
16.11.2011 ж. Сыбайлас жемқорлықпен күрес еш бәсеңдемейді
Құқықтық заң бұзушылықтың алдын алу ісіне арналған жиын аяқталысымен осы жерде аудан әкімі А.А.Тастеміровтің катысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы болып, онда аудандық мекемелер мен ұйымдарда, сондай-ақ Кішіқарой, Қулыкөл, Кеңашы және Ұялы селолық округтерінің әкімдік аппараттарында жүргізілген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарының барысы қаралды.
27.01.2011 ж. Нұротандықтар қатары бір топ жастармен толықты
Қазанның 27-сі күні «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалық етуімен саяси кеңес бюросының кезекті отырысы өтіп, оның барысында ауданымыздың бірқатар білім ордаларында қызмет атқарып жүрген бір топ жас мамандар «нұротандықтар» атанды.
Кезекті отырыстың күн тәртібінде бастауыш партия ұйымдарының ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту іс-шара жоспарымен, аудандық партия филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу және т.б. мәселелері қаралды.
26.10.2011 ж. Тағайындау
Қазанның 26-і күні аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалығымен кезекті отырыс өткізіліп, оған оның орынбасарлары мен аудандық мәслихат хатшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық мекеме-ұйым басшылары және селолық округтердің әкімдері қатысты. Жиын барысында аудан әкімі барлық қатысушыларға жуырда тағайындалған өзінің экономика жөніндегі орынбасары Ж.Б.Сыздықовты таныстырып өткеннен соң күн тәртібінде өзекті деген үш мәселе қаралатынын хабарлады.
21.10.2011 ж. Орталық кітапханада достық пен татулық жайы сөз болды
Өткен аптада елімізде Рухани келісім күні атап өтілді. Бұл бастама 1992 жылы 18 қазан күні Алматыда өткен Бірінші Бүкіләлемдік Рухани Келісім Күні аясында көтеріліп, жұртшылық тарапынан кеңінен қолдау тапқан болатын.
Осыған орай қазан айының 21 жұлдызында аудандық орталық кітапхананың қабырғасында «Діни бастауымыз өмір шындығы» атты дөңгелек үстел болып өтіп, оған арнайы шақырылған Үлкен-Қарой мешітінің наиб имамы Рүстем Жоламанұлы, аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Ә.М.Танашпаева және Талшық орта мектебінің 8-9 сынып оқушылары қатысты.
Игі бастама депутаттар тарапынан да қызу қолдау тапты
Облыс әкімі Серік Сұлтанғазыұлы Біләловтің бастамасымен облысымыздың барлық елді мекендерінде бастау алған «20 игі іс» акциясы аясында ауданда жыл бойы жақсы істер жалғас табуда. Бұл игі іс-шара-дан аудандық мәслихат депутаттары да шет қалып жатқан жоқ.
Мәселен, аудандық мәслихаттың хатшысы М.С.Жұмабаев Талшық селосындағы «Жасөспі-рімдер» үйінің тәрбиеленушілеріне киім-кешек сатып әперсе, мәслихат депутаты Е.Х.Жақыпов сол «Жас-өспірімдер» үйінің кітап-ханасына ақын-жазу-шылардың жаңа топтама шығармаларын тарту етті. Және де басқа барлық сайлау округтерінен сайланған депутаттарда өз тарапынан әр түрлі игі істер жасады.
15.10.2011 ж. Жастар марафон-эстафетасы өз мәресіне жетті
2011 жылдың 11 сәуірінде ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Елбасы Нұрсұл-тан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен бастау алған «Ауылдың гүлденуі – Қазақ-станның гүлденуі» атты республикалық жастар марафон-эстафетасы біздің ауданымызда да өз жалғасын тапқан болатын.
Осыған орай қазан айының 15-і күні аудан орталығында ауыл, елді мекен ау-мақтарын абаттандыру, көріктендіру жұ-мыстарымен айналысу, жастарды азаматтық және патриоттық тәрбиенің белсенді түрлерімен қамти отырып, тәрбиелеуді мақсат қылған жастар марафон-эстафетасының салтанатты жабылу рәсімі болып өтіп, жарты жылға созылған іс-шараның қорытындысы шығарылды. Аталмыш шараға аудан әкімі А.А.Тастеміров, оның орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының бастығы, селолық округ әкімдері, «Нұр Отан» ХДП және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері және аудандық жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.
12–19.10.2011 ж. Ақжарлықтар Астанада облыс жетістіктерін паш етуге атсалысты
Қазанның 12-19 күндері Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ел өңірлерінің есеп беруі шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының күндері өткізіліп, бұл үлкен іс-шараға аудан әкімі А.А.Тастеміров бастап барған біздің аудан делегациясы да белсене атсалысты.
Облыс өкілдері Астана жұртшылығын тек жәрмеңкеге әкелген бағасы арзан түрлі өнімдерімен қуантып қана қойған жоқ, осы айда қайырымдылық жасау қажеттігін де естен шығармай республикалық балаларды оңалту орталығында тәрбиеленушілерге плазмалық теледидар мен ет, картоп және сарымсақ пен қызылша сияқты бір қысқа жетерлік ауыл шаруашылық өнімдерін тарту етіп, денсаулығын түзеп жатқан жеткіншектердің алғысына бөленді.
Облыс күндері Астана жұртшылығы жүрегінде өшпестей терең із қалдырған үлкен гала-концертпен аяқталды.
24.09.2011 ж. «Тазалықты сақта» атты республикалық акция аясындағы сенбілік
24 қыркүйекте ауданда бюджеттік мекеме ұжымдарының, коммерциялық ұйымдардың, мектеп оқушыларының, ардагерлер Кеңесі өкілдерінің, әйелдер Кеңесінің және мәдени-этностық орталықтарының қатысуымен сенбілік өткізілді. Жалпыреспубликалық сенбілікке барлығы 94 ұжым, 3500 адам қатысты.
Берілген шара аясында барлық селолық округтарда футбол және волейболдан спорттық шаралар, концерттік бағдарламалар өткізілді, және де селолық әкімдерімен 42 ерекше қатысушыларды көтермелеу өткізілді.
20.09.2011 ж. Тіл фестивалінде мемлекеттік тілді жетік меңгергендер марапатталды
Қыркүйектің 12-нен бастап Қазақстан халқы тілдерінің фестивальі басталғаннан бері ауданымызда түрлі іс-шаралар өткізілуде. Соның бірі қыркүйектің 20 күні аудандық Мәдениет үйінің көрермендер залында аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалығымен Қазақстан халқы тілдері фестивалінің ашылуына арналған іс-шара болды. Жергілікті атқарушы органдардың басшылары мен мемлекеттік тілге жауапты мамандар, селолық округ әкімдері, мектеп директорлары және қазақ тілі мен әдебиеті, ағылшын және орыс тілі пәнінің ұстаздары, аудан орталығының тұрғындары қатысқан алқалы жиында шараға жиналған жұртшылықты Қазақстан халқы тілдерінің фестивальінің ашылуымен аудан әкімі А.А.Тастеміров құттықтады.
Фестиваль соңы концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары қатысушыларға ән мен биден шашу шашты.
17.09.2011 ж. Қайырылымдық сенбілігі болып өтті
Ауданда әр жыл сайын қазанның 1-і мен қарашаның 1-і аралығында қарттар мен мүгедектерді әлеуметтік қолдау айлығын өткізу өңірімізде дәстүрге айналған. Бұл кезеңде зейнеткерлер мен мүгедектердің көптеген әлеуметтік-тұрмыстық мәселелері шешімін табуы тиіс.
Осыған орай қыркүйектің 17 күні ауданымыздың елді мекендерінде жаппай қайырымдылық сенбілігі ұйымдастырылды. Еңбекке жарамды аға буын мен жас буын өкілдерінің басын біріктірген сенбіліктің барысында таңғы сағат 9-10-дардан қолдарына сыпырғы мен тырма, күрек ұстанған жігіттер ғимараттар мен тұрғын үй маңайларын күл-қоқыстан тазартып, көше сыпырса, қыз-келіншектер көше бойында жайқала өскен ағаш діндері мен тас бордюрлерді әктеп, аудан орталығына сән қосты. Үлкендерден қалыс қалмаған мектеп оқушылары да балалар саябағын, орталық стадионды және Жеңіс саябағын қоқыстардан тазартты.
06.09.2011 ж. Тағайындау
Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әкімі А.А.Тастеміровтің өкімімен Б.А.Баржанов Қулыкөл селолық округінің әкімі болып тағайындалды. Осыған орай Қали Хадесұлы атындағы Жаңаауыл орта мектебінде 6 қыркүйек күні өткен кездесуде тұрғындарға аудан әкімі жаңа ауыл басшысын таныстырды. Кездесудің барысында «Агротехника-Ақжар» ЖШС-нің директоры Қ.Ш.Шәпенов құттықтау сөз арнап, жұмысын жемісті атқаруына тілектестік білдірді. Жаңа ауыл басшысы өз кезегінде артылған сенімді абыроймен атқаруға уәде берді.
Кездесудің соңында елді мекен тұрғындары көкейкесті мәселелері бойынша сұрақтарын қойып, оған тұшымды жауап алды.
04.09.2011 ж. Үгіт бригадасы егін алқаптарын аралады
Қыркүйектің 4-і күні жауапты науқан барысында майталман диқандарға демеу беру мақсатында құрылған үгіт бригадасы құрамында көш алдында жүрген серіктестік диқандарымен жүздестік.
Аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы М.Р.Жүсіпбеков, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы Айбек Хоршат, аудан әкімі апаратының бастығы Қ.А.Хасенов, аудандық мәслихат хатшысы М.С.Жұмабаев және бір топ мәдениет қызметкерлерінен құралған үгіт бригадасы ең алдымен «Агротехника-Ақжар» ЖШС-нің егін алқабына ат басын бұрды.
Содан кейін үгіт бригада осы селолық округінің тағы бір серіктестігі - «Лұқбанов» ЖШС-нің егін алқабын аралады.
Ал сағат он екілер шамасында Кеңащы селолық округінің «Менжинское» ЖШС-нің диқандарымен жолыққан аудан әкімі А.А.Тастеміров пен ауданымызға қызмет бабымен келген облыс әкімінің орынбасары А.С.Сапаров агроқұрылым диқаншыларымен жүздесіп, егін орағында сәттілік тіледі.
28.07. 2011 ж.Аудандық ұйым төрағасы қабылдау жүргізді
Шілденің 28 күні «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі А.А.Тастеміров жеке мәселелері бойынша аудан азаматтарын қабылдады.
Жеке қабылдаудың барысында аудан басшысы азаматтардың өтінішін тыңдап, аталмыш мәселелерді оңтайлы шешу бойынша кеңестер мен ұсыныстар берді.
27.07.2011 ж. Аудандық мәслихат сессиясы
Өткен бейсенбі күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудандық мәслихаттың төртінші шақырылымының кезекті тыс ХХХІІІ сессиясы болып өтті. Халық қалаулыларының жиналысына аудан әкімі А.А.Тастеміров, оның орынбасарлары, аудан прокуроры, бөлім бастықтары, селолық округ әкімдері және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты.
Сессия отырысының соңында аудан әкімі Ағзам Ахметжанұлы қаралған мәселелердің барлығы да маңызды екеніне тоқталып, бағдарламаларды жүзеге асыру үшін артық шығындарды тиімді пайдалану қажеттігін атап айтты.
08.07.2011 ж. Қысқа дайындық сөз болып, топжарғандар марапатталды
Шілденің 8-і күні аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалығымен кезекті жиналыс өткізіліп, оған аудан әкімінің орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы, мемлекеттік мекемелердің, ведомстволар мен ұйымдардың басшылары, ауылдық және селолық округтердің әкімдері қатысты.
Жиналыстың басында Ағзам Ахметжанұлы жуырда Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай облыстық «Салт-дәстүр» фестивалі ұйымдастырылып, оған қатысқан 13 ауданның ұлттық-мәдени орталықтарының ішінде біздің аудан өкілдері топ жарып, жүлделі ІІ орынды жеңіп алғандығынан қатысушыларды құлағдар етіп, жеңістің тұғырлы орнынан көріне білген ұжым өкілдерін салтанатты түрде марапаттады. Атап айтқанда «Самоцвет» славян ұлттық-мәдени орталығының «Задоринка» фольклорлық ансамблі, «Ұрпақ» қазақ ұлттық-мәдени орталығының «Ақ босаға» ұжымы және «Ұрпақ» қазақ ұлттық-мәдени орталығының «Әжелер» топтарының мүшелері және т.б. облыс әкімінің ескерткіш сыйлығын, Құрмет грамотасына ие болды.
06.07.2011 ж. Астананың туған күні барлықтары үшін қуаныш болды
Осы жылы ақжарлықтар үшін астана Күнінің құрметіне мереке Талшық с. аудан әкімдігі ғимаратының жанында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері» архитектуралық композициясының салтанатты ашылуымен басталды.
Аудан орталығының тұрғындарын мемлекеттік мерекемен құттықтай отырып аудан әкімі А.А.Тастеміров мемлекеттік тәуелсіздікті алумен байланысты Қазақстанның жаңа тарихында қазақстан халқының жетістіктерін рәміздеумен бейімделген барлық қазақстандықтар үшін астана Күні өзгеше тарихи-мәдени мағынаны білдіреді деп айтты.
Сонымен қатар, осы мерекелік күні аудан орталығының барлық тұрғындарындай аудан Әкімінің қолынан «Алтын алқа» орденін алған көп балалы ана Жұмабеке Жақыпова ерекше қуанышқа ие болды.
Салтанатты іс-шара үлкен мерекелік концертпен аяқталды, мұнда еліміздің бас қаласы Астананың теңдесі жоқ сұлулығы және Тәуелсіздіктің ұлылығын мадақтайтын отаншыл мен лирикалық өлендер айтылды.
05.07.2011 ж. Салықшылар кәсіби мерекелерін ән – күйімен атап өтті
Шілде айының 5 жұлдызында Қазақстан Республикасының салық қызметіне 20 жыл толуына орай аудандық Салық басқармасының қызметкерлері аудандық Мәдениет үйінің ұжымымен бірлесе отыра Талшық ауылының тұрғындарына концерттік бағдарламаларын тарту етті.
Іс-шара барысында сөз алған «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы, аудан басшысы А.А.Тастеміров аудандық Салық басқармасының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, қызметтерінде табыс тіледі.
Көп жылғы табысты да қажырлы еңбектері үшін Ағзам Ахметжанұлы ҚР Президенті, Н.Ә.Назарбаевтың стратегиялық бағытын, партияның бағдарламалық мақсаттары мен міндеттерін іске асыруға атсалысып, елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді қатысқаны үшін Құрмет грамоталарын және де арнайы грамоталарын табыстады.
28.06.2011 ж. Біздің Жаслан – Қазақстан Республикасының спорт шебері
2011 жылғы 28 маусымнан 05 шілде аралы5ында Қостанай облысы Лисаковск қ. ауыр атлетикадан Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Ауыр атлетика бойынша ДЮСШ жаттықтырушысының тәрбиеленушілері Қанат Бақырденұлы Ермағанбетов, Жаслан Калиев және Индира Нагишкен Солтүстік Қазақстан облысы құрама командасында осы чемпионатқа қатысты.
Жарыс барысында 46 кг. дейін салмақта Жаслан Калиев қола медаліне иеленді және екі жаттығуды қосып алғандағы нәтижесі 155 кг салмақты алып, ҚР спорт шеберінің нормативін орындады.
53 кг. дейін весалық категорияда Индира Нагишкен қатысты және ҚР чемпионатында қола медалін иеленді.
20.06.2011 ж. Мектеп бітірушілерге арналған мерекелік кеш
Маусымның 20 күні аудан орталығындағы спорт стадионында биылғы жылдың мектеп бітірушілеріне арналған салтанатты кеш өтіп, оған ата-аналар, ұстаздар қауымы мен елді мекен тұрғындары қатысты. Орта мектепті тамамдап, Ұлттық бірыңғай тестілеуде он бір жыл бойы сусындаған білімдерін ойдағыдай дәлелдеп шыққан 2011 жылдың түлектерін аудан әкімі А.А.Тастеміров қызу құттықтап, аттестаттар мен сыйақылар табыс етті.
ҰБТ-ның жыл санап қиындауына қарамастан ұстаздардың сенімін ақтап «Алтын белгі» және үздік аттестат иегерлері атанып жатқандар бар. Ағзам Ахметжанұлы алдымен ұлттық бірыңғай тестілеуде жоғары нәтиже көрсеткен Кенжетай Абылайхан мен Ташмағанбетова Дильмираға «Алтын белгі» медалін тақса, Ташкен Меруертке үздік аттестатты табыс етті. Білім ордаларының директорлары да ортаға шығып, өздерінің сүйікті оқушыларына ақ жол тілеп, биік шыңдарды бағындыруларына тілектес екендіктерін жеткізді.
Салтанатты кештің барысында аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы С.К.Жақыпов түлектерді құттықтап, оларға еліміздің жоғарғы оқу орындарына грантқа түсулеріне тілектестігін білдіргеннен соң аудан әкімінің сыйақысын тапсырды. Сондай-ақ «Алтын белгі» және үздік аттестат иегері атанған ұл-қыздардың ата-аналарына «Алғыс хат» табыстады.
17.06.2011 ж. Тәртіптік кеңес төрағасы мемлекеттік органдар қызметкерлерімен жүздесті
Өткен жұма күні, маусымның 17-сі аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалығымен семинар-кеңес өтіп, аталмыш жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы, мемлекеттік мекемелердің, ведомстволар мен ұйымдардың басшылары,сондай-ақ бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Семинарды ашқан аудан басшысы жиналғандарға жақында тағайындалған ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысындағы Тәртіптік кеңес төрағасы - басқарма бастығы Т.Т.Қаскинді таныстырып өтті.
Содан соң сөз алған Тілеген Төлегенұлы «Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарын іске асырудағы мемлекеттік сектордың рөлі» деген тақырыпта баяндама жасады.
Семинар-кеңестің барысында Ақжар ауданының мемлекеттік органдарына жүргізген тексерістің нәтижесімен облыстық мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың сақталуын бақылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Ж.Ж.Жұмабаев таныстырды. Содан кейін аудан әкімі аппаратының бастығы Қ.А.Хасенов аудандағы мемлекеттік органдарды кадрлармен қамтамасыз ету ісіне бақылау жүргізу бойынша аудан әкімі аппаратының атқарған қызметі жайында әңгімеледі.
Семинар-кеңесті қорытындылаған аудан әкімі Ағзам Ахметжанұлы жиналғандарға мемлекеттік қызметкер деген атқа ие болу зор мәртебе екендігін еске салып, осы атқа лайықты болу үшін қызметке әр уақытта үлкен жауапкершілікпен қарау қажет екендігін атап айтты.
Осы алқалы жиын алдында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысындағы Тәртіптік кеңес төрағасы - басқарма бастығы Т.Т.Қаскин «Нұр Отан» ХДП Ақжар аудандық филиалында жеке және заңды тұлғалардың өкілдеріне жеке қабылдау жүргізді.
