Сыбайлас жемқорлықпен күрес аймақтық
бағдарламасы
2006-2010 жылдарға арналған Ақжар ауданындағы
сыбайлас жемқорлықпен күрес аймақтық бағдарламасының іске асу барысы туралы
ақпарат
Ақжар ауданы әкімдігінің қаулысына сәйкес «2006-2010 жылдарға арналған Ақжар
ауданындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес аймақтық бағдарламасы» әзірленіп,
аудандық мәслихатпен бекітілді.
Осы бағдарламаны іске асыру мақсатында аудан әкімдігінің қаулысымен Сыбайлас
жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі аудандық камиссия құрылып, Комиссия
ережесі бекітілді. Тоқсан сайын отырыстар өткізіледі. 2010 жылы комиссияның 4
отырысы, оның ішінде «Нұр Отан» ХДП филиалының қатысуымен 1 отырыс өтті.
Комиссия ұсыныстары уақытылы орындалып және орындалу барысына бақылау
жүргізілуде.
Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссия отырыстарында
келесі сұрақтар қаралды: «Сыбайлас жемқорлықтық құқықбұзушылық жасағаны үшін
аудандық бөлім басшылары мен бағыныштыларының сұраныстарын арттыру мен
жауапкершілігін күшейту бойынша шаралар туралы»; «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау
бойынша мемлекеттік органдардың үкіметтік емес ұйымдармен, қоғамдық
бірлестіктермен, саяси партиялармен бірлескен әрекеті туралы»; «Жол картасы»
бойынша іс-шараларға бөлінген бюджеттік қаражатты нысаналы түрде пайдалану» т.б.
2006-2010 жылдарға арналған Солтүстік Қазақстан облысында сыбайлас
жемқорлықпен күрес аймақтық бағдаламасын іске асыру бойынша, 2009-2010 жылдарға
арналған іс-шаралар Жоспарын жүзеге асыру мақсатында, Ақжар ауданының барлық
мемлекеттік мекемелері мен селолық округтерінде 2009-2010 жылдарға арналған
сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомстволық жоспар әзірленді.
Ақжар ауданының ресми сайтына жемқорлыққа қарсы сипатта өткізілген
іс-шаралар тұрақты түрде орналастырылады.
2010 жылғы 28 қазанда Ленинград селосында депутаттардың, жергілікті атқарушы
мен құқыққорғаушы органдардың, қоғамдық бірлестіктер мен БАҚ өкілдерінің
қатысуымен сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселелері жөніндегі комиссия мен
«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының бірлескен отырысы өтті.
Ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Өзіннен баста» акциясы өткізілуде.
Әртүрлі деңгейдегі мемлекеттік органдардың басшылары БАҚ-та жеке табыстары
мен мүліктері жөнінде мәліметтер жариялап тұрады.
Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған тұлғалардың мониторингі үнемі
жүргізіледі. 2010 жылы 4 сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық анықталды және осыған
орай барлық күштер сыбайлас жемқорлықты ескертуге бағытталды.
«Ақжар ауданының мемлекеттік мекемелерін жаңа редакцияда бекітудің
кейбір мәселелері туралы» аудан әкімдігімен қаулы қабылданып, осы қаулыға сәйкес
селолық округ әкімдері аппараттырының, аудандық бөлімдердің, аудан әкімі
аппаратының, «Ақжар» КМК ережелеріне сыбайлас жемқорлықты болдырмау бойынша
басшыларға міндеттер жүктелді және ол үшін жеке жауапкершілік белгіленді.
Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттауға аса үлкен назар
аударылуда. Аудандық «Дала Дидары», «Ақжар-Хабар» газеттерінде «Сыбайлас
жемқорлықпен күрес – мемлекеттік маңызды іс», «Сыбайлас жемқорлық - тосқауыл»,
«Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекеттік саясаттың ажырамас элементі»,
«Жемқорлыққа жол жоқ» айдарлары жұмыс істеп, әр нөмірінде үнемі сыбайлас
жемқорлыққа қарсы бағыттағы мәліметтер жарияланып тұрады. 2010 жылы 24 мақала
жарияланды.
Өтініштерге жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын қамтамасыз ету мақсатында,
әрбір мемлекетік органда «сенім телефоны» белгіленді және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы заңдылық бұзушылық фактілері бойынша ай сайын аудандық гезетте ақпарат
жариялананып тұрады
Ауданның мемлекеттік мекемелерімен, құқықтық оқумен қамту шеңберінде,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты оқып білу мәселелері қарастырылған
оқулық-тақырыптық жоспар әзірленді. Осы жылы сыбайлас жемқорлыққа
қарсы заңдылықты оқып білу бойынша барлығы 24 сабақ өтті.
«Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңға
сәйкес, аудан әкімімен және ауданның мемлекеттік органдарының басшыларымен жеке
қабылдау жүргізіледі және келушілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы
арыздарын айтуға мүмкіндіктері бар.
