Рус | Қаз

Сыздықов Жастілек Болатханұлы

Көкшетау облысы Ленин ауданы Колос ауылында 1978 жылы 24 маусымында туды. Үйленген, қыз баланы тәрбиелеп отыр.
Ш.Уәлиханов ат. Көкшетау мемлекеттік университетін тамамдаған (2005 ж.), экономист мамандығына ие.
Еңбек жолын 1999 жылы Ақжар ауданы бойынша салық комитетінің аға салық инспекторы болып бастаған. 2000-2007 жылдар аралығында Ақжар ауданы бойынша салық комитетінің жетекші салық инспекторы, бас салық инспекторы, бөлім бастығы қызметтерін атқарды.
2007 жылғы қыркүйектен бастап осы тағайындауға дейін Ақжар ауданы бойынша салық басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарды.
2011 жылғы қазан айынан бастап — Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмiнiң экономика және ауыл шаруашылық мәселелер бойынша орынбасары.

Амангелдiив Ашыл Махамбетқұлұлы

Амангелдиев Ашил МахамбеткуловичОңтүстiк Қазақстан облысы Сарыағаш ауданы Актюбинск селосы 1961 жылы 17 қарашада туды. Үйленген, үш баланы тәрбиелуде. Киров атындағы Қазақ мемлекеттiк университетiн, Орталық-Азия Университетiн бiтiрген. Қазақ политехникалық институтында оқытушы, «Зерде» ТКО директоры, СҚО М.Жұмабаев ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнiң жетекшi маманы, СҚО М.Жұмабаев ауданы Булаев қаласының әкiмiнiң орынбасары болып қызмет атқарды. 2007 жылғы желтоқсанынан бастап стратегиялық жоспарлау және жаңалық енгiзу, сыртқы экономикалық байланыстарды дамыту мәселелер жөнiндегi СҚО өнеркәсiп және өндiрiстiк департаментi бастығының орынбасары болып жұмыс iстедi.

2008 жылғы сәуiрден бастап — Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмiнiң орынбасары.

Айтұхаметов Ғалымтай Қасымұлы

Айтмухаметов Галымтай КасымовичАқмола облысы Бестөбе кентiнде 1956 жылы 27 наурыз айында туған. Үйленген, төрт бала тәрбиелейдi. 1979 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын бiтiрген.

Еңбек жолын 1979 жылы Чистяков совхозында МТП пайдалану инжинерi ретiнде бастаған. 1982 жылы Ленинград комсомолының хатшысы. 1984 жылдың желтоқсан айынан Ленинград аудандық коммунистiк партиясы ұйымдастыру бөлiмiнiң нұсқаушысы. 1987 жылы Айсары совхозының коммунистiк партиясының хатшысы. 1991 жылы Айсары совхозының өндiрiс директоры. 1995 жылы Ленинград округi әкiм аппаратының iшкi саясат бөлiмiнiң меңгерушiсi болып тағайындалған. 1997 бастап Ақжар ауданы әкiмi аппаратының әлеуметтiк сала мен iшкi саясат бөлiмiнiң бас маманы. 2001 жылы экономика және әлеуметтiк сала бөлiмiнiң бастығы. 2006 жылдан Ақжар ауданының iшкi саясат бөлiмiнiң бастығы.

2008 жылдың қараша айынан бастап Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы әкiмiнiң ауыл шаруашалық және әлеуметтiк мәселелер жөнiндегi орынбасары.

2006 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмiнiң Құрмет грамотасымен марапатталған.

Хасенов Қанат Ақтайұлы

Хасенов Канат АктаевичКөкшетау облысы Ленинград ауданы Май совхозында 1966 жылы 22 қазан айында туған. 1992 жылы Целиноград ауылшаруашылық институтын бiтiрген, зоотехник. Үйленген, үш бала тәрбиелейдi.

Жұмыс жолын 1992 Көкшетау облысы Ленинград ауданында «Майское» КСП зоотехник жүзеге асырушы ретiнде бастаған. 1993 жылы «Майское» өндiрiстiк кооперативi директорының орынбасары. 1994 жылы шiлде айынан «Майское» өндiрiстiк кооперативтiң кәсiп одақ комитетiнiң төрағасы. 2000 жылы Солтүстiк Қазақстан облысы Ақжар ауданы Май селолық округiнiң маманы. 2005 жылдың шiлде айынан Ақжар ауданы әкiмi аппаратының бас маманы. 2006 жылдан бастап ұйымдастыру-бақылау және кадрлар жұмысы бөлiмiнiң бастығы.

2008 жылдың қараша айынан Ақжар ауданы әкiмiнiң аппарат басшысы.


Ақжар ауданы әкiмiнiң ресми сайты