Ðóñ | Қàç
Untitled Document

"Солтүстік Қазақстан облысы Ақжар ауданының әлеуметтік - экономикалық паспорты (Үлгілік құрылымы)"

 

Аудан әкімі - А.А. Тастеміров 2008 жылғы 31 қазаннан бері қызмет атқаруда.
Аудан территориясы 8,04 мың шаршы шақырым жерді алып жатыр.
Бұрынғы Көкшетау облысының Ленинград және Ленин аудандарын қосудың нәтижесінде пайда болған жаңа Ақжар ауданы бүгінгі уақытта әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері жағынан Солтүстік Қазақстан облысында алдыңғылардың қатарында саналады.

ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ БӨЛІНУІ

Аудан орталығының атауы

Талшық с.

Облыс орталығына дейiн аралығы

325 км

Елдi-мекендерiнiң барлығы

27

Селолық округтер

12

Аудан облыс орталығының шығыс бөлігінде орналасқан. Солтүстігінде Ресейдің Омбы облысымен, оңтүстігінде Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданымен, батысында Шортанды ауданымен және Солтүстік қазақстан облысының Тайынша және Мағжан Жұмабаев аудандарынмен, ал шығысында Уәлиханов ауданымен шекараласқан.
2011 жылдың 1 сәуіріне халық саны 18682 адам немесе жалпы облыс халқының 3,2 пайызын құрайды.
Ұлттық құрамы бойынша:

қазақтар -- 15076 адам немесе 80,7%;

орыстар -- 1393 адам немесе 7,0%;

украиндықтар -- 900 адам немесе 5,0%;

немістер -- 325 адам немесе 2,0%;

поляктар -- 78 адам немесе 0,4%;

татарлар -- 252 адам немесе 1,3%;

белорустар -- 363 адам немесе 1,9%;

басқа ұлттар -- 280 адам немесе 1,5%;

 

 

ХАЛЫҚТЫҢ КӨШІ-ҚОНУЫ

 

1.01.2011 ж.

1.01.2010 ж.

Келгені, адамдар

622

121

Кеткені, адамдар

879

172

Көші-қон айырымы

257

-51

 

ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАР. Пайдалы қазбалардан ауданда мықты экологиялық таза құрылыс тасын өндіреді. Талшық селосынан 30 км қашықтықта құрылыс және шыны түріндегі кірпішті өндеу үшін саздақтар кен орны бар. Бұдан басқа, жер қойнауында тас көмір, алтын,уран және т.б. қоры табылды.
Қулыкөл селолық округінің аумағында минералды су қоры бар.

СУ ҚОРЛАРЫ. Аудан аумағы бедерінің басым бөлігі белесті жазықты суайрықты ойпаңдармен үлкен емес көл қазаншұнқырларын құрайды.Талшық селосының оңтүстігіне қарай 10-20 м. шоқы биіктігі қатынасына үлкен емес ұсақшоқылық бар.
Аудан асщысу және топырақ су беттерімен нашар қамсыздандырылған. Шат, Карашат, Карасу, Ащысу, Мұқыр, Айрық және көптеген жырасайлар тек көктемгі қар еру кезеңінде суға толы болады.
Адан аумағында келесі көлдер бар: Үлкен-Қарой, Кіші-Қарой, Қарасор, Жантайсор, Қулыкөл. Олардан асщысу тек – Жантайсор, Қулыкөл көлі – батпақты, қалғандары – тым тұзды, яғни ағындысы болмағандықтан.