12.06.2011 ж. Көктемгі егіс аяқталды, ендігі міндет шаруашылықтарда берік жем-шөп қорын жасау
Бүгінде аудан бойынша көктемгі егіс науқаны өз мәресіне жетті. Күні-түні қажымай еңбектенген аудандық агроқұрылымдар диқандары 327,9 мың гектарға алтын дән сіңірсе, оның 322,6 мың гектарына бидай, 350 гектар картоп, 2,1 мың гектарына арпа, сондай-ақ 2,5 мың гектарына біржылдық шөп тұқымы себілді.
Осы жерде өз міндеттерін үлкен жауапкершілікпен атқарған шаруашылықтар ішінде «Раушан» фермерлік қожалығы 30 гектар жерге картоп, 2 гектар алқапқа көкөніс сепсе, «Жазира» шаруа қожалығы Алқатерек селолық округінің 40 гектар алқабына қызылша отырғызғанын айта кеткен жөн.
Егіс науқаны аяқталғаннан кейін ендігі мақсат жерге сіңірілген дәннің дұрыс шығуын қадағалау болып табылады. Аудандық агроқұрылымдар қызметкерлері ендігі жерде осы мақсатпен алқаптарға бірнеше мәрте агрохимиялық тәсілмен өңдеу жұмыстарын жүргізетін болады. Сондай-ақ жазғы арамшөппен күресу үшін де алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу қажет. Бұл үшін қазірдің өзінде аудан бойынша 130,3 мың литр химиялық тыңайтқыштар қоры жасалды. Көктемгі-жазғы жұмыстарда мал жем азығын дайындау ісіне де үлкен мән берілетінін ұмытпау керек. Мамыр және маусым айларында молынан түскен жауын-шашынның арқасында биылғы жылы шөп жақсы шығады деп күтілуде. Жоспар бойынша биыл 48,6 мың тонна шөп, 3 мың тонна пішендеме дайындалады. Соған сәйкес жаппай шөп шабу жұмыстарына 64 техника, 30 жеке тұлға мен жәке кәсіпкерлер ат салыспақ. Егер аудан бойынша 117693 гектар шабындық жер бар болса, әр гектардан 5-8 центнер өнім аламыз деп жоспарлаудамыз. Шабындық жұмыстарында бар күшімізді дұрыс жұмылдыратын болсақ, аудан бойынша 60,0 мың тоннаға жуық шөп дайындаймыз деген сенім бар.
09.06.2011 ж. Талқыланған мәселелерге орай тапсырмалар алды
Маусымның 9 күні аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалығымен кезекті жиналыс өткізіліп, оған аудан әкімінің орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы, мемлекеттік мекемелердің, ведомстволар мен ұйымдардың басшылары, ауылдық және селолық округтердің әкімдері қатысты. Күн тәртібінде өзекті деген төрт мәселе қаралды.
Жиналыстың барысында алғашқы болып мінбеге шыққан аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің бастығы Ә.М.Қиманов көктемгі егіс жұмыстардың қорытындысына тоқтала келіп, жаппай шөп шабуға дайындық туралы, ауданда мал шаруашылығын дамыту бағдарламасын іске асыру және ауыл шаруашылық жануарларын идентификациялау ісінің аяқталу барысы жайында ақпарлар келтірді. Аталмыш мәселе бойынша мән-жайды тарата айтқан баяндамашыға және барлық селолық округ әкімдеріне аудан әкімі Ағзам Ахметжанұлы жоба бойынша сатып алынған малға ұқыпты тексеріс жүргізуді өз жеке қадағалауларына алуды тапсырып, мал шаруашылығы фермаларына жер телімдерін бөліп беру және пайдаланылатын жайылымды бөлу мәселесін басты назарда ұстау қажеттігін ескертті.
Жиында қаралған екінші мәселе ауданның елді мекендерінің қолайлылығының қорытындысы туралы болды. Бұл жайлы ақпар келтірген аудандық тұрғын үй шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы Қ.Р.Омаров үстіміздегі жылдың 10 сәуірінде бастау алған елді мекендерді көгалдандыру және абаттандыру үш айлығы барысында аудан бойынша көп істің атқарылғандығына тоқталды.
Үш айлықтың аяқталуына аз уақыт қалғанменен ауданымыздың кейбір селолық округтерінде күл-қоқыстарды сыртқары жердегі арнайы орындарға тасып төгу мәселесі әлі де аяқталмағандығын тілге тиек еткен баяндамашы бұған Ұялы, Талшық және Ленинград селолық округтерінің баяу қимылын мысалға келтірді.
Осы орайда Ағзам Ахметжанұлы селолық округтер әкімдеріне барлық жұмыстарды маусымның жиырма бесіне дейін аяқтауды тапсырды.
Содан кейін «Облыс әкімінің және аудан әкімінің есепті кездесулері барысында берілген тапсырмаларды жүзеге асыру туралы» және 2011 жылғы ІІ-ші жартыжылдыққа арналған кезеңдік басылымдарға жазылудың аяқталу барысы туралы мәселелер талқыланды.
Жиналысты қорытындылаған аудан басшысы Ағзам Ахметжанұлы өзекті мәселелерді талқылау барысында айтылған барлық олқылықтарды жақын арада жедел жою қажеттігін ескертіп, селолық округ әкімдеріне елді-мекендерді көркейту және абаттандыру үш айлығы барысында атқарылуға тиісті жұмыстарды уақтылы әрі тиянақты аяқтауды тапсырды.
04.06.2011 ж. Мемлекеттік рәмізге құрмет - әр азаматқа жүктелген міндет
Өткен сенбі, яғни маусымның 4 күні аудан орталығы Талшық ауылында аудандық ішкі саясат бөлімінің мұрындық болуымен Мемлекеттік рәміздер күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылып, оған аудандық мекеме-ұйым қызметкерлері, елді мекен тұрғындары және мектеп оқушылары қатысты.
Өскелең ұрпақ арасында Отанға деген сүйіспеншілік, Мемлекеттік рәміздерге, Конституциямызға және Ата Заңымызға деген құрмет, ұлттық дәстүрге деген қамқорлықты қалыптастыруды мақсат қылған аталмыш шара аудандық орталық стадионда бастау алды. Қолдарына мемлекеттік туды ұстанған жұртшылық шеруі Жеңіс көшесі бойымен жүріп өткеннен кейін аудандық Мәдениет үйінің алдындағы орталық алаңға келіп ат басын тіреді. Бұл жерде халқымыздың еркіндік жолында ерлікпен күресіп, тәуелсіздігін сақтап қалғаны, халқының дархандығы, татулық пен достықты ұран еткен Әнұран орындалғаннан соң сөз алған аудан әкімінің міндетін атқарушысы З.Ж.Молдағанапов жиналған жұртшылықты сүйікті мейраммен құттықтады.
— Мемлекеттік рәміздер – елдігіміздің белгісі. Сондықтан әрбір қазақстандықтың жүрегінен әрдайым елге, жерге деген ыстық сезім лебі есіп тұруы қажет. Бұл айтулы мерекені лайықты деңгейде атап өту мақсатында ауданымызда көптеген жұмыстар атқарылды. Бұл іс-шараның да ең басты мақсаты дәл бүгінгідей салтанатты жиын арқасында аудан жастарын мемлекеттік нышандарды құрметтеуге үйрету болып табылады. – деді Зиядден Жанмолдаұлы.
Еркін елдің басты белгілері Мемлкеттік Ту, Әнұран және Елтаңба халқымыздың өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман-аңсарын паш етеді. Мерекелік шарада қалыптасқан дәстүр бойынша өткен жылы жарияланған «Жыл патриоты» байқауының жеңімпаздары анықталып, үздіктер дипломдармен марапатталды. Атап айтқанда «Үздік жанұя» номинациясы бойынша Мадихаж Каһарманның отбасы, «Үздік спортшы» номинациясы бойынша А.Ахметов, «Патриоттық әндердің үздік орындаушысы» номинациясы бойынша К.К.Әмрин және «Жастарды патриоттыққа тәрбиелеу ісінің үздігі» номинациясы бойынша А.М.Көкеев жеңімпаз деп танылды.
Сондай-ақ аудан жетістіктерін насихаттауға қосқан қомақты үлесі үшін Н.Н.Степура «Үздік фотосуретші» атағын иеленді (суретте). Барлық жеңімпаздардың жеткен жетістіктері мен қуаныштарына ортақтасқан көрермен қауым марапат иелеріне ду қол шапалақтап, қошемет көрсетіп отырды.
Мейрамға арналған іс-шараның ресми бөлімі аяқталғаннан соң аудан өнерпаздары жиналған ел тұрғындарына әннен шашу шашып, шараға ерекше шырай берді. Атап айтқанда Тұңғышхан Бекенай «Сағыныш сазы» әнін, Сәкен Закарин мен Көкен Ержан «Туған елім» әнін шырқаса, ал «Арнау» тобы мың бұрала би билеп көрермендердің қызу қолдауына ие болды. Халайықтың көңілін серпіп, қайталанбас әсер қалдырған мерекелік шара Самат Қожағұлов пен Жадыра Сарматованың орындауындағы «Қазақ елі» әнімен өз мәресіне жетіп, осылайша, отансүйгіштік үлгісін көрсетіп, орта буынды, өскелең ұрпақты мемлекет нышандарын құрметтеуге баулуымыз қажет деген ойды санаға қондырған жамағат бір-бірін жарқын мейраммен құттықтап, жақсы көңіл-күймен үйлеріне тарасты.
