Жол картасын іске асыру
«Бизнестің жол картасы–2020» бағдарламасын жүзеге асырудың барысы туралы ақпарат
«Бизнестің жол картасы2020» бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Жаңа онжылдық — Жаңа экономикалық өрлеу — Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» жолдауын және 2020 жылға дейін Қазақстанды дамытудың Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру үшін ұйымдастырылған.
Бағдарламаның бағыттары:
Бірінші бағыт: жаңа бизнес-бастамаларды қолдау.
Банктің марапаттар өлшемін қаржыландыру жаңа инвестициялық жобалардың іске асуы үшін, сонымен қатар, модернизациялау мен өндірісті кеңейтуге бағытталған жобалар үшін берілетін жаңа несиелер бойынша жүзеге асады.
Екінші бағыт: кәсіпкерлік саланы сауықтыру.
Банктердің несиесінің болуына (қабылданған уақытқа қарай) және жобаны қабылдағаннан кейін шығатын бір несиелік сызық негізінде жаңа берешекке пайыздық өлшеммен берешек адамға қаржыландыру
Үшінші бағыт: кәсіпкерлердің валюталық қауіптілігін төмендету.
Экспортерлердің бар несиесі бойынша пайыздық өлшем бөлігін қаржыландыру. Қаржыландыру инвестициялық мақсатқа, экономиканың басым саласында кәсіпкерлердің жобалары бойынша айналым қаржыларын толтыруға да ұсынылады.
Төртінші бағыт: кәсіпкерлік әлеуеттілігін нығайту.
Жаңадан бастау алған кәсіпкерлерді қолдау. Қызмет ететін бизнесті енгізуді сервистік қолдау.
Жаңадан бастаған кәсіпкерлерді қолдау. Істеп тұрған бизнесті жүргізу, сервистік қолдау көрсету.
«БЖК-2020» бағдарламасы бойынша, кәсіпкерлік қарқынды жақсарту үшін, СҚО бойынша ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ» өңірлік филиалымен «Бизнес кеңесші» бағдарламасы бойынша Талшық ауылында «Кәсіпкерліктің жедел - курсы» оқытылды. «БЖК-2020» бағдарламасының 4 бағыты аясында. 2011 жылы наурыз айында шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мемлекеттік бағдарламасы бойынша семиар өткізілді. 2011 жылы маусым айында ««Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ» мен бірге «Бизнес кеңесші» оқу-тренингі өткізілді. 29 адам қатысты. 2011 жылдың қазан айында «Бизнес кеңесші» оқу – тренингіне 23 адам қатысты. 32 бастаушы кәсіпкер сертификат алды.
«БЖК-2020» бағдарламасының бір бағыты ол жастар тәжірибесі, осы бағыт түлектерді әлеуметтік қорғауда қосымша іс-шара болды. Бұл бағдарламаның мақсаты, жұмыс тәжірибесін қалыптастыру, біліктілігі мен талабын жетілдіру, жұмысқа тұруға жәрдемдесу.
2011 жылғы түлектер экономиканың басым секторларындағы кәсіпорындарда тәжірибеден өтуде. Осындай жолмен мемлекет тек түлектерге ғана емес, сонымен қатар шағын және орта бизнес субъектеріне де қолдау көрсетуде.
Жастар тәжірибесін іске асыру үшін республикалық бюджеттен біздің ауданға 12,3 млн.теңге бөлінген. Тәжірибеден өту мерізімі 6 ай. Ай сайын түлектерді қолдау мақсатында жалақы ретінде 26,0 мың теңге төленуде.
Түлектер өздерін жақсы жағынан көрсеткен жағдайда, жұмыс беруші тұрақты жұмысқа алуы мүмкін.
Жұмыспен қамту орталығымен осы бағдарлама бойынша жұмыстар жасалуда, жыл басында ағымдағы жылы жоғарғы және орта оқу орындарын бітірген түлектер тізімі жасалды. Түлектерді жұмысқа тұрғызу бойынша жұмыс беруші шағын және орта бизнес субъектерімен келіс сөздер жүргізілді. Осы күндері жұмыс берушілерден 164 адамға өтініш түскен.
Жастар тәжірибесін ұйымдастыру мақсатында келесі кәсіпорындар мен келісім шарт жасалды: «Омарова» ЖК, «Кусумус», «Алдонгаров» ФШ, «Жанабаев» ЖК, ЧП «Байдала» ЖК, «Кенжебулатов» ЖК, «Хамитова» ЖК, «Калижанова» ЖК, «Фатик» ЖК.
Ағымдағы жылы шағын және орта бизнес субъектеріне 31 түлек жұмысқа орналасты. Түлектерді жұмысқа орналастыру бойынша жұмыстар жалғастырылуда. |