ӨНЕРКӘСІП. Ауданының өнеркәсіптік кәсіпорындарымен 2011 жылдың 1 сәуіріне 56,4 млн. теңге өнімдер шығарылды. Өнімнің аса маңызды түрлері бойынша физикалық көлем индексі 147,2 пайызды құрады.
Есепті кезең қортындысы бойынша 21,6 мың куб. метр тасшақпа өндірілген, былтырғы жылмен салыстырғанда 4,8 мың текше метрге артты.
Ауданында жоғары-сапалы тасшақпа өндіру бойынша 4 кәсіпорын жұмыс атқаруда: «Поиск-98» ЖШС, «Кварц» ЖШС, ТОО «Шунгит» және «Компания Диорит ЛТД» ЖШС.
Ленинград селосында күніне 200 тонна өнімділігімен асфальтбетондық зауыт жұмыс істеуде.
Ленинград селосында «Ақтөбе Гласс» (Алматы қ.) жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кварцтық құмды байыту фабрикасы іске қосылып, жұмысын жүргізуде. Кварцтық құмды өндіру жөніндегі карьер Айсары селосында орналасқан.
Ащыкөл селосында сыймдылығы 60 тонна қосымша элеватордың құрылысы аяқталды, онда ұсақтұқымды және бидай дәндідақылдарын өндеу үшін жаңа импорттық құрал-жабдығы орнатылды.
Ауданда 7 үн кәсіпорыны жұмыс істеуде, олармен қаңтар – наурыз кезеңі бойынша 234 тонна ұн өндірілді.
2011 жылғы қаңтар – наурыз кезеңі бойынша аудан наубайханаларымен 280 тонна нан және дәмді нан өнімдері өндірілді.
Аудан аумағында Үлкен-Қарой-Арасан кен орнында минералды судың бұлағы ашылды.

ИНВЕСТИЦИЯЛАР. 2011 жылғы қаңтар-наурыз нәтижесі бойынша негізгі капиталға түскен инвестициялар көлемі 75,8 млн. теңге құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ. 2011 жылдың қаңтар-наурызы бойынша ауыл шаруашылық жалпы өнімнің көлемі 557,9 млн. теңгені құрады, былтырғы жылдың деңгейіне физикалық көлем индексі – 103,2 пайызға жетті.
Астық өндіру ауданның жалпы өнім құрылымының жетекші орнын алады. Жыл сайын егістік алқаптары ұлғая түсуде және 2010 жылы аудан бойынша 342 гектар құрады, соның ішінде дәнді дақылдар 327,8 мың га, картөп – 0,34 га, көкөністер - 0,1 га және азық дақылдар – 13,7 га.
Ауылшаруашылық қалыптастырудағы сервистік қызмет ету үшін, «Жеңіс-60» ЖШС жанындағы «Кировец» тракторларын ДВС мен КПП жөндеу жөніндегі стенд орнатылған, тоқарь шеберханасы, слесарлық және пісіру цехы жұмыс істеуде.
Ауданында «Ақжар Кредит» селолық несиелік серіктестік бар.
2011 жылдың қаңтар-наурызы бойынша мал басының саны былтырғы жылмен салыстырғанда құрайды: яғни ірі қара мал – 104,4 %, шошқа – 100 %, қой – 105,9%, ешкілер - 83,4 %, жылқылар – 105,3 % , құстар – 101,8% және ірі қара мал 28,5 мың бас, соның ішінде сиырлар 12,7 мың бас, шошқалар 5,7 мың бас, қой мен ешкілер 27,3 мың бас, жылқылар 8,9 мың бас және құстар 39,7 мың дана құрайды.
Ауданында қазақтың ақбас сиыры ІҚМ өсіру жөніндегі 4 асыл тұқымды фермалар бар: «Алдангоров» ФҚ, «Болат» ШҚ, «Ахмеджанов» ШҚ, және 1 ферма қазақтың асыл тұқымды «Жабе» түрі жылқыбасын өсруі бойынша.
«Ахмеджанов» ШҚ іріқара малмен қатар жылқы басы және түйе өсіріледі. Жылқы басы саны соңғы 2 жылда 150 пайызға ұлғайды.
Ірі қара өсіру үшін «Нұр» ЖШС- да семірту алаңының құрылысы жоспарлануда. 2009 жылы аусымына 1500 кг қуаттылығымен қымызды бөліп қою және сүтті пакеттеу бойынша, ауысымына 1200 кг қуаттылығымен шұжық бұйымдарының өндіру бойынша мал шаруашылығы өнімдерінің өндеу бойынша құрал жабдық сатып алынды. аусымына 1000 кг дейін қуаттылығымен кондитерлік және макарондық бұйымдар, тұшпара жартылай дайын өнім өндеу бойынша цех шығарылымы ретке келтірілді. Талшық а. дайын өнімді өткізу үшін жеке дүккен ашылды, өнімдер одан басқа ауданның барлық комерциялық кәсіпорындарына өткізіледі.