Ақжар ауданы бойынша 2009-2010 жылдарына
арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомстволық жоспар
|
№
|
Іс-шара
|
Аяқталу нұсқасы
|
Орындауға жауаптылар
|
Орындалу уақтысы
|
Болжамды шығындар
|
Қаржыландыру көздері
|
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
1. Сыбайлас жемқорлықты төмендету
мемлекеттік шараларын жетілдіру
|
|
1.
|
Мемлекеттік органдардың қызметтік лицензияланған түрлерін және рұқсат
беру функцияларын қысқарту, сонымен қатар лицензия және рұқсат алу
тәртібін қысқарту жөніндегі жұмыстары жалғастырылсын.
|
СҚО БҚКБ ақпараты
|
Селолық округ әкімдері, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі
(шақырылым), мемлекеттік органдар-лицензиарлар
|
Тоқсан сайын 10 қарашаға дейін
|
Қажет емес
|
|
|
2.
|
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы фактілері бойынша өтініштерді
қарастыру қорытындысы туралы өтініш иелерін және қауымдастықты
ақпараттандыру жолымен сыбайлас жемқорлықпен күрестің мөлдірлігін
қамтамасыз ету
|
СҚО бойынша ҚПД ақпараты
|
Селолық округ әкімдері
|
Тосан сайын
|
Қажет емес
|
|
|
2. Көпшілік тыңдауларға шығарумен,
ведомстволық жоспарларды әзірлеу
|
|
3.
|
Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялаумен 2009-2010 жылдарына
арналған сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі ведомстволық жоспарлар
әзірленсін
|
СҚО бойынша ҚПД ақпараты
|
Селолық округ әкімдері,жергілікті бюджет есебінен ұсталынатын
атқарушы органдардың басшылары
|
2009 жылғы маусым-шілде
|
Қажет емес
|
|
|
3. Мемлекеттік сыбайлас жемқорлыққа
қарсы саясатты насихаттау
|
|
4.
|
Мемлекеттік органдардың WEB-сайттарында сыбайлас жемқорлықпен күрес
бойынша өткізілген іс-шаралардың қорытындысы үнемі орналастырылсын.
|
Аудан әкімі аппаратының ақпараты
|
Селолық округ әкімдері, мүдделі мемлекеттік органдар
|
үнемі
|
Бөлінген бюджеттік қаражаттар шегінде
|
Жергілікті бюджет
|
|
5.
|
«Нұр Отан» ХДП бірлесе сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыбына кең
көлемді акциялар және кампаниясы өткізілсін
|
СҚО бойынша ҚПД ақпарат
|
Селолық округ әкімдері, ішкі саясат бөлімі, білім бөлімі, мәдениет
және тілдерді дамыту бөлімі, «Нұр ОТан» ХДП филиалы, қоғамдық
бірлестіктер
|
Жартыжылдық қорытындысы бойынша 5 маусымда, 5 желтоқсанда
|
Бөлінген бюджеттік қаражат шегінде
|
Республикалық және жергілікті бюджет
|
|
6.
|
Сыбайлас жемқорлықпен күрес нормаларын қолдану жөнінде жаднама
әзірленсін және таратылсын
|
жаднама
|
Аудан әкімі аппаратының құқық мәселелері жөніндегі құрылымдық
бөлімшесі, білім бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі
|
2010 жылғы 1 тоқсан
|
Бөлінген бюджеттік қаражат шегінде
|
Республикалық және жергілікті бюджет
|
|
7.
|
Бюджеттік қаражаттарды пайдалану бойынша мемлекеттік орган шешімдерін
іске асыру және қолданылуының ақпараттық мөлдірлігін қамтамасыз ету
|
СҚО бойынша ҚПД ақпарат
|
Селолық округ әкімдерні, қаржы бөлімі (шақырылым), ауданның атқарушы
органдары
|
Жыл сайын 5 маусымға, 5 желтоқсанға
|
Бөлінген бюджеттік қаражат шегінде
|
Жергілікті бюджет
|
|
8.
|
Сыбайлас жемқорлыққа тұрақты шыдамсыздықты жастар арасында
тұрақтандыру мақсатында сыбайлас жемқорлық тақырыбы бойынша оқу
мекемелерінде сабақтар енгізілсін
|
СҚО бойынша ББ ақпарат
|
Селолық округ әкімдері, білім бөлімі, мүдделі мемлекеттік органдар
|
Жыл сайын 5 маусымға, 5 желтоқсанға
|
Бөлінген бюджеттік қаражат шегінде
|
Жергілікті бюджет
|
|
4. Азаматтық қоғам құрылымдарымен
іс-әрекет
|
|
|
9.
|
Сыбайлас жемқорлықпе күрес проблемаларын әлеуметтік зерттеуді жүзеге
асыратын үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық бірлестіктер қызметі
қорытындысын пайдалану бойынша жұмыс жалғастырылсын
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
Селолық округ әкімдері, ішкі саясат бөлімі, мүдделі мемлекеттік
органдар
|
үнемі
|
Қажет емес
|
|
|
10.
|
Қауымдастық өкілдері мен бұқаралық ақпарат құралдарының қатынасуымен
сыбайлас жемқорлыпен күреске арналған іс-шараларды лекциялар, семинарлар,
«дөңгелек үстелдер», форумдар түрінде өткізу бойынша жұмыстар
жалғастырылсын.
|
Аудан әкімі аппаратына ақпарат
|
Селолық округ әкімдері, ішкі саясат бөлімі, мүдделі мемлекеттік
органдар
|
Жыл сайын 5 желтоқсанға
|
Қажет емес
|
|