| Қ

Ақжар ауданының әкімі А.А.Тастеміровтың
ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының
2011 жыл қорытындысы бойынша халық алдындағы ЕСЕБІ

2011 жыл, Отанымыз – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен ерекшеленді. Биыл міне, тарихтың жаңа парағы – үміт пен батыл жетістіктерге толы жаңа жылымыз да басталып кетті.
Өткен жыл ең қилы оқиғаларға толы, яғни, зор жетістіктердің жылы болды.
Еліміздің Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тұрақтылық, татулық пен келісім саясатының нәтижесінде Қазақстан бүкіл әлемде бұрын-соңды болмаған бедел мен құрметке қол жеткізді. Бұған өткен жылы 3 сәуірдегі сайлау қорытындысында барлық қазақстандықтар Елбасының тәуелсіздікті нығайту, мемлекетті орнықтыру ісіне үлкен баға бере отырып, өздерінің сенімін білдіргендігі нақты дәлел бола алады.
2011 жылы еліміз VІІ қысқы Азия ойындарын, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының саммитін өткізді. Еліміздің абыройы асқақтап, Ислам Ынтымақтастық Ұйымына төрағалық жасады. Сырттағы қандас ағайындарымызға сауын айтып, Дүние жүзі қазақтарының ІV құрылтайы өткізілді.
Ойдағыдай жұмыс істеп тұрған Кеден одағы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің негізіне айналды. Ол бүгінде толық жүзеге асырылуда.
Россия, АҚШ, Германия, Франция, Япония және Италия сияқты 6 елмен «үлкен сегіздік» саласында стратегиялық серіктестікке қол жеткізілді.
Сонымен қатар 2011 жылы қазақстан Ұжымдық қауіпсіздігі туралы келісім-шарт Ұйымына және Алматыда алғашқы түркі тілдес елдер басшыларының саммитін өткізген жаңа ұйым – Түрік Кеңесіне төрағалық жасады.
Бүгінде Қазақстанның тауарлары дүние жүзінің 126 еліне таныс.
Халықаралық стандартарға сәйкес Қазақстан бүгінде білім жүйесі дамыған елдердің қатарына кіріп отыр. ТМД елдерінің арасында бірінші болып «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асырды. Нәтижесінде мыңдаған жас қазақстандықтар әлемдік ең үздік университеттерді бітіріп келіп жақсы қызмет жасауда. Елімізде интелектуалдық мектептердің жүйесі жасалды. Олардың саны 20-ға жететін болады, көбі қазіргі уақытта жұмыс жасауда.
Денсаулық саласы жақсы өзгерістермен алға дамуда. «саламатты қазақстан» бағдарламасы ойдағыдай іске асырылып жатыр.
Әлеуетіміз артып, ел қамбасы ерекше мол ырысқа толды. Мерейтой жылы ел диқандары 30 млн. тоннаға жуық астық өсіріп, тамаша тарту жасады.
Ең бастысы – Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың саясаты әрқашан Қазақстан азаматтарының әл-ауқатын көтеруді көздейтінін ұмытпауға тиіспіз. Оның айқын дәлелі ретінде мынаны айтқым келеді. Қазақстан әл-ауқаттың өсімі жөнінен жаһандық рейтингтегі алғашқы 50 мемлекеттің қатарына қосылды. Әлемдік экономикалық дағдарысқа қарамастан ел тұрғындарының кірістері сол деңгейде сақталып қана қоймай, сонымен бірге өсе түсті. Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде әлеуметтік төлемдер мен зейнетақының, жалақының мөлшері жыл сайын өсірілуде.
2011 жылы жалпы ішкі өнім көлемі 7,3 пайызға өсіп, жан басына шаққанда 11 мың долларға жуықтады.
Халықаралық беделді сарапшылардың бағалауы бойынша Қазақстан ХХІ ғасыр алғашы онжылдыгдағы экономикасы жоғарғы қарқынмен дамыған 25 елдің ішінде Қытай мен катар елдерінен кейін үшіншіорынды иеленіп отыр.
Бұл жетістік, ең алдымен, Елбасымыз Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы да көреген саясатының, одан кейін әрбір қазақстандықтардың өзінің қажырлы еңбегімен Отанының гүлденуіне қосқан үлестерінің жемісі.
Десе де, одан әрі экономикалық өсімді, тұрақты қоғамдық-саяси ахуалды, әлеуметтік саланы қамтамасыз ету үшін, біз, ең алдымен негізгі құндылықтарымыз болып табылатын ұлтаралық және дінаралық келісімді, татулық пен бірлікті нығайтуға тиіспіз.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбіш­­­ұлы На­зар­­­ба­ев­тың Қазақ­­стан хал­­қына Жол­дауы – ол әр­қа­шанда та­ри­хи ма­­ңызы жо­ға­ры, қо­ғам­да алатын орны ерекше стра­те­гия­лық құ­­жат.
27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақ­стан халқына Жолдауында елі­міз­ді одан әрі дамы­ту, әрбір отба­­­сы­ның, әрбір аза­мат­тың жағдайын одан әрі жақ­сарту, халқымыздың бірлігін, тыныш­тығын қор­ғау жолдары нақ­ты көр­сетілген.