 

 

1.11.2010 г

1.07.2009 г

Агроқалыптастырулар саны, барлығы

248

292

Соның ішінде ЖШС

32

33

Шару қожалықтар

216

259

 

ӘЛЕУМЕТТІК ИНФРАҚҰРЫЛЫМ

Жалпы пайдаланудың автомобиль жолдар жүйесінің ұзындығы 499 км болып табылады, оның ішіндегі республикалық мәніндегі жолдарына 80 км, жергілікті мәніндегі – 419 км.
Автомобиль жолдарының жалпы жүйесінен – 230 км (47%) асфальтбетондық және қара жабуымен, 130 км (26%) – қиыршық тасты жабуымен трассалар болып табылады.
Автожолдарында 6 көпір бар.

КӨЛІКТІК ҚАТЫНАС. Аудан орталығы Талшық с. Петропавл, Көкшетау, Астана, Ресей Федерациясының Омбы қ. және ауданының елді-мекендерімен 10 автобустық маршруты және 3 маршрутты такси байланыстырады.
Темір жолдың ұзындығы аудан бойынша 68 км құрады. 3 теміржолды станциялар бар: Ащыкөл, Дәуіт, Талшық. Талшық стациясын «Қызылту-Астана» жолаушылар поезды басып өтеді.
Ауданда 499 км республикалық, облыстық және жергілікті автомобиль жолдары бар, 2011 жылы аудандық маңызы бар жолдардға ағымдағы жөндеу жүргізуге жергілікті бюджеттен 3500,0 мың теңге, облыстық маңызы бар жолдарға 28008,0 мың теңге бөлінді.
Тұрғындарды қанағаттандыру үшін аудан бойынша жолаушы тасымалдауында 17 автобустық жол бағыты жұмыс істеуде.
Жүйелі турде автомобильдік жолаушылар хабарымен 24 елді-мекеннен 19 қамтылып, қамту 79 пайызды құрайды.

ТЕЛЕФОН ҚАТЫНАСЫ. Барлық селолық округтар және халқы аз елді-мекендер телефон байланысымен қамтылған. 2011 жылғы 1 сәуір жағдайы бойынша ауданда 4492 телефон абонентері саналды. Барлығы ауданда 11 автоматтық телефон станциялары, соның ішінде 2 базалық CDMA-450 сымсыз станциялары орнатылған. Ауданда «КСЕLL» және 2007 жылдан бастап «БИЛАЙН» ұялы байланыс жұмыс атқаруда. Аудандық телекоммуникация торабымен 2009 жылы сымсыз радиоену WWL CDMA – 450 негізінде құрал-жабдықтар орнатылды.

СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. Ауданында сумен қамтамасыз ету бұлағы Есіл өзені, жер астындағы сулар және басқа бұлақтар болып табылады.
Өзен ағудың көлемі бойынша Ақжар ауданы облыста ең аз сумен қамтамасыз етілгендерге жатады.
Қазіргі уақытта ауданының 25 елді-мекендерінің 14 елді-мекені Булаевтағы топталған су құбырына қосылған, оның ішінде тек 11 елді-мекені сумен пайдаланады, қалғандары топталған су құбырларынан бөліп берудің істен шығуынан пайдалана алмайды. 15 елді-мекендер суды жергілікті бұлақтардан пайдаланады (соның ішінде 7 елді-мекендер – жерасты суларынан жергілікті ұңғыма сутартқысы).
Талшық с. аудандық орталығында «Ақжар» МКК, «Поляков» ЖК суды іске асырумен айналысады, Ленинград с. - «Талапкер» МКК, басқа елді-мекендерінде жеке заңды тұлғалар. Елді-мекендерінде судың бағасы 1 шаршы метр үшін 43 теңгеден бастап 125 теңгеге дейін құрады.
Талшық с., Совхозное с. Ленинград с. және Бестерек аулы елді-мекендерінің тарату торабын қайта жаңарту жөніндегі жұмысы жалпы сомасы 220,1 млн. теңге және Восход селосының жергілікті сумен жабдықтау сомасы 18,2 млн. теңгеге құрылысы аяқталды.
2010 жылы республикалық бюджет есебінен сомасы 167642 мың теңге Бостандық – Киев су құбырын қайта құру басталды, жобаның жалпы құны 500 млн. теңге құрайды. Кузбасс селосында су тазарту жүйесі орнатылатын болады. Берілген жобалардың аяқталуынан кейін барлық елді мекендер толығымен таза сумен қамтамасыздандырылған болады.
Кенащы с. республикалық бюджет қаражат есебінен су құбыры жүйесінің құрылысы жалпы сомасы 32,3 млн, теңгеге жүргізілді.

ЭЛЕКТРОЖАБДЫҚТАУ.Ауданының елді-мекендерін электроэнергиясымен қамтамасыз ету 100% құрайды.

ЖЫЛУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ. Барлығы 92 қазандар бар, соның ішінде орталық – жоқ, локальды – 4, автономиялық – 41, термосифондық – 4, электрлық – 2 және пештік жылу – 39, олар жергілікті және аумақтық атқару органдарының, білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет объектілерін жылытады.

ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК. Ауданымызда 2011 жылдың 1 сәуірі бойынша жұмыс істеп жатқан шағын кәсіпкерлік суъектілерінің саны 660 бірлікті құрады, соның ішінде 351 жеке кәсіпкерлер.
2011 жылғы 1 сәуір жағдайы бойынша ауданымыздағы 26 елді мекендерде 373 сату кәсіпорны, оның ішінде: дүкен, киоск және дүңгіршектер, базар, қоғамдық тамақтандыру орны, жанар-жағармай құю станциясы, жөндеу шеберханалары және транспорттық қызмет көрсетулер, шаштараз, аптека, қонақ үй, фотосалон, мебель жөндейтін орын, тұрмыстық техникалары мен радио телеаппаратуралар жөндейтін орын, киім тігетін және етік жөндейтін орын және заңды тұлғалар тіркелген.
Шағын кәсіпкерлік суъектілерімен жыл басынан «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ аумақтық бөлімшесі, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры», «Ақжар Кредит» ЖШС, «Ақжар шағыннесие ұйымы» және «Даяна Кредит» ЖШС шағыннесие ұйымыдарымен бойынша біздің ауданның кәсіпкерлеріне көмек көрсетілуде.
«Ақжар ауданы кәсіпкерлерінің құқын қорғау» қоғамдық ұйымы жұмыс істеуде.

ҚАРЖЫ САЛАСЫ. 2011 жылғы 1 сәуір жағдайы бойынша жергілікті салықты және басқа да міндетті төлемдерді жинау жоспары аудан бойынша 96,2 пайызға орындалды. Жергілікті бюджетке болжамды 787,8 млн. теңгенің орнына 758,1 млн. теңге түсті, оның ішінде:
- облыстық бюджетке болжам 416,8 млн. теңге болса, орындалуы 353,8 млн. теңгені құрады, немесе орындалуы 84,9 % болды.
- аудандық бюджетке болжам бойынша 371,0 млн. теңге түсу қажет болған болса, орындалуы 404,3 млн. теңгені құрады немесе орындалуы 108,9 % болды.

ҚҰРЫЛЫС. Ағымдағы жылдың 1 сәуіріне 67 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Восход а. хоккейлық корт салынды, Ақжарқын а. стадион құрылысы жүргізілуде.
Үшайлық шегінде ауданның елді-мекендерінде көгалдандыру және санитарлық тазалау, абаттандыру бойынша белгілі жұмыстар жүргізілді.
Елді-мекендердің жолдарын жөндеу бойынша жұмысатр жүргізілді. Көктемде Талшық ауылы «Тәуелсіздік» алаңында 3000 дана жас көшеттер, соның ішінде 160 тал және пирамидалық терек отырылғызылды.