01.06.2011 ж. 1 маусым – балалардың мейрам шуағына шомылған күн болды
Маусымның 1 күні аудандық Мәдениет үйінде барлық селолық округ бүлдіршіндерінің басын қосқан «Тәуелсіздік таңы» атты балалар шығармашылығының фестивалі өткізілді.
Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі ұйымдастырған іс-шараның салтанатты ашылу рәсімінде сөз сөйлеген аудан әкімінің міндетін атқарушы З.Ж.Молдағанапов шараға жиналған ұл-қыздарды, сондай-ақ олардың ата-аналарын халықаралық балалар құқығын қорғау күнімен құттықтап, шара көлемінде өткізгелі тұрған сайыстарға қатысуға ниет білдіре келген командаларға сәттілік тіледі.
«Балалар - өмірдің гүлі» деп айтқандай бұл күні Мәдениет үйінің көрермендер залында жиналған жамағаттың көп болып, ине шаншар жер болмады. Фестиваль бағдарламасы бойынша аудандық балалар кітапханасының «Сказка» клубының тәрбиеленушілері барша балалардың сүйікті ертегісі «Колобокты» сахналаса, кішкентай әншілер арасында «Жас жұлдыздар 2011» атты аудандық эстрада әндерінің сайысы мен «Beauty» би жарысы өткізілді. Сондай-ақ БЖСМ спорт залында балалар үстел теннисі, веложарыс, арқан тартудан бақтарын сынады.
Мерекелік шараның соңында «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының орынбасары Б.Қ.Калиев, «Жастар үні» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.Ғаббасов және Мәдениет үйінің маманы Ә.Танашпаева жеңімпаздарды құттықтап, мадақтама қағаздар мен шара ұйымдастырушыларының балаларға арналған сыйлықтарын табыс етті.
31.05.2011 ж. Қуғын –сүргін құрбандарының рухына тағзым етілді
Отызыншы жылдары белсенділердің жаласынан, жазылған домалақ қағаздардың арқасында халқына шын берілген адал азамат болған, ел қамы үшін күрескен абыройлы қандастарымыз негізсіз «Халық жауы» атанып, елінен, жұртынан алшақтатылды, лагерлерге жіберіліп, абақтыға қамалды. Ақыры атылып тынды. Уақыт өткенменен ақиқат орнап арыстан жүректі азаматтарымыз ақталып, бүгінде жер-жерде оларға ізет құрмет көрсетілуде.
Мамырдың 31 күні сол бір зобалаң жылдарында мезгілсіз өмірден өткен белгілі қоғам және мемлекет қайраткері Смағұл Сәдуақасұлының есімін ұлықтау мақсатында аудан орталығының тұрғындары атақты жерлесіміздің ескерткіші алдында жиналып, тағзым етті.
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын бір сәт үнсіздікпен еске алғаннан кейін аудан әкімінің міндетін атқарушы З.Ж.Молдағанапов саяси қуғын-сүргін жылдары қазақ қоғамының
алдыңғы қатарлы азаматтары Сталиннің қанды құрығына ілінгендігін тілге тиек етті. Содан соң сөз алған атақты жерлесіміздің ұрпағы К.Р.Жусанов ақсақал сол жылдары көптеген ақын, жазушылар, қоғам қайраткерлері Кеңес үкіметіне қарсы үгіт насихат жүргізді деген жаламен «ұлтшыл» деген айыпты арқалағандарына тоқталды.
25.05.2011 ж. Мектептерде соңғы қоңырау сыңғырлады
25 мамыр күні ауданның барлық мектептерінде түлектер үшін соңғы қоңырау соғылды. Соңғы қоңырау мерекесі өз сән-салтанатымен Талшық орта мектебінде де өтіп, балғындар мен ата – аналар, ұстаздар қауымы мерекесіне ұласты. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығында мектеп бітіргелі отырған түлектердің бұл мерекесіне мектеп директоры Ғ.А.Ашенов, мектеп мұғалімдері, аудан әкімінің орынбасары З.Ж.Молдағанапов қатысып, бүлдіршіндерге ақ жол тілеп, үлкен өмір жолында өз бағыттарын табуларына тілектестігін білдірді.
21. 05.2011 ж. Олимпиадалық жүгіріске қатысушылар көп болды
Мамыр айының 21 күні Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдғына орай аудан орталығы Талшық ауылында «Олимпияда күні» атты жеңіл атлетикалық жүіріс өтіп, оған саламатты өмір салтын насихаттап, денсаулығына ерекше көңіл бөлген аудан тұрғындары қатысты.
Аудан тұрғындарының салауатты өмір салтын насихаттап, спортқа деген қызығушылықты оятуға қомақты үлесін қосқан шараға оқушылар, мектеп ұжымдары, сондай-ақ мекеме – ұйым қызметкерлері ат салысып қатысты.
15.05.2011 ж. Аудан әкімі жас мамандармен кездесу өткізді
Мамыр айының 15 күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі А.А.Тастеміров еліміздің жоғарғы оқу орындарында, колледждерінде қазіргі заманға сай білім алып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауданымызға қызметке келген бір топ жас мамандармен жүздесті. Кездесу барысында жастардың әлеуметтік – экономикалық жағдайы, тұрғын үй мәселесін шешу бойынша елімізде ауқымды шаралар атқарылып жатқандығын тілге тиек еткен аудан әкімі жас мамандарға жағдай жасап, қолдау көрсету мемлекеттің маңызды бағыт-бағдарларының бірі екендігіне тоқталды.
13.05.2011 ж. Кенащылықтар аудан басшысының сый-сипатына ие болды
Ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын лайықты қарсы алу мақсатында облыс әкімі Серік Біләловтың бастамасымен қолға алынған «20 игі іс» акциясының аясында аудан әкімі А.А.Тастеміровтың жуырда Кеңащы селолық округінің Байтөс және Кеңащы ауылдарын аралады. Ең алдымен Байтөс елді мекеніне ат басын тіреген аудан әкімі ауыл мектебіне спорт құралдарын, сондай-ақ 100 метр ағаш шарбақ сыйға тартқаннан кейін білім ордасы орын тепкен көшенің ой-шұңқырларын бітеуге тасқұмын төкті. Сондай-ақ аз қамтылған отбасы Г.Калиеваның үйінде болып, жанұяның тыныс тіршілігімен танысқан Ағзам Ахметжанұлы үй иесіне телефон аппаратын сыйлады.
9.05.2011 ж. Жеңіс жауынгерлерінің ерлігі ұрпаққа үлгі өнеге
Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығына адамзат тарихындағы ең қанқұйлы соғыс болып табылатын Ұлы Отан соғысының аяқталғанына биыл 66 жыл толып отыр. Биылғы жылы Жеңіс күні жылдағыдан ерекше аталып өтті десек артық емес. Бұл күні аудан өнерпаздарының көмегімен соғыс жане еңбек ардагерлерінің құрметіне Жеңіс саябағында мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Таңертеңгі сағат тоғыздан аудан әкімдігінің алдында жиналған жұртшылық мектеп оқушылары құрған «Тірі дәліз» арқылы Жеңіс саябағындағы «Белгісіз солдат» ескерткіші тұрған «Даңқ тақтасының» алдына келіп, Ұлы Отан соғысы жылдары қаза тапқан майдангерлердің рухына тағзым етуден бастады. «Мәңгілік алау» мемориялдық кешенінің алдында майданнан оралмағандардың құрметіне аза гүлдер мен гүл шоқтары қойылып, тәуелсіз еліміздің Әнұраны орындалғаннан кейін аудан әкімі А.А.Тастеміров құттықтау сөз сөйлеп, жұртшылықты мейраммен құттықтады.
7.05.2011 ж. Отан қорғаушылар күні атап өтілді
Мамырдың 7-сі күні аудан орталығының стадионында Отан қорғаушылар күніне 19 жыл толуына және Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтантты митинг өтіп, оған аудан әкімі А.А.Тастеміров, сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагерлері, еңбек ұжымдарының өкілдері, жастар ұйымдарының мүшелері және аудан тұрғындары қатысты. Салтанат мемлекеттік әнұранының әуелеуімен басталды. Содан кейін аудан әкімі Ағзам Ахметжанұлы барша жамағатты мейраммен құттықтап, елімізге бейбітшілік тіледі.
1.05. 2011 ж. Бірлік мейрамын белсенділікпен атап өтті!
Мамырдың 1 күні аудан орталығында достықты, ұлтаралық келісімді, мәдениетті, тілді, ұлттық салт-дәстүрді сақтауға, нығайтуға бағытталған Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі биыл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай ерекше белсеңділікпен тойланып, оған аудан орталығының тұрғындары жаппай қатысты. Жиналған жұртшылық ауылдың басты көшесінін аса ынтызарлықпен тамашалап, осының бәрі мейрамға ерекше жан бітірді. Тұрғындарды құттықтау сөзімен аудан әкімі А.А.Тастеміров бой көрсетті.
Бұдан соң аудан басшысы салтанатты жағдайда бірқатар көпбалалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» табыстап, кезектен тыс өткен президенттік сайлауда белсендіболған бір топ аудан тұрғындарына Елбасының Құрмет грамоталарын тапсырды.
21.04.2011 ж. Акжарлықтар зардап шеккен отандастарға көмек көрсетті
Бүгінгі күнде батыс өңіріміздің 4 ауданның 21 елді мекенін, 21 орта мектеп, 10 балабақша, 8 мәдениет ошағын су басқан батыс қазақстандықтардың халы өте мүшкіл. Онда жол көлік қатынастары тоқтап, электр желісі істен шыққан.
Осыған орай біздің ауданда бейсенбі, 21 сәуір күні «НұрОтан» ХДП аудандық филиалының алдында қайырымдылық акциясы өтті. Осындай су апатынан зардап шегін отырған Орал қаласының тұрғындарына сәуірдің 20 күні облыс бойынша гуманитарлық көмек көрсету туралы бастама көтеріліп, оған біздің аудан тұрғындары да үн қосып, 1 млн 291 мың теңге қаржы жинады. Азық-түлік, киім-кешек және дәрі-дәрмек екі «Газель» көлігіне тиеліп, одан әрі Батыс Қазақстан облысына аттанатын автокеруен сапына қосылу үшін облыс орталығына жол тартты.
16.04.2011 ж. Қайырымдылық сенбілігі ұйымшылдықпен өтті
Өткен сенбі күні облысымыздың әрбір елді мекендерінде өңір басшысы С.Біләловтің бастамасымен қайырымдылық сенбілігі өткізілетін болады. Бұл іс-шараның көздеген мақсаты сұрапыл соғыстың өрті өшкенімен, 1941-1945 жылдары тағдырын шүберекке түйіп, әр шабуыл сайын үміттің соңғы шырығын жағып шығып жүрген ардагерлерге қамқорлық таныту.
Бұл игі бастама біздің ауданда да жалғасын тауып, аталмыш іс-шараға аудандық мекеме-ұйым қызметкерлері, жеке кәсіпкерлер, мұғалімдер ұжымы, оқушылар қауымы, сондай-ақ аудан тұрғындары жұмылдырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып қызу жұмысқа кірісті. Кезекті сенбілікте әрбір мекемелер аулаларын ретке келтіріп, қоршаған ортаны тазалап, жөнге келтірді. Сонымен бірге арнайы тізім бойынша Талшық ауылының көшелері мекеме-ұйымдарға, кәсіпкерлерге бекітілуінің арқасында саябақ және ауыл тұрғындары үйлерінің маңайы ғана емес, сондай-ақ ауыл көшелеріне де тазарту жұмыстары жүргізілді.
11.04.2011 ж. Жастар марафон-эстафетасы біздің ауданда да жалғасын тапты
18 наурызда Елбасы Нұрсұслтан Ә.Н. Ақтөбеге барған сапарында «Ауылдың гүлденуі – Қазақстанның гүлденуі» атты екінші республикалық жастар марафон-эстафетасын салтанатты түрде ашқан болатын. Енді міне біздің ауданда жалғасын тауып отырған игі шараның көздеген мақсаты – ауыл, елді мекен аумақтарын аббатандыру, көріктендіру жұмыстарымен айналысу, жастарды азаматтық, патриоттық тәрбиенің белсеңді түрлерімен қамти отырып тәрбиелеу.
Марафон эстафетаға аудан әкімі А.А.Тастеміров, селолық округтерінің әкімдері, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме-ұйым басшылары, жастар ұйымдарының белсееділері, білім ордаларының директорлары мен мектеп оқушылары қатысты.
Осы күні аудан бойынша көшеттер отырғызу және көгалдандыру жұмыстары өз бастауын алды. Аудан жастары және мекеме-ұйым қызметкерлері Талшық ауылының Вокзал көшесінің боыйна 150 жас көшеттер отырғызды. Айшықты іс-шарада алғашқы көшетті отырғызған аудан әкімі А.А.Тастеміров атам қазақ «Бір тал кессең, он тал ек» дегендей ен далада орын тепкен біздің ауданымызды жасыл желекке бөлеу игі бастама екендігіне тоқталып баршаны аталмыш шараға бір адамдай ат салысуға шақырды.
4.04.2011 ж. Ортақ мақтаныш және қуаныш күні!
3 сәуірде өткен ҚР Президентінің кезетен тыс сайлауындағы қазіргі ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жеңісіне орай, Мәдениет үйінде жеңімпаз Форумы өтті, мұнда аудан жастары, ауылдық және селолық округтерінің әкімдері, аудандық мекемелер мен ұйымдарының басшылары, мемлекеттік қызметшілер және мамандар, өнер зиялыларының өкілдері, медицина саласындағы жұмысшылар, жеке кәсіпкерлер, ауыл шаруашылығы құрылымдарының басшылары, жергілікті мектептердің оқушылары қатысты. Қуанышты іс-шараны аудан әкімі А.А.Тастеміров ашты, ол залда барлық отырғандарды Н.Ә.Назарбаевтың жеңісімен құттықтады және де Орталық сайлау хабарламасына сүйеніп аудан мен республика бойынша сайлаудын қысқаша қорытындысымен таныстырды.
03.04.2011 ж. Аудан әкімі сайлауда дауыс берді
Қазақстан Республикасының кезектен тыс президенттік сайлауы бугін аудан орталығындағы Мәдениет үйінде орналасқан № 111 сайлау учаскесінде таңғы сағат 7 –ден бастады. Мұнда ертемен келушілер саны өте көп болды, олардың арасында аудан әкімі Ағзам Ахметжанұлы Тастеміров жанұясымен, әкімдік пен мәслихаттың қызметкерлері, 90-нан асқан қадірменді қария, соғыс және еңбек ардагері Хәкім Ахметов, зейнеткерлер Зекен Қажымұратов пен Кенесары Шаймерденов жас ұрпақ өкілдерімен бірге алғашқылардың қатарында дауыс берді.
26.03.2011 ж. «Наурыз Мейрамы» көктемгі мереке
Көктемнің ең басты оқиғасының бірі – «Наурыз Мейрамы» мәдени бағдарламамен мазмұнды тойлау – 21 наурызда Мәдениет үйі алаңында болды, мұнда аудан орталығының тұрғындары мен қонақтар белсенді қатысты.
Мерекелік көріністің қорытынды аккордтарының бірі болып алдағы сайлауға қатысты концерт болды. Ал ол 25 наурызда болды, мұнда «Әлқисса» фольклорлық ансамбілінің облыстық филормониясының әртістері АМҮ сахнасынан көрермендермен сыр айтысуды өткізді.
19.03.2011 ж. Ауыл тұрғындарына - басымдық медициналық қызмет көрсету
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» - атты халыққа Жолдауын түсіндіру және насихаттау бойынша кестесіне сәйкес, біздің ауданға СҚО денсаулық сақтау басқармасының бастығы А.Я.Ко келді.
Аудн әкімі А.А.Тастеміров жүргізген кездесуге аудандық маәсліхат депутаттары, жергілікті және территориялдық органдар басшылары, Талшық а. тұрғындары шақырылды.
11.03.2011 ж. Жамағат мәуліт мерекесін атап өтті
Ақжар ауданында жыл сайын әр елді мекенде Пайғамбарымыз Мұхамед с.ғ.у. туылған күнін қасиетті мереке ретінде атап өту үрдісі дәстүрге айналған. Наурыздың 11 жұлдызы жұма күні Талшық және Ленинрад селоларында осы мереке кеңінен атап өтілді. Талшық селосында өткен мәуліт мерекесіне аудан әкімі А.А.Тастеміров қатысып, жиналған қауымды осы қасиетті мерекемен құттықтады. Осы екі селода өткен Мәуліт мерекесіне 200-ден астам жергілікті тұрғындар қатысып, жақсы лебіздер мен ислам діні туралы уағыздар тындады.
Биылғы аудандық Мәуліт мерекесін өткізу кезегі Горький селосына тиген еді. 15 наурыз күні өткізілген осы шараға ауа райының қолайсыздығына қарамастан ҚМДБ СҚО бойынша өкіл имамының бірінші орынбасары, найб имам Мұрат Нәбиұлы, Ресей Федерациясы Сібір аймақтық муфтиі Бота қажы Зейнелқабиденұлы, Аққайын және Жамбыл аудандарының имамдары, көрші Уалихан ауданының бір топ өкілдері, барлық ауылдық молдалары және жергілікті мұсылман жұршылығы белсеңді қатысты.
5.03.2011 ж. 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні шаттық сыйлаған мереке болды
Аудан орталығының тұрғындары 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі күнін биыл 5 наурызда әдеттегідей барша сән-салтанатымен аудандық Мәдениет үйінде атап өтті. Ақ жаулықты аналар мен аяулы ару қыз-келіншектердің көңілін шаттыққа толтырып, жүздеріне күлкі үйірген мерекелік жиында аудан әкімінің бірінші орынбасары З.Ж.Молдағанапов баяндама жасап, салтанатқа жиналған барша әйелдер қауымын көктемнің шуақты мерекесімен қызу құттықтап, ізгі тілектер білдірді. Сондай-ақ ауданның экономикалық-саяси өміріне белсене араласып, ошақ басына ұйытқы болумен қатар өздері еңбек ететін мекеме-ұйымдарда жемісті жұмыс жасап келе жатқан бір топ нәзік жандардың есімдері құрметтпен аталып, олардың бәрі арнайы сыйлықтармен және облыс, аудан әкімінің мақтау қағаздарымен марапатталды.
04.03.2011 ж. Кәсіпкерлік кең өріс алуға тиісті
4-i ақпан күні аудан әкімдігінде аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалық етуімен аудан көлеміндегі бизнес және кәсіпкерлік ортаның өкілдерімен мәжіліс өткізіліп, онда Елбасының биылғы жылы халыққа жолдаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауына сәйкес ауданда кәсіпкерлікті дамытудың қазіргі жағдайы мен келелі міндеттері туралы сөз болды.
01.03.2011 ж. Әр салада еңбек етіп жүргне отансүйгіш жастар ой - пікір алмасты
Наурыздың 1 күні аудандық әкімшілктің үлкен мәжіліс залында аудан жастарының форумы өтті. Форум жұмысына аудан әкімі А.А.Тастеміров, сондай-ақ оның орынбасары Ғ.Қ. Айтмұхаметов, аудандық мәслихат хатшысы М.С.Жұмабаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы А.Хоршат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басштығы М.Р.Жүсіпбеков, «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Қ. Қалиев, аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары М.Т.Үсенова, ұйым-мекемелер, ауылдық және селолық округ жастарының белсенділері және аудан мектпетерінің оқушылары қатысты.
Іс – шара «Жастар үні» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ә.А.Ғаббасов төрағалығымен өтіп, ол биыл Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы екендігін, осы аз кезең ішінде Қазақстан жастарына мемлекет тарапынан жан-жақты көмек көрсетіліп келгеніне тоқталды.
27.02.2011 ж. Қысты қимай шығарып салды
Ақпанның 27-сі күні аудан орталығындағы Мәдениет үйінің алдында таңертеннен музыка ойнап , оның үні жұртшылықты қысты шығарып салу мерекесіне шақырды. Күн әлі салқын болса да суыққа қарап жатқан ешкім жоқ, мереке деп жар салған музыка үніне еліге Мәдениет үйіне қарай ағылды. Мерекені ұйымдастырушылардың алдын ала жасаған бағдарламасы бойынша бұл шара кезінде орыс халқының күлдіргі честушкалары, үш ат жегілген (тройка) шанамен қыдыру, баған басындағы сыйлықты алу, арқан тарту, орыс халқының тағам түрлерін көрсету сияқты қызықты сайыстар өтті.
23.02.2011 ж. Мал шаруашылығын дамытуға – ерекше назар
23-і ақпан күні аудан әкімдігінде аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалық етуімен құзырлы мекеме-ұйым басшыларының қатысуымен «Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың нәтижелері және 2011 жылдың келелі міндеттері» атты семинар-кеңес өткізілді. Талқыланған маңызды мәселеге орай осы мәжіліске облыс орталығынан арнайы келіп қатысқан «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалы директорлары М.М.Умаров пен З.Т.Рахымбекова және «Казагрофинанс» АҚ филиалының директорының орынбасары В.М.Фроловтар жиналғандар алдында сөз сөйлеп, өз ой-пікірлері мен ұсыныстарын айтты.
22.02.2011 ж. Өткен жылдың қорытындылары шығарылып, перспективалық міндеттер талқыланды
Аудан әкімі А.А. Тастеміров 22 ақпан күні аудандағы ең ірі әлеуметтік салалар – аудандық білім бөлімі және денсаулық сақтау мекемелерінің қызметкерлерімен кездесулер өткізді. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында өткен алғашқы ұстаздармен кездесуде аудандық білім, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы С.К.Жақыпов «2009 – 2010 оқу жылдарының қорытындылары» бойынша сүбелі баяндама жасап, үстіміздегі жылы білім саласы қызметкерлері алдында тұрған міндеттерге тоқталды. Ал аудандық орталық аурухананың конференц залында өткен денсаулық сақшыларымен кездесуде аудан басшысы мен жиналғандарға аудандағы денсаулық сақтау мекемелерінің бүгінгі тыныс тіршілігі жайлы аудандық аурухананың бас дәрігері Ш.Қ.Сәбитова баяндап берді.
15.02.2011 ж. Ауған соғысының ардагерлеріне құрмет көрсетілді
Биыл бұл күнде айдай әлемге бұрыңғы Кеңестер Одағы бастамашы болған «мән - мағынасыз» соғыс» деген атпен әйгілі болған Ауған соғысының аяқталғанына да міне, 15 ақпанда 22 жыл толыпты. Сол себепті де осы аптада аудан орталығында осы айтулы күнді атап өтуге бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылып, соның барысында аудан орталығының көптеген тұрғындары аудандық орталық саябақта Ауған соғысында қаза болған жауынгерелерді еске алуға арнап орнатылғанБұл күнде аудан көлемінде тұрып, әр салада табысты еңбек етіп жүрген кешегі ауған соғысының жас сарбаздары, бүгінде қырықтың қырқасынан асқан жігіт ағалары болған ауғандық соғыс ардагерлері түгелге жуық қатысқан салтанатты шараны аудан әкімі А.А.Тастеміров құттықтау сөзбен ашты.
14.02.2011 ж. Сенаторлармен кездесу болды
Дүйсенбі 14 – ші ақпан күні біздің ауданымызға жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенат депутаттары Башмаков Анатолий Афанасьевич және Симамбаев Тасбай Қабашұлы ат басын тіреп, аудан әкімдігіне бір топ ақжарлық өз сайлаушыларымен кездесу өткізді. Аудандық және облыстық мәслихат депутаттары мен ауыл әкімдері және аудандық мекеме-ұйым басшылары мен қоғамдық ұйым өкілдері түгелдей қатысқан бұл басқосуда әңгіме күн тәртібінде белгіленгендей Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылдың 28 қаңтарында халыққа жолдаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауынан туындайтын міндеттер төңірегінде өрбіді.
08.02.2011 ж. Аудандық активке қатысушылар Елбасы Жолдауын талқылады
Ақпанның 8-і күні аудан әкімшілігінің мәжіліс залында аудан активі 2011 жылдың 28 қаңтарында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» - атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылады. Аталмыш жиналысқа аудан әкімінің орныбасарлары, аудандық мәслихатының хатшысы мен аудандық депутаттары, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық және аймақтық атқару органдарының басшылары мен мамандары, селолық округтердің әкімдері, мектеп директорлары, сондай-ақ аудандық мекеме – ұйым басшылары қатысты. Жиында бірінші боп сөз алып баяндама жасаған аудан әкімі А.А. Тастеміров еліміздің басты құжатында көтерілген мәселелерге тоқтала келіп, жалпы қазақстандықтар үшін биылғы Жолдаудың маңызы мен мәні зор екендігін тілге тиек етті.
08 - 09.02.2011 ж. Дәстүрлі қысқы спартакиада аудан мықтыларын анықтады
Азиаданың құрметіне Талшық ауылдық округінің Үлгілі селосында аудандық «Ақшақар - 2011» қысқы спорттық ойындары өтті.
Аудан спортшыларының басын қосқан жарыс биыл 11- ші рет ұйымдастырылып отыр. Спартакиаданың салтанатты ашылу рәсіміне қатысқан аудан әкімі А.А.Тастеміров спартакиадаға 12 ауылдық округтен 200-ден астам спортшы қатысып отырғандығына ризашылығын білдіріп оларға тартыста сәттілік тіледі.
04.02.2011 ж. Аудан әкімінің тұрғындармен қорытынды есептік кездесуі
Қаңтардың 4-і күні аудан әкімі А.А.Тастеміровтың аудан орталылығындағы Мәдениет үйінде аудан тұрғындары алдында қорытынды есептік кездесуі өткізіліп, оған қызмет сапарымен ауданымызға ат басын тіреген облыс әкімі Серік Біләлов Қатысты. Есептік кездесу басталмас бұрын өңір басшысы ауданымыздың бірнеше әлеуметтік нысандарын аралап шықты. Алдымен тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы мен Смағұл Сәдуақасұлының 110 жылдығына орай Талшық селосында атақты жерлесіміздің құрметіне салынған тарихи-өлкетану мұражайының салтанатты ашылуы рәсіміне, вокзальная көшесінде орын тепкен жаңа сапаржайдың тұсаукесеріне қатысқан өңір басшысы тұрғындарды айтулы қуанышты шарамен көпшілікті құтттықтады. Бұдаң соң облыс әкімі аудандық Мәдениет үйінің алдында Бестерек пен Талшық орта мектептерінің директорларына 25 жұп шаңғы, ал аудандық БЖСМ ұжымына спорт құралдарын сатып алуға арнайы сертификат табыстап, ал Айсары, Май, Қулыкөл және Ұялы селолық окрутерінің әкімдеріне жаңа қызметтік автокөліктердің кілттерін тапсырды.
01.02.2011 ж. Аудан әкімінің есептік кездесулері
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Айсары селолық округінің тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.
31.01.2011 ж. Аудан әкімінің есептік кездесулері
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Кеңашы селолық округінің тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.
28.01.2011 ж. Аудан әкімінің есептік кездесулері
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Ленинград ауылдық округінің тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.
26.01.2011 ж. Аудан әкімінің есептік кездесулері
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Ақжарқын және Кіші-Қарой ауылдық, селолық округтерінде тұрғындармен есептік кездесулері өтті.
26.01.2011 ж. Аудан әкімінің есептік кездесулері
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Восход және Новосел ауылдық, селолық округтерінде тұрғындармен есептік кездесулері өтті.
25.01.2011 ж. Аудан әкімінің есептік кездесулері
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Талшық ауылдық округінің тұрғындарыменесептік кездесуі өтті.
24.01.2011 ж. Аудан әкімінің есептік кездесулері
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Қулыкөл селолық округінің тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.
22.01.2011 ж. Аудан әкімінің есептік кездесулері
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Алқатерек селолық округінің тұрғындарымен есептік кездесуі өтті.
21.01.2011 ж. Аудан әкімінің есептік кездесулері
Бүгін аудан әкімі А.А.Тастеміровтың Май және Ұялы селолық округтерінде тұрғындармен есептік кездесулері өтті.
14.01.2011 ж. Ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулері
Бүгін Ленинград, Новосел және Кеңашы ауылдық жене селолық округтерінде тұрғындармен ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулері өтті.
13.01.2011 ж. Атақты Смағұл атамыздың есімі ел көкейінде
2011 жылы 13 қаңтарда Елордамыз Астанадағы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университетінде «Қайраткер Смағұл Садуақасұлы және Қазақстан отаншылдығы: елдік мұрат пен жауапкершілік» атты республикалық ғылыми-практикалық конференция өткізіліп, оған ғалымдар, мемлекет және мәдениет қызметкерлері, қаламгерлер мен жастар қатысып, олардың қатарында біздің ауданнан әкім А.А.Тастеміров бастаған делегация мүшелері де болды. Осы оқиғаға орай бейсенбіде біртуар ұлы жерлесіміздің есімін ұлықтау мақсатында аудан орталығының тұрғындары есімі елге танымал мемлекет қайраткерінің ескеркіші алдында жиналып, «елім, жерім» деп кеткен атамыздың көзі тірісінде атқарған істері мен еліне деген құрметін жастарға үлгі етті.
13.01.2011 ж. Ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулері
Бүгін Ленинград, Талшық және Кіші-Қарой ауылдық жене селолық округтерінде тұрғындармен ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулеріөтті.
12.01.2011 ж. Ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулері
Бүгін Восход, Талшық және Кіші-Қарой ауылдық жене селолық округтерінде тұрғындармен ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулері өтті.
11.01.2011 ж. Ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулері
Бүгін Қулыкөл, Талшық және Ақжарқын ауылдық жене селолық округтерінде тұрғындармен ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулері өтті.
10.01.2011 ж. Ауылдық және селолық әкімдерінің есептік кездесулері
Бүгін Ленинград, Талшық, Ақжарқын, Восход, Май, Ұялы, Новосел және Кіші-Қарой ауылдық жене селолық округтерінде тұрғындармен ауылдық және селолықәкімдерінің есептік кездесулері өтті.
06.01.2011 ж. Әкімдік мәжілісінде күн тәртібіндегі өзекті мәселелер талқыланды
Босағаға аттаған жылы алғаш рет аудан әкімдігінде мерекелі аптаның бейсенбісінде, қаңтардың 6-сы күні аудан әкімінің міндетін атқарушы З.Ж.Молдағанаповтың төрағалық етуімен өткізілген жергілікті билік өкілдері мен ауыл әкімдері және барша аудандық мекеме-ұйымдардың басшылары қатысқан мәжілісте алдымен аудан әкімі Қ.А.Хасеновтың аудан әкімінің және селолық округ әкімдерінің алда тұрған тұрғындармен есепті кездесулеріне дайындалу мен оны өз дәрежесінде өткізу туралы хабарламасы тыңдалды.
22.12.10 ж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Комиссиясының отырысы
Аудандық әкімдіктің кіші отырыс залында аудан әкімі А.А.Тастеміровтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Комиссияның отырысы болып өтті. Онда комиссия мүшелері, жергілікті атқарушы, аумақтық және құқыққорғаушы органдар басшылары, БАҚ және қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысты
20.12.10 ж. Сессия
Аудандық әкімдігінің мәжіліс залында Ақжар аудандық мәслихатының 4 шақырылымының кезекті 27 сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы Е.Қ.Жақыпов жүргізіп отырды.
5.12.10 ж. Елдің мерейін тасытқан іс-шаралар
Аудан әкімінің өкімімен қызмет орнына жаңадан тағайындалған Алқатерек және Восход ауылдық округінің әкімдері және ішкі саясат бөлімінің жетекші маманы салтанатты турде ант берді. Сонымен қатар ауданымыздың орталық ауруханасының жас мамандарына аудан әкімі оларға бөлінген пәтерлердің кілтін табыстады. Содан кейін аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында аудан әкімі А.А.Тастеміров алты және одан да көп бала туып өсірген көпбалалы аналарған «Алтын алқа» және «Күміс алқаны» салтанатты түрде табыс етті.
10.12.10 ж. Мәдени өмір тынысы
Аудандық Мәдениет үйінде көрермендер залында көңілділер мен тапқырлар командалары арасында жарыс өтті. «Біз – салауатты өмір салты таңдаймыз» атты әзіл-қалжыңға толы кешке ауданымыздың мекеме ұйымдарының жас қалжыңқойлары қатысып, орталық аурухананың «Морг» командасы, аудандық әкімшіліктін «Ақжар.kz» және аудандық БЖСМ-нің ұжымынан құралған «БЭМС-ымен» күш сынасты.
05.12.10 ж. Спорт
Петропавл қаласында еркін күрес бойынша Мұсалимова.М еске алуына байланысты III халықаралық турнир өтті, мұнда А.Е.Садықова тәрбиелеген Сымбат Көпжасарова 38 кг дейін салмақтык категорияда күміс медаль иеленді.
04.12.10 ж. Мәдени өмір тынысы
Аудандық Мәдениет үйінде «Играй, гармонь» атты славян мәдениеті мен орыс халқының ұлттық әндерінің аудандық сайысы өткізіліп, оған ауылдық мектептер мен мәдениет үйлерінің қызметкерлері, шығармашылық ұжымдар және ән өнеріне жан – тәнімен берілген аудан тұрғындары қатысты.
03.12.10 ж. Семинар-кеңес
Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ауданымыздағы мал шаруашылығы саласын дамытудағы шешілмеген мәселелерді талқылауға арналған семинар-кеңес өткізіліп, оған аудан әкімі А.А.Тастеміровпен бірге облыстық қаржыландыру мекемелерінің ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, ҚР АШМ аудандық аумақтық басқармасы, мекеме-ұйым басшылары, селолық округтердің ветеринарлық инспекторлары мен мал дәрігер мамандары қатысып отырды.
02.12.10 ж. Спорт
Аудандық білім және дене шынықтыру мен спорт бөлімімен Бестерек орта мектебінде 7 команда қатысқан ауылдык округтер арасында футзал бойынша аудандық жарыс өтті.
30.11.10 ж.
2010-2014ж ҚР индустриалды-инновациялық дамытуды барынша тездету бойынша Мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыру мәселесі бойынша Ленинградское селосында қабылдау өтті. Ақжар ауданы бойынша іске асырылудағы жоба – «Қиыршық тас өндеу бойынша зауыт». Қабылдауды кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы бастығының м.а. А.И.Иванищев, «Нұр Отан» ХДП Ақжар АФ төрағасының бірінші орынбасары Б.К.Калиев, «Нұр Отан» ХДП СҚОФ партиялық бақылау комиссиясының инспекторы М.Т.Жакенов және «Шунгит» ЖШС директоры С.И.Кривошейн жүргізді.
27.11.12 ж. Мәдени өмір тынысы
Ақжар ауданының Мәдениет үйінде жас ақындардың тағы бір дүбірлі додасы болып өтті. Қоғам және мемлекет қайраткері, ағартушы, жерлесіміз Смағұл Садуақасұлының 110 жылдығына арналған дүбірлі сайыс аудандық мәдениет үйі қызметкерлерінің мұрындық болуымен өткізіліп, оған бұрын сөз бәйгесінде біршама сыналып үлгерген Азамат Бейбітхан, Өнерхан Айткүл, Бекмұрат Бақытбек, Өнерхан Хабисалам сынды ақындармен қатар жаңадан талаптанып жүрген жас ақын қыз Қыстаубаева Жайнагүл де қатысты.
26.11.10 ж. Акция
Аудандық Мәдениет үйінде оқушылар арасында «Мен өмірді тандаймын» атты жыл сайын өткізілетін акция өтті.
25.11.10 ж. Ризашылық күні
Аудан әкімі А.А.Тастеміров мереке қарсаңында «Жасөспірімдер үйі» аудандық ММ тәрбиеленушілерімен кездесті және мереке иелеріне оқулықтар, үй өсімдіктерін, үстел ойындарын, торттар мен тәтілерді тарту етті.
19.11.12 ж. Кәсеби мереке
Аудандық Мәдениет үйінің көрермендер залында ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің кәсеби мерекесі күніне орайластырылған салтанатты жиналыс болып, оған аудан әкімі А.А.Тастеміров; облыстық маслихат депутаты, Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы М.С.Лұқбанов; «Богви» ЖШС-і директорының орынбасары М.Ж.Арынғазин, аудан әкімінің орынбасарлары, селолық округ әкімдері, ауылшаруашылық құрылымдары; шаруа қожалықтарының, аудандық мекеме-ұйымдарының басшылары; ауылшаруашылық еңбеккерлері-диқандар мен басқа да көптеген аудан тұрғындары қатысты.
18.11.10 ж. «Даму»
2010 жылдың 18-19 қарашасында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры АҚ мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясымен бірлесе отырып ұйымдастырған кәсіпкерлік негіздері бойынша оқыту экспресс-курс өткізілді.
12.11.10 ж. Мәдени өмір тынысы
Аудандық Мәдениет үйінде «Ең үздік махаббат әндер» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, ел назарына ұсынылған болатын. Ал киелі сахна төрінде С.Қожағұлов,А.Сағындықова,А.Құсайынова,Е.Құсайынов және таға басқа әншілер ән салды.
11.11.10 ж. ҚАЗТЕСТ – Мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтады
Талшық орта мектебінің мультимедиялық кабинетінде азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесі – ҚАЗТЕСТ бойынша әртүрлі сала қызметкерлері арасында тест түріндегі тапсырмалардың байқау сынақтары өткізілді. Қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалау жүйесіне арналған тест түріндегі тапсырмаларын байқаудан өткізу үшін мектеп қабырғасында мемлекеттік қызметшілер: аудан әкімі аппараты, жергілікті атқарушы органдары, денсаулық сақтау, халыққа қызмет көрсету саласының және «Күзет» мамандандырылған күзет қызметі басқармасы қызметкерлері қамтылып, байқау сынағына жалпы 60 адам қатысты.
10.11.10 ж. Мәдени өмір тынысы
Аудандық Мәдениет үйінде халықаралық темекіден бас тарту күніне орайластырып, аудандық би ұжымдарының қатысуымен «Жас шағында билей бер» атты спорттық би фестивалі өтті.
09.11.10 ж. Аудандық мәслихаттың сессиясы болып өтті
Аудандық әкімдігінің мәжіліс залында мәслихатының кезектен тыс төртінші шақырылымдағы XXVI сессиясы болып өтті. Сессияны аудандық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы Е.Қ.Жақыпов жүргізді.
07.11.10 ж. Спорт
5-7 қараша күндері облыс орталығы Петропавл қаласында мемлекеттік қызметкерлер арасында дәстүрлі түрде волейболдан облыс біріншілігі өткізілді. Үшінші жыл қатарынан өткізіліп отырған додалы жарысқа облыстық департаменттер, басқармалар және аудандардан келген мемлекеттік қызметкерлерден құрылған жалпы 22 құрама командалар қатысты.
06.11.10 ж. Спорт
Восход селосында ерлер арасында волейболдан турнир өтті. Оған Кіші-Қарой , Ленинград, Новосел селолық округтері және басқада командалар қатысты.
29.10.10 ж. «Күзгі бал»
Аудандық Мәдениет үйінде АМҮ-нің әдіскері мен ұйымдастырушылары мен «Күзгі бал»кешкі демалыс өткізілді.МұндаекікомандаТалшықортамектебіменЖасоспірімдерүйі қатысты
27.10.10 ж. Спорт
Қарашілік негізі мектебінде 1998-2000 жж. туған оқушылар арасында футболдан аудандық жарыс өткізілді. Оған Ащыкөл, Жаңаауыл, Бестерек, Қазан, Кеңащы, Киев, Горький, Май спортшылары қатысты.
10.11.10 ж. Мәдени өмір тынысы
Аудандық Мәдениет үйінде халықаралық темекіден бас тарту күніне орайластырып, аудандық би ұжымдарының қатысуымен «Жас шағында билей бер» атты спорттық би фестивалі өтті.
21.08.2010 ж. Аудан әкімінің аппаратында маңызды мәселелер талқыланды
Осы аптаның басында облыс әкімі С.С.Біләлов барша аудан басшыларымен өткізген селекторлық кеңес өткізді. Кейін аудан әкімі А.А. Тастеміров осы кеңеске қатысқан ауыл әкімдерімен және аудандық мекеме-ұйым жетекшілерімен мәжіліс өткізіп, ауданда егін орағының басталуында байланысты күн тәртібіне қойылып отырған ең маңызды мәселелерге тоқталды.
24.082010 ж. Біздің Фархат марафонда бірінші болды
Омбы қаласында Сібірлік халықаралық марафон өткізілді, мұнда біздің облысымыздың құрамында 20 адамы бар командасы қатысты.Осы жарыста қатысқан біздің жерлесіміз,Ленинград ауылдық округінің тұрғыны Абдрахманов Фархат 1 орынды иеленгіне үлкен жарыстың қуанышты қорытындысы болды.
28.08.2010 ж. Аудан әкімдігінің кезекті отырысы өтті
Тамыз айының 25 күні аудан әкімдігінің кезекті отырысы өтті сол отырысына аудандық мәслихат хаьшысы,құқық қорғау органдарының басшылары, селолық округтердің әкімдері мен ауылдық мекемелер басшылары қатысты.
29.08.2010 ж. Ауылды дамыту- абыройлы міндет « Жол картасы » аясында Мәдениет үй»не жан бітті
Тамыздың 29 күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 15 жылдығына орай Ақжар ауданының Кенащы селосында ауылдық Мәдениет үйінің салтанатты ашылуы рәсімі өтті.
30.08.2010 ж. Мереке орай спортық жеңістер
Талшық ауылында еліміздің төл мерекесі- Ата Заңымыздың 15 жылдығына арналған спорттық іс- шаралар өткізілді
01.09.2010 ж. Кәсіптік лицей оқушылары жаңа жатақханаға ие болды
1 қырқүйегінде ауданымыздың Ленинград ауылдық округінде №6 кәсіптік лицейдің қабырғасында жаңа жатакхананың салтанатты ашылу рәсімі өтті.
29.01.2010 ж. Аудан әкiмiнiң есебi
Қаңтардың 29 күнi Алқатерек селолық округiнiң Алқатерек селосында аудан әкiмi А.А.Тастемiров халықпен кездесiп, «Ақжар ауданының әлеуметтiк экономикалық дамуының 2009 жылғы қорытындылары және 2010 жылға арналған мiндеттерi туралы» баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап бердi. Мәжiлiске ауыл тұрғындары, ауданның атқарушы органдарының басшылары қатысты.
28.01.2010 ж. Аудан әкiмiнiң есебi
Қаңтардың 28 күнi Ұялы селолық округiнiң Ұялы селосында аудан әкiмi А.А.Тастемiров халықпен кездесiп, «Ақжар ауданының әлеуметтiк экономикалық дамуының 2009 жылғы қорытындылары және 2010 жылға арналған мiндеттерi туралы» баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап бердi. Мәжiлiске ауыл тұрғындары, ауданның атқарушы органдарының басшылары мен облыс өкiлi СҚО мәдениет басқармасының бастығы Д.Г.Малаев қатысты.
27.01.2010 ж. Аудан әкiмiнiң есебi
Қаңтардың 27 күнi Кiшi-қарой селолық округiнiң Бостан селосында аудан әкiмi А.А.Тастемiров халықпен кездесiп, «Ақжар ауданының әлеуметтiк экономикалық дамуының 2009 жылғы қорытындылары және 2010 жылға арналған мiндеттерi туралы» баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап бердi. Мәжiлiске ауыл тұрғындары, аудан аппаратының бас маманы, аумақтық атқарушы органдардың жетекшiлерi және облыс өкiлi СҚО мәдениет басқармасының бастығы Д.Г.Малаев қатысты.
26.01.2010 ж. Аудан әкiмiнiң есебi
Қаңтардың 26 күнi Талшық селолық округiнiң Талшық селосында аудан әкiмi А.А.Тастемiров халықпен кездесiп, «Ақжар ауданының әлеуметтiк экономикалық дамуының 2009 жылғы қорытындылары және 2010 жылға арналған мiндеттерi туралы» баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап бердi. Мәжiлiске аудан тұрғындары, аудан әкiмiнiң орынбасарлары, аудан әкiмiнiң аппаратының жетекшiсi, аудандық мәслихат хатшысы, селолық округ әкiмi, жергiлiктi және аумақтық атқарушы органдардың жетекшiлерi мен қызметкерлерi, аудандық ұйымдар мен кәсiпорындарының басшылары мен қызметкерлерi қатысты.
25.01.2010 ж. Аудан әкiмiнiң есебi
Қаңтардың 25 күнi Новосел селолық округiнiң Горький селосында аудан әкiмi А.А.Тастемiров халықпен кездесiп, «Ақжар ауданының әлеуметтiк экономикалық дамуының 2009 жылғы қорытындылары және 2010 жылға арналған мiндеттерi туралы» баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап бердi. Мәжiлiске ауыл тұрғындары, ауданның атқарушы органдарының басшылары қатысты.
24.01.2010 ж. Жаңа мешiттiн ашылу рәсiмi
Қаңтардың 24 күнi Алқатерек селолық округiнiң Алқатерек селосында жаңа мешiттiн ашылу рәсiмi өткiзiлдi. Оған ауыл тұрғындары, селолық округтердiң дiни басшыларымен имамдары қатысты. Аудан әкiмi А.А.Тастемiров мешiттiн салтанатты ашылуына қатысып, ауылдың барша мұсылмандарын құттықтады.
22.01.2010 ж. Аудан әкiмiнiң есебi
Қаңтардың 22 күнi Айсары селолық округiнiң Айсары селосында аудан әкiмi А.А.Тастемiров халықпен кездесiп, «Ақжар ауданының әлеуметтiк экономикалық дамуының 2009 жылғы қорытындылары және 2010 жылға арналған мiндеттерi туралы» баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап бердi. Мәжiлiске ауыл тұрғындары, ауданның атқарушы органдарының басшылары қатысты.
20.01.2010 ж. Аудан әкiмiнiң есебi
Қаңтардың 20 күнi Май селолық округiнiң Май селосында аудан әкiмi А.А.Тастемiров халықпен кездесiп, «Ақжар ауданының әлеуметтiк экономикалық дамуының 2009 жылғы қорытындылары және 2010 жылға арналған мiндеттерi туралы» баяндама жасап, қойылған сұрақтарға жауап бердi. Мәжiлiске ауыл тұрғындары, облыстық кәсiпкерлiк және өнеркәсiп басқармасының бастығы Б.Р.Төлегенов, «Богви» және жергiлiктi «Майское-Север» ЖШС-iнiң директорлары, ауданның атқарушы органдарының басшылары қатысты.
13.01.2010 ж. Ескi Жаңа жыл мерекесi
Қаңтардың 13 күнi Ленинград селолық округiнiң Ленинград селосында Ескi Жаңа жыл мерекесi тойланып өттi. Оған аудан тұрғындары мен аудан-мекеме ұйымдардың қызметкерлерi, кәсiпкерлер мен жастар өкiлдерi қатысты. Аудан әкiмi А.А.Тастемiров қатысып, барлық қатысушыларды мереке күнiмен құттықтады.
12.01.2010 ж. Футзал жарысы
Қаңтардың 12 күнi Бестерек орта мектебiнiң спорт залында аудандық дене тәрбиесi және спорт бөлiмiнiң ұйымдастыруымен футзалдан жаңа жылға арналған жарыс өткiзiлiп, оған аудандығы салық басқармасы, мамандандырылған күзет қызметi, балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебi сияқты мекемелер мен Қызылту, Талшық, Бестерек ауылдарынан барлығы 6 құрама команда қатысты.