Бүгін­гі әлемде бұл – әлеуметтік-эконо­ми­ка­лық жаңғырудың басты мәселесі. Ел Президенті 2015 жылға қарай жоғары табысты елдер қатарына ену мінде­ті­нен бастау алатын алдағы кезеңдегі мемлекет дамуының басты басымдық­тарын айқындап берді. Ол өз сөзінде «Қазақстан ынтымағы мен келісімі жарасқан әлеуетті мемлекетке айналды», деп атап көрсетті.
Биылғы Жолдауда Елбасы Қазақстан мен оның халқының ең қажетті әлеу­меттік-экономикалық сұраныстарын көр­сететін 10 жаңа стратегиялық ба­ғыттарды ұсынды.
Мемлекет басшысы экономиканы әртараптандыруды жалғастыруды, бі­лім беру мен жұмысқа орналастыруға, ауылда кәсіпкерлікті дамытуға қолдау көрсетудің тиімді жүйесін құруды және еңбек ресурстарының жинақылығын қамтитын жаңа кең көлемді жұмыспен қамту бағдарламасын іске асыруды тапсырды.
Үстіміздегі жылғы 1 шілдеге дейін әзірленуі тиіс «Қолжетімді баспана- 2020» жаңа бағдарламасы бүгіннің өзінде көпшіліктің қызу қолдауына ие болып отыр. Бағдарлама аясында жарты миллионнан астам жас отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету мәселесі шешімін табатын болады және оны іске асырудың екі механизмін: сатып алу құқығы мен мұндай құқықсыз ұзақ мерзімге жалға беруді қарастыруды тапсырды.
Ол электронды үкіметті дамыту ар­қ­ылы халыққа мемлекеттік қызмет көр­сету сапасын арттыруды, әкімшілік процедураларды жеңілдетуді, халық­тың компьютерлік сауаттылығын жетілдіруді міндеттеді.
Басқа міндеттер арасында сот және құқық қорғау жүйелерін, сот корпусын құруды жаңғырту, Қазақстанда адам капиталының сапасын арттыру, зейнет­керлік жүйені, индустриялық-иннова­циялық жобалар және ауыл шаруа­шы­лығын дамыту мәселелері бар.
Жолдауда ерекше назар халықтың денсаулығына, адам өміріне қатер төн­ді­ретін аурулармен мақсатты түрде жә­не тиімді күресу мәселесіне аударылды.
Сонымен қатар, Елбасы кешенді жос­пар негізінде білім саласында, ха­лықтың негізгі рухани құндылығы – отансүйгіштік, этносаралық келісім, то­леранттылық пен қарым-қатынас мә­дениеті, ізгілікке тәрбиелеуді күшей­туді белгіледі.
«Бүгінде күллі әлем және әрбір мемлекет қуатты жаһандық және ішкі қатерлерге жауап табулары маңызды. Әлеуметтік-экономикалық жаңғыр­ту­дың он бағыты бойынша міндетті ор­ындай отырып, біз экономиканы ны­ғай­тамыз, қоғамды тұрақты етеміз, ха­лықтың әл-ауқатын арттырамыз», деді Президент.
Жоғарда айтылған еліміздің жетістіктері барлық қазақстандықьардың ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына жасаған ерекше тартуы деп бағаланып отыр. Осы мерейтой жылын ақжарлықтар да ел халқымен бірге жоғарғы көрсеткіштермен аяқтады.
Біз, ақжарлықтар 2011 жылғы ең маңызды оқиғалардың бірі – Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын лайықты көрсеткіштермен шығарып салып, 2012 жылды жақсы рейтингілік көрсеткіштермен қарсы алдық.
Барлық деңгейдегі әкімдердің тұрғындармен есепті кездесулері өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының ең бір өткір мәселелерін қозғайтын және ашық сұхбат ретінде өткізілетін ресми кездесулердің ерекше бір түрі.
Сондықтан біз атқарушы органдар алдағы уақытта халықтың әлеуметтік-тұрмыстық  жағдайын барынша жақсартуға бағытталған жұмыстарды атқару үшін бар ынта-жігерімізді жұмсайтын боламыз.
Соңғы жылдары тұрғындармен көтерілетін мәселелердің көбі өздерінің немесе жанұясының қамы емес, керісінше ауылдың әлеуметтік-инфрақұрылымдарын дамытуға, балалар мен жастардың келешегіне арналуда. Ол мәселелердің шешімі қаржыға тірелетіндігі белгілі. Бірақ-та облыс әкімінің тікелей аралсуымен біраз жұмыстар шешімін тапты.
2011 жылдың қаңтар-ақпан айларында өткізілген селолық округ әкімдері мен аудан әкімінің 37 есепті кездесулері барысында ұсыныс жәшіктеріне және кездесу үстінде жазбаша барлығы 153 ұсыныс, ескерту және үнқатулар түскен. Бұл оның алдындағы жылға қарағанда 64 сұраққа азайған. Оның 100 сұрағына кездесу барысында жауап беріліп, 53 сұрағы бақылауға алынған болатын.
Есеп беру кездесуі барысында түскен ұсыныстар мен сұрақтардың орындалу барысы туралы мәселе ай сайын аудан әкімі аппаратының кеңесінде және аудан әкімдігінің жиналысында қаралып, барлық селолық округі әкімдерінің оны орындауға байланысты есептері тыңдалды.