ХАЛЫҚТЫ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІ ҚОРҒАУ САЛАСЫ

 

На 01.04.11ж.

На 01.04.10ж.

Тіркелген жұмыссыздардың саны, адам.

68

108

Тіркелген жұмыссыздықтың деңгейі, %.

0,5

0,8

Кедейшілік деңгейі

2,1

2,9

Жұмысқа орналастырылғандардың саны, адам.

262

205

Орта еңбекақысы, теңге.

40447

36547

әлеуметтік жағынан әлсіз бұқара топтарына жататын адамдар саны

406

1009

2011 жылғы 1 сәуір жағдайы бойынша жұмыссыздарды жұмыспен қамту жоспардан артық орындалып, 147 жұмыс орны құрылды немесе 108,9 пайызға орындалды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 56 адам орналастырылды.
2011 жылғы 1 сәуіріне аз қамтамасыз етілгендер саны өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 104 адамға азайып 124 отбасы немесе 406 адам болды. Аудан бойынша кедейлік деңгейі 2,1 % кұрайды.

БІЛІМ БЕРУ. Ауданында 21 орта, 3 негізгі жалпы, 2 бастауыш білім беретін мектептер, екі балабақша, мектеп-интернат, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі, жасөспірімдер үйі, №6 кәсіби-техникалық мектеп, ауданаралық медициналық-педагогикалық психологиялық консультация жұмыс атқарып жатыр.
Ауданында 583 мұғалімдер, оның ішінде жоғары білімімен – 455, орта-арнайы білімімен – 126, олардың ішінде жоғары санаты бар – 54, I санаттағы мұғалімдер – 188. 2009 жылы аудан мектептеріне 45 жас мамандар келді.
4 түлек «Алтын белгі» белгісінің иегері болды.
2009 жылы «Жол картасы» бағдарламасы шегінде №2 Ленинград орта мектебінің екінші корпусын 48000,0 мың теңгеге жөндеу жүргізілді. 2010 жылы осы бағдарлама шегінде Талшық, Қазан, Бостандық орта мектептерінде жөндеу жүргізілді. 2009 жылы «Білім беру жүйесін ақпараттандыру» бағдарламасын іске асыру мақсатында 2 мультимедиялық кабинет Алқатерек және Бостандық орта мектептеріне сомасы 10481,0 мың теңгеге, Жанаауыл орта мектебіне 1 жануартану кабинеті сомасы 4097,0 мың теңгеге сатып алынды. Сомасы 4364,0 мың теңгеге 5+1 сатып алынды. 570 орынға 26 шағын-орталықтар ашылып, қамту 76 пайызды құрады.
Барлық мектептер телефон, компьютерлермен қамтамасыз етіліп, Интернет жүйесіне қосылған, 6 мектеп «okunet.kz» жүйесіне қосылған, 3 орта мектепте интерактивті тақта орнатылған, 6 мектепте мультимедиялық сыныптар, 10 мектепте – физика және биология сыныптары жалпы сомасы 67754 мың теңгеге орнатылған, аудан мектептерінің негізгімен ағымдағы жөндеуге 53104,1 мың теңге және оқулық және оқуәдістемелік кешен алуға бөлінген. Мектеп кітапханаларында барлық пәндер бойынша электронды оқулықтар бар.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ. Ауданында ауруханалық ұйымдар 125 жатақ орынға ОАА, алғашқы медициналық санитарлық көмек көрсететін орталығы, 6 дәрігерлік емхана, 17 медициналық пункті ұсынылады.
Бүгінгі күні ауданның барлық дәрігерлік емханалары мен медициналық пункттерінде телефон байланысы бар (6 ДЕ және 16 МП).
Тұрғындарды дәрілік құрал-жабдықтарға қолжетімділікпен қамтамасыз ету бойынша жұмыстар жалғасуда. АМСК нысандары арқылы дәрілік құрал-жабдықтарды сату пунктері барлық елді-мекендерде бар.
Ауданында 32 дәрігер, 1 провизор және 161 орта медициналық қызметкерлер қызмет етеді. Аудан бойынша дәрігелермен 10 мың тұрғынға қамсыздандыру 17,1 ал ортамедициналық жұмыскерлермен – 86,1 көрсеткішің құрайды.

МӘДЕНИЕТ. Ауданның мәдениет жұмысы соңғы жылдары оң нәтижелер беруде. Соның нәтижесінде аудан тұрғындары бос уақыттарын ұтымды өткізуге, түрлі сайыстар мен фестивальдарға қатысуға мүмкіндік алды.
Ауданда мәдениеттің 30 нысаны қызмет етеді, соның ішінде 1 аудандық Мәдениет үйі, 17 мәдени-клубтық нысандары , 1 – киноқондырғы, жалпы кітап қоры 128263 дананы құрайтын 12 мемлекеттік кітапхана. Жыл басынан аудан көлемінде 340 жаппай мәдени іс-шаралар іс-шара өткізілді, оған қатысушылар саны 17428 және де аудандық кітапханамен 120 іс-шара өткізілді, оған қатысушылар саны 1857 адамды құрады. Аудандық орталық кітапхана компьютерлермен қамтамасыз етіліп, Интернет жүйесіне қосылған.
Аудан территориясында 6- ескерткіш, 8 – обелиск, 1 – С.Садуақасовтың мүсіні. Оларға жыл сайын ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 2011 жылы жалпы сомасы 6,0 млн. теңгеге С.Садуақасов атындағы Ақжар ауданының тарихи - өңірлік мұражайы үшін ғимараты салынып іске қосылды. Қазіргі уақытта жиналған экспонаттарды өңдеумен орналастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Мұражайды жабдықтауға сомасы 943,0 мың теңге көлемінде қаражат бөлінді.
Ауданында «Халық» атты 1 фольклорлық отбасылық ансамблі жұмыс атқаруда.

СПРОТ. Ауданда 148 спорттық ғимараттар бар: 4 стадион, 28 спорт зал, 10 хоккейлік корт, 78 жазықтық имараттар, 20 атқыш тир, 7 жаңа құрылған үйлер, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі. Жеңіл атлетика, шаңғы, волейбол, футбол, еркін және грек-римдік күрес, қазақша-күрес, шайбылы хоккей бойынша секциялар жұмыс атқаруда.
Жыл сайын ауданда қысқы және жазғы спорттық ойындар, ұлттық спорт түрлерінен спартакиада, волейболдан, еркін, грек-рим күресінен чемпионат және жарыстар өткізіледі.
2009 жылы греко-рим күресінен 2 ҚР спорт шебері дайындалды.
2010 жылы аудан аумағы бойынша 103 жаппай-спорттық шаралар өткізілді.
2010 жылдың ақпан айында Восход селолық округінің Восход с. 14 аудандық «Ақшақар 2010» қысқы спорттық ойындары 7 ойын түрінен өткізіліп, хоккейлық корт салынды. Ойындардаға 360 спортшы қатысты.

ҚОҒАМДЫҚ ЖӘНЕ ДІНИ БІРЛЕСТІКТЕР
1. «Жеңiс» еңбек және соғыс ардагерінің ҚБ
2. «Жастар үнi» ҚБ
3. «СҚО Ақжар ауданының кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөнінде» ҚБ
4. Кәсіподақ ұйымы.
Ауданында 7 діни бірлестіктер және 12 саны аз діни топтар бар. Барлық діни ұйымдар ислам дінін алмастырады, 20 дін ғимараттар бар, 2008 жылы Талшық селосындағы орталық мешітінің құрылысы аяқталып пайдалануға берілді, 2010 жылы Алқатерек селосында жаңа мешіт салынды.

Қоғамдық-саяси партиялар
1. «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы.
2. «Ауыл» ҚСДП аудандық филиалы.

 


Àқæàð àóäàíû әêiìiíiң ðåñìè ñàéòû