Бүгінгі уақытта осы бақылауға алынған сұрақтардың барлығы тиісті шаралар қолданудың  нәтижесінде оң шешілді.

Ауыл шаруашылығы
Ауданның экономикалық құрылысында жалпы өнімнің 90 пайызы өндірілетін ауыл шаруашылығы ерекше орын алады. Сондықтан да агроөнеркәсіп кешенін дамыта отырып, біз ауылды, әлеуметтік инфрақұрылымдарды дамытуымыз және халықтың жоғары табысқа қол жеткізуіне ұмтылуымыз қажет.
Әрине, дүние жүзілік дағдарыс кезеңінде оны дұрыс жолмен шешу аграрлықтар үшін көп тер төгуді қажет ететіні анық.
Соңғы жылдары агроөнеркәсіптік кешендеріне Елбасының бастамасымен мемлекеттен бұрын-соңды болмаған көмектер көрсетілуде. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылық саласы жыл сайын 4-5 пайыз тұрақты өсімге қол жеткізіп келеді.
Егін шаруашылығына бюджет қаражатынан бөлінетін субсидиялар мен тыңайтқыштар, арзан жанар-жағармай, ғылыми дәлелденген озық үлгідегі технологияларды сақтау мен жаңа заман техникаларын кең көлемде қолданысқа енгізу нәтижесінде тәуелсіздігіміздің 20 жылдық мерейтой жылы біздің ауданның диқандары да 327 мың гектар алқапта бітік егін өсіріп, қамбаға  560 мың тонна астық тапсырды.  Яғни, гектар берекелілігі 17,3 центренрден айналды.
2011 жыл қорытындысы бойынша ауыл шаруашылық жалпы өнімінің көлемі өткен жылмен салыстырғанда 20,3 пайызға артып 20,8 млрд. теңгені құрады.
Ауданымызда жиналған мол астықты сақтап, өңдеумен айналысатын 3 элеватор және 3 астық қабылдайтын орындар жұмыс жасайды. Жыл сайын осы элеваторлар мен астық қабылдау орындарын материалдық-техникалық жабдықтау мен қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп келеді.
Биылғы жылғы көктемдік егістік науқанына 38,1 мың тонна сапалы тұқымдық бидай дайындалып, сақталуда. 
Үкіметтің аграрлық саланы қолдауы, жаңа ғылыми жетістіктер мен технологиялардың өндіріске енгізілуі, тұқым сапасының жаңаруы, мамандарды қайта даярлау және қуатты техникалармен қамтамасыз етілуі сияқты жұмыстарды жүйелі жүргізудің арқасында егіншілік саласында жақсы жетістіктерімізді мақтанышпен айта аламыз. 
Өткен жылы ауданымыздың егін шаруашылығымен айналысатын ірілі-ұсақты кәсіпорындарына 352 млн. теңгенің субсидиясы берілді.
Шаруашылықтардың машина-трактор паркін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінгі уақытта ірі инвестор «Богви» фирмасына қарасты 12 шаруашылықтың паркі толық шетелдік қуатты техникалармен жабдықталса, соңғы үш жыл ішінде жеке меншік шаруашылықтар да техникаларын жаңартуды қолға ала бастады. Тек ғана 2011 жылғы аудан бойынша 231 млн. теңгеден астам қаражатқа 22 қуатты ауыл шаруашылық техникалары сатып алынды. Қазіргі уақытта аудан бойынша қолданыстағы техникалардың 85 пайызы жаңаланды.
Соңғы жылдары мал шаруашылығында да тұрақты  даму байқалуда. Оның үстіне қазіргі уақытта Үкіметтен асыл тұқымды мал басына берілетін субсидия мен мал шаруашылығын дамытуға арналған облыстық және аудандық бағдарламаларды жүзеге асыру нәтижесінде мал өсірумен айналысатын шаруашылықтар саны артып келеді.
2012 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша малдың барлық түліктері мен үй құстарының саны өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 105,6 пайызға өскен. Оның ішінде қой мен ешкі 116%, жылқы 117%, түйе 116%, шошқа 100% және құстар 108% өскен. Барлық мал басының 88,3% жеке меншікте саналса, шаруашылықтардағы мал басы 11,7% құрап отыр. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 2,3% артық. Яғни, қазіргі уақытта шаруашылықтар егін егумен қатар мал өсіруге де мүдделі болып отыр.
Бүгінгі уақытта ауданда ірі қара малдың ақ бас тұқымын өсіретін 3 тұқым фермасы бар. Олар: Ленинград с/о «Ахмеджанов» ШҚ, Кеңащы с/о «Алдоңғаров» ШҚ және Алқатерек селосындағы «Асыр Тобыл» ЖШС-гі. «Ахметжанов» ШҚ-ғы өз қаражаты есебінен соңғы екі жыл ішінде асыл тұқымды қазақтың ақ бас сиырын 28 пайызға өсірді. Сонымен қатар осы шаруашылықта жылқы және түйе өсіріледі және олардың саны 10 пайызға артты.
2011 жылы тірі салмақта 4,8 мың тонна ет, 33,6 мың тонна сүт және 4 млн. 500 мың дана жұмыртқа өндірілген, бұл 2010 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда сәйкесінше 1,0; 4,1 және 10,3 пайызға артық.
Мал басының өсуіне байланысты бүгінгі уақытта қатаң ветеринарлық талаптар қойылып, орындалуы бақылауға алынған. Барлық селолық округтерде соңғы екі жыл ішінде жоспарланған 22 арнайы мал соятын орындардың 17 салынып пайдалануға берілді.
Өткен жылы бюджетте  селолық округтерде мал қорымына арналған термиялық ор салуға қаражат бөлініп игерілді.
Қазіргі уақытта Дәуіт селосында «Ахмеджанов» ШҚ-мен және «Нұр» ЖШС-мен типті мал соятын орын ашу жоспарланып отыр. Бұл нысандар тек мал сою үшін ғана емес, ет өнімдерін өндіріп, сұрыптап сатуға арналатын болады.
Жеке және жанұялық кәсіпкерлікті дамыту, шаруашылықты дамыту мақсатында тұрғындарға шағын несиеберу арқылы жұмыспен қамту бағдарламасы жүзеге асырылуда.
Одан басқа Президент Жолдауыныа туындайтын мал басының санын өсіру және етті шаруашылықты дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 2011 жылы барлық сомасы 115 млн. теңгеден асатын 18 жоба іске асырылды.
Биылғы 27 қаңтардағы Елбасы Жолдауының оныншы бағытында айтылған мал шаруашылығымен айналысатын шаруашылықтардың санын өсіру, оның ішінде қой өсіру туралы тапсырмасына сәйкес биылғы жылы «Сыбаға» бағдарламасы бойынша барлығы 500 млн. теңгеден астам қаражатқа 27 жоба іске асырылмақ.

Өнеркәсіп
Біздің аудан ерекше өнеркәсіп әлеуетіне ие. Өнеркәсіп саласының негізгі бағыты қиыршық тас өндіру мен оны өңдеу саласына бағытталған. Жыл сайын өндірісіті дамыту ісі жақсы қарқынмен жүргізілуде.
 20101 жыл қорытындысы бойынша ауданымыздағы өнеркәсіп орындарының өндірген өнім көлемі қаржылық емес секторда 2010 жылмен салыстырғанда 28,1 млн. теңгеге артып, 312,4 млн. теңгені құрады. Осы көрсеткіш есебінен физикалық көлем индексі 110 пайыз болды.
Өнеркәсіп құрылымының негізгі бөлігін Ленинград селосында орналасқан тау-кен өндіріс орындары құрайды. Олар: «Компания Диорит ЛТД», «Кварц-2», «ПКФ Гранит-2», «Ленинград жолдары», «Шунгит» ЖШС-тері. Олармен жыл бойы 137,4 мың текше метр қиыршық тас өндірілді. Бұл саладағы өндірілген өнім көлемі 182,2 млн. теңгеге жетіп, барлық өнеркәсіп өнімдерінің 58 пайызын құрады. 
Ауданда тамақ өнімдерін өндіретін 19 кәсіпорын жұмыс жасайды. Оның ішінде 4-уі ұн шығаратын, 1 макарон өнімдерін өндіретін цех, және 13 нан және нан өнімдерін өндіретін  кәсіпорындар.
4 ұн өндірумен айналысатын кәсіпорындармен 2011 жылы өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда өнім көлемі 19 пайызға артып, жыл ішінде 1182 тонна ұн өндірілді.
Халықты нанмен қамтамасыз етуде аудан бойынша 14 наубайхана жұмыс жасауда. 600 грамдық бір бөлке нанның бағасы былтырғы жылғы осы уақыттың көлемінде сақталып отыр, орташа баға 38-45 теңгеден. 2011 жыл қорытындысы бойынша жоғардағы наубайханалармен 851 тонна нан және нан өнімдері өндірілді. Бұл былтырғы жылғы осы уақытпен салыстырғанда 2 есеге артық.
2011 жылы негізгі капиталға 1146 млн.теңге көлемінде инвестиция тартылған. Бұл 2010 жылғы осы уақыттағы көрсеткішпен салыстырғанда 143,3 пайызды құрайды.

Қаржы жағдайы
2011 жылдың 1 қаңтары бойынша мемлекеттік бюджетке салық және басқа да төлемдерді жинау жоспары аудан бойынша 103,4 пайызға орындалып, 547,2 млн. теңгені құрады. Оның ішінде, республикалық бюджетке 112,1 млн. теңге түсіп, болжам 116,3 пайызға, облыстық бюджет кірісі бойынша болжам 101 пайызға, аудандық бюджет кірісі бойынша болжам 100 пайызға орындалып, жергілікті бюджетке барлығы 435 млн. теңге түсті.  
Жалпы 2011 жылға арналған аудандық бюджет шығысы республикалық бюджеттен бөлінген трансферттерді қоса алғанда 2 млрд. 183 млн. 976 мың теңгені құрап, өткен жылғымен салыстырғанда 553 млн. теңгег артық жұмсалды. Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде барлық деңгейдегі бюджет қаражатын игеру 2011 жыл қорытындысы бойынша 99,8 пайыз болды.
Өткен жылы бос қалдықтарды есептей отырып, бюджетке нақтылау жүргізілді. Ол 2011 жылдың басындағы бос қалдықты қоса есептегенде жыл бойы 19 млн. 809 мың теңгеге нақтылау жүргізілді, оның ішінде 7 млн. 600 мың теңге кірістер жөніндегі жоспарды асыра орындау есебінен. Бұл сомалар ауданның әлеуметтік салаларын қосымша қаржыландыруға жұмсалды.

Құрылыс
Құрылыс саласында мемлекет тарапынан тұрғын-үй шаруашылығын дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлініп отыр. Елбасының биылғы Жолдауындағы он бағыттың бірі осы салаға арналды. Сондай-ақ биылдан бастап жаңа «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламасы әзірленетін болды. Бұл өз кезегінде жас отбасыларын тұрғын-үймен қамтамасыз ету мәселесін шешетін болады.
Осы міндеттерді жүзеге асыру аясында 2011 жылы аудан бойынша тұрғын-үй құрылысының жоспары 100 пайызға орындалып, жалпы алаңы 2620 шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер салынды.
2011 жылы бюджет қаражатына 79 шаршы метр бір коммуналдық пәтер, «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы аясында жалпы алаңы 560 шаршы метр болатын  бір пәтерлі 8 тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді.
Президент Жолдауын жүзеге асыру мақсатында биылғы жылы Ленинград селосындағы коммуналдық меншіктегі бос тұрған екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үйді күрделі жөндеуге жобалау-сметалық құжаттарын дайындау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Өткен жылы барлық селолық округтерде ауылды көркейту, жасылдандыру, тазалау үш айлығы барысында көп жұмыстар атқарылды. Әр елді мекендердегі бұзылып, қираған үйлердің орны тазаланып, көп жылдардан бері үйілген үйінділер шығарылды. Қатты қалдықтарды төгетін қоқыс свалкалары санитарлық нормаға сәйкес құжаттандырылып, жыл сайын ретке келтіріліп отыр.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай 2011 жылы іске қосылуы жоспарланған өндірістік және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы 32 нысан пайдалануға берілді.  Атап айтсақ, Ащыкөл,Ленинград және Талшық селоларында кафе, Айсары, Ақжарқын, Ұялы селоларында дүкен, Үлгілі селосында хоккей қорапшасы, Ақжарқын селосында жазғы стадион, Кеңащы және Горький селоларында «Тәуелсіздік» композициясы, Айсары селосында «Мәңгілік махаббат» монументі, Алқатерек және Горький елді мекендерінде толық күндік шағын орталықтар, Бостандық және Киев елді мекендерінде таза ауыз су мұнарасы, Алқатерек және Бостандық селоларында «Билайн» ұялы байланыс жүйесі, Ленинград селосында «Ана мен бала» монументі, музыка мектебі, Ақжарқын, Дәуіт, Ұялы, Айсары селоларында мал фермалары, Талшық селосында автовокзал, тарихи өлкетану музейі, балалар алаңы, ауған соғысы жауынгерлерінің аллеясы, Мемлекеттік рәміздер архитектуралық композициясы, өнер мектебі, пластикалық терезе жасау цехы, блок жасау және ағаш өңдеу цехы, «Думан» мәдени-сауықтыру орталығының жанынан 300 орынға арналған қосымша корпус ашылды.
«Тәуелсіздіктің жиырма шыңы» 20 жұлдызды күн аясында жоспарланған әлеуметтік нысандар да пайдалануға берілді.
 Ауыл ішіндегі жолдарды жөндеуге де ерекше көңіл аударып келеміз. Өткен жылы осы жолдарға құм төсеп тегістеу жұмыстарына 4000 тоннадан астам құм және қиыршық тас тасылып, төселді.
Әр ауылда көркейту жұмыстары бойынша жаңа нысандар ашылу жұмысы биылғы жылы да жалғасын табьатын болады.
Осы мақсатта аудандық бюджеттен Ленинград, Восход, Қулыкөл, Май және Ұялы ауылдық округтеріне көркейту жұмыстарына арнайы қаражат бөлініп отыр. Бұл өз кезегінде әр селода сквер, парк, монумент және гүлзарлар мен көркейту алаңдарын ашуға үлкен септігі тиері сөзсіз.

Шағын және орта бизнес. Кәсіпкерлікті қолдау
Елбасы Жолдауын жүзеге асыру аясында шағын және орта бизнесті дамытуды белсенді түрде жүргізу міндеті қойылып отыр. Биылғы Жолдауда инновация енгізуші жас бизнесмендерді қолдау мақсатында Үкіметке «Бизнестің жол картасы 2020»  бағдарламасына өзгерістер енгізу тапсырылды.
2012 жылдың 1 қаңтары бойынша ауданда 663 шағын кәсіпкерлік субъектілері, оның ішінде 354 жеке кәсіпкер, 69 заңды тұлға, 227 шаруа қожалығы тіркелген. 
             Жаңа жұмыс орындарын құру және кәсіпкерлерге бизнес жасауға көмек көрсету үшін ауданда кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштерінің мониторингі мен талдауы тұрақты жүргізіліп отырады.
2011 жылы жеке кәсіпкерлермен қосымша 116 жұмыс орны ашылып, осы салада жұмыспен қамтылған тұрғындардың жалпы саны 1730 адамды құрады.
            Шағын кәсіпкерлік субъектілерін өткен жылы барлық қаржы көздерінен 65,3 млн. теңге несие берілді.
            Ауданда 381 инфрақұрылым нысандары халыққа қызмет көрсетеді. Олар: сауда кәсіпорындары, қоғамдық тамақтану орындары, жөндеу шеберханалары, шаштараз, фотосалондар, дәріханалар, қонақүйлер, транспорт қызметі, коммуналдық база және тағы басқалар.
Айта кету керек, аудандағы сауда кәсіпорындары халықты қажетті өнім түрлерімен толық қанағаттандыруда және әр елді мекендегі тұтынушылардың  күнделікті сұраныстағы тауар жиынтығын сатып алуға мүмкіндігі бар.
2011 жылы бөлшек тауар айналымы 1 млрд. 142 млн. теңгені құрап, өткен жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 2 есеге жуық артты.
Ауданымыздағы кәсіпкерлер мен кәсіпкерлікті жаңадан бастаушыларға қолдау көрсету жұмысы тұрақты түрде жүргізіліп келеді.  2011 жыл ішінде барлығы 13 кәсіпкерлік нысандары, оның ішінде 2  халық тұтынатын тауарлар дүкені, 2 транспорт қызметі, 2 кафе, компьютерлік техникаларды жөндеу орны, құрылыс материалдары мен блок шығаратын цех, пластикалық терезе жасау цехы, кондитерлік өнім өндіру цехы және мәдени сауықтыру нысандары ашылды.
             «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ-ның аймақтық филиалы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның филиалы, «Ақжар кредит» кредиттік серіктестігі» ЖШС-гі, «Ақжар», «Даяна Кредит» микрокредиттік ұйымдары және екінші дәрежелі банктер арқылы қаржылай қолдаулар көрсетіледі.
            2011 жылы шағын бизнес субъектілеріне ісін ары қарай жалғастыру және жаңадан өндіріс ашу үшін жалпы алаңы 3,8105 гектарды құрайтын 8,4 млн. теңгеге 25 жер учаскесі сатылып, 16047 гектарды құрайтын 35 жер уческесі арендаға берілді.
 «Лукбанов», «Жалын-2» және «Компания Диорит ЛТД» ЖШС-тері, «Каримов», «Искакова» және «Байгереева» жеке кәсіпкерлері әр түрлі номинациялар бойыншааумақтық конкурстардың лауреаттары атанып, облыс бойынша үздіктер қатарынан көрінуде.

Сумен қамтамасыз ету
Бүгінгі уақытта ауылдарды дамытудағы негізгі мәселенің бірі – ол сумен қамтамасыз ету, оны үнемдеу мен тиімді пайдалану болып отыр. Жолдауда айтылғандай ауылдық жерлерді құбырлы сумен қамтамасыз ету жұмысы да бағдарламаға сәйкес жүргізілуде.
«Таза ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру нәтижесінде ауданымыздағы 25 елді мекеннің 24  таза ауыз сумен қамтылған. Осы жылдары аудандағы сумен қамту шарасына барлығы 1 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсалыпты.
2011 жылы 500 млн. теңгеден астам республикалық бюджеттен қаражатына Бостан-Киев селоларына баратын су құбырын қалпына келтіріліп, су мұнаралары пайдалануға берілді.
Қазіргі уақытта «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 2013 жылдан бастап жүзеге асырылатын 23 елді мекеннің су құбырларын жөндеуге жобалау-сметалық құжаттама дайындалған. 
Биылғы жылы Дәуіт селосындағы су тарату жүйесін қайта қалпына келтіруге 43,6 млн. теңге қарастырылып отыр.
Биылдан бастап, су тарату жүйелері іске қосылған Ақжарқын, Ащыкөл, Ленинград, Талшық селоларында суды субсидиялау мәселесін шешу жұмысы қолға алынатын болады. 

Транспорт және байланыс
Жол және оны күту мен ұстау бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Ауданда ұзындығы 484 шақырым автомобиль жолы бар, оның ішінде 75 шақырымы республикалық, 409 облыстық және жергілікті маңызы бар жол болып бөлінеді. Жергілікті маңызы бар жолдың 230 шақырымы қатты төсенішті, ал қалған бөлігі топырақты төсенішті.
2011 жылы жергілікті жолдарды ұстау мен жөндеу жұмыстарына 37,7 млн. теңге немесе өткен жылғыдан 4,5 млн. теңге артық жұмсалды. Нәтижесінде аудандық маңызы бар жолдардың ой-шұңқырларын тегістелді.
Өткен жылы облыс әкімінің қолдауынының арқасында бос тұрған коммуналдық нысанға 15 млн. теңгеге күрделі жөндеу жүргізіліп автостанция пайдалануға берілді.
Халықты жолаушылар тасымалымен қамтамасыз етуде аудан ішінде 7, облысаралық 5, халықаралық 6 автобус маршруты  қатынайды.
Жолаушылар тасымалы бағытында автобус маршруттарынан басқа темір жол қатынасы да қызмет көрсетеді. Астана-Қызыл ту бағыты бойынша күн ара қатынайтын жолаушылар пойызы аудан тұрғындары үшін қолайлы жағдай туғызып отыр.
Бүгінгі уақытта телефон байланысы мәселесі барлық елді мекендерде толық шешімін тапты.  Жыл бойынша тұрғындардың өтініші бойынша 53 қосымша телефон орнатылып 2012 жылдың 1 қаңтары бойынша аудан бойынша 4534 телефон абоненті халықтың игілігіне қызмет жасауда.
Өткен жылы Алқатерек және Бостандық селоларында «Билайн» ұялы байланыс жүйесі іске қосылды, биылғы жылы Горький елді мекеніне қою жоспарланып отыр.

Әлеуметтік сала
Алға қойылған мақсаттарға жету үшін бізге табиғат байлықтары, өнеркәсіп инфрақұрылымдары және қаржы мүмкіндіктері өз әсерін тигізетіндігі анық. Алайда, еліміздің ең негізгі байлығы – ол адам, оның денсаулығы мен тұрмыс жағдайы, білімі мен мүмкіндіктері екендігіне ешкім де шүбә келтірмейді. Сондықтан да мемлекет әрқашан адами факторды, оның білімі мен денсаулығын басты назарда ұстайды. Елбасы Жолдауында: «Болашақта қазақстандықтар жоғарғы білімді, дені сау, жауапты да бастамашыл, рухани бай және мәдениетті, жан-жақты қамтамасыз етілген болуы қажет» деп атап көрсетті.

Денсаулық сақтау
            Жоғарғы білімді қазақстандықтың жеке табысқа жетуі және өз Отанына пайда келтіруі үшін мықты денсаулығы болуы шарт. Халық денсаулығы – мемлекетікұлттық қауіпсіздігінің негізі. Сондықтан жыл сайын денсаулық саласына бөлінетін бюджет қаражаты артып, осы саланы дамыту жөнінде жаңа бағдарламалар қабылдануда.
            Аудан тұрғындарына кепілдендірілген медициналық көмек 24 емдеу-сауықтыру мемекемсі арқылы көрсетіліп отыр.
            Осы мекемелерге 2011 жылы 590 мың теңге қаражатқа ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ауылдық медициналық пункттерінің материалдық-техникалық жағдайлары жыл сайын жақсарып келеді. Селолық елді мекендердегі барлық медициналық пунткттер мен дәрігерлік амбулаториялар қажетті жабдықтармен және орталық дәріхана арқылы дәрілермен  толық қамтамасыз етілген.
Орталық аурухана халықаралық стандарттарға сәйкес барлық қажетті медициналық жабдықтармен толық қамтамсыз етілген.
Қазіргі уақытта жоғары білікті медициналық кадрларды ауылға тарту жұмысы күн тәртібінен түскен емес. Келген дәрігер мамандарға барлық жағдайлар жасалуда. Тұрғын үй мәселесі шешілген, ауылға келген жоғарғы білімді дәрігерлер үшін көтермелеуге берілетін қаржы да қарастырылған. Өткен жылы бізге 2 дәрігер келіп, оларға тұрғын үй берілді және көтермелеу ақысы төленді. Бұл жұмыс биыл да жалғасатын болады.
Жалпы мемлекет  тарапынан денсаулық саласына жасалып жатқан жағдайлардың, оның ішінде ана мен бала жасалынған зор қамқорлықтың нәтижесінде ауданымыздағы табиғи өсім жыл сайын артып бала туу көрсеткіші де жақсарып келеді.
Бұған әрине, облыс әкімі С.С.Біләловтың бастамасымен республика бойынша біздің облысымызда ғана іске асырылып отырған  «Ұрпақ қоры» бағдарламасының зор әсері тигені анық. Бала тууды ынталандыруға байланысты жасалған осы бағдарлама бойынша төртінші және одан кейінгі туған балаларға депозит ашылып, 226 мың теңге салынады.
Бүгінгі күні ауданның барлық дәрігерлік емханалары мен медициналық пункттерінде телефон байланысы бар.

            Білім беру
            Әлемдік бәсекелестік жағдайында өз азаматтарының интелектуалдық дамуы үшін жүйелі түрде жағдай жасаған ел ғана жеңіп шыға алады. Сондықтан Президентің жыл сайынғы Жолдауында барлық деңгейдегі білім сапасын арттыру жөнінде нақты бағыт беріліп келеді.
Біздің елімізде бала бақшадан университетке дейін сапалы білім алуға қол жеткізілген.
Білім беру саласы бойынша ауданымыздың сапалық көрсеткіштері жыл сайын артып келеді. Бұл бағытта 23 орта, 2 негізгі, бір бастауыш мектеп, балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі,  2 балабақша, №6 кәсіби мектеп, жасөспірімдер үйі және медициналық-педагогикалық психологиялық консультация үздіксіз және 26 шағын орталық жүйелі түрде жұмыс жасап келеді.
Балаларға қажетті сапалы білім беру үшін мектептерде барлық жағдайлар жасалған. Телефон байланысы және  компьютерлермен қамтамасыз етіліп, Интернет жүйесіне қосылған.
8 мектептің оқушылары кең жолақты «Оkunet.kz”  желісімен жұмыс жасайды.
Мектеп кітапханалары барлық пәндер бойынша электронды оқулықтармен қаматамасыз етілген.
Барлық мектептерде ыстық тамақпен қамту мәселесі толық шешілген.
2011 жылы 5 мектепке күрделі жөндеу жұмыстарын жасауға бюджеттен 30,4 млн. теңге бөлініп игерілді. Сонымен қатар, өткен жылы Ленинград селосында музыкалық мектеп, талшық селосында өнер мектебі мен балалар мен жасөспірімдер клубы, Алқатерек пен Горький елді мекендерінде толық күндік шағын орталықтар ашылды.
2011 жылы мектептерді материалдық-техникалық жабдықтауға 6 млн. теңге сомасында бюджет қаражаты бөлініп, игерілді. Сондай-ақ 5,4 млн. теңге республикалық бюджет қаражатына Қарашілік орта мектебіне мультимедиалық кабинет және Алқатерек пен Горький мектептеріндегі шағын орталықтарға 982 мың теңгеге мебель сатып алынды. 
Мектептердің материалдық-техникалық жарақтан-дырылуы мен мұғалімдерге жасалып жатқан методикалық көмектердіңнәтижесінде білім сапасы жылдан-жылға артып келеді. 2010 жылы 4 «Алтын белгі» иелері шықса, өткен жылы 3 оқушымыз ҰБТ-де оны абыроймен қорғап шықты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың ауылдық жерлердегі барлық балалар мектеп жасына дейінгі тәрбие берумен және оқытумен қамту туралы тапсырмасына сәйкес бүгінгі күні біздің ауданда бұл көрсеткіш 85,6 пайызға жетті немесе 785 баланы қамтиды. Олар Ленинград және Талшық селосындағы екі балабақшада және 26 мектептегі  шағын орталықтарда тәрбиеленіп, оқытылуда. 2010 жылы 2 шағын орталық 2011 жылы тағы 2 орталық балабақша секілді толық күн режиміне көшірілді. Биылғы жылы Май және Кеңащы селоарындағы шағын орталықтар толық күндікке ауыстырылады.
Сонымен қатар, биыл былтыр облыс әкімінің қолдауымен басталған Талшық селосында екінші балабақша және Қулыкөл селосындағы балабақша құрылыстары аяқталып, пайдалануға берілетін болады.
Үшінші жыл жүзеге асырылып келе жатқан «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 2011 жылы жақсы жалғасын тапты. Осы бағдарлама бойынша әлеуметтік сала мамандары, оның ішінде денсаулық сақтау, білім, мәдениет, спорт әлеуметтік қамсыздандыру саласына келген65 жас маманға көтерме ақы төленді.  Олардың барлығына 6,9 млн. теңге көлемінде көтерме ақы төленсе, 16 жас маман пәтерлі болды. Пәтер сатып алуға 20,7 млн. теңге көлемінде пайызсыз  несие берілді.
Бұл сауатты да білімді жастарды ауылға тарту үшін және ауылды көркейту үшін жасалып жатқан игі қадамдардың бірі.

Әлеуметтік қорғау
            Еліміздің дамыған экономикасы бізге жаңа әлеуметтік саясат жүргізуді бастауға мүмкіндік беріп отыр. Ол әркімнің өзінің жауапкершілігін жүзеге асыру, балалыболып жақсы жағдайда өмір сүру, қамтамасыз етілген қарттық сияқты қазақстандықтардың өмірлік маңызы бар ұмтылысын қанағаттандыруға негізделетін болады. 
            Жолдауда айтылған осы міндеттерді басшылыққа ала отырып, халықтың тіршілік деңгейін арттыру бойынша жүйелі жұмыстар атқарылуда. 2011 жылғы 1 желтоқсандағы мәлімет бойынша орташа айлық жалақы мөлшері аудан бойынша 49837 теңге болды немесе 2010 жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 14,8 пайызға артқан.
            Қолданылған шаралардың нәтижесінде 2011 жылы 1474 жұмыссыз жұмысқа орналастырылып, жоспар 138 пайызға орындалды. Оның ішінде тұрақты жұмысқа 516 адам орналасты.
Өкілетті орган арқылы жоспар бойынша 461 адам жұмысқа орналастыру болжанса, нақты 562 адам жұмыспен қамтылып, жоспар 121,9 пайызға артық орындалды.
2012 жылдың 1 қаңтары бойынша ауданда тұрмысы төмен 71 отбасы немесе 194 адам бар, бұл 2011 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 188 адамға немесе 30 отбасына азайған. Осы көрсеткіштің нәтижесінде 2012 жылғы 1 қаңтар мерзіміне сәйкес кедейшілік деңгейі 1,1 пайызды құрады. Бұл өткен жылғы осы уақытпен салыстырғанда 0,7 пайызға аз. 
            Аз қамтамасыз етілген азаматтарды қолдау мақсатында 7,9 млн. теңге мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 538 адамға берілген. 2010 жылмен салыстырғанда аз қамтылған азаматтардың саны 286 адамға азайды.
            Жұмыс іздеуде қиындық көретін тұлғалар үшін өткен жылы жалпы еңбекақы қоры 12 млн. теңге соманы құрайтын  190 адам  төленетін қоғамдық жұмыстармен қамтамасыз етілген. Жоспар 100 пайызға орындалды.
            2011 жыл бойы  мемлекеттік балалар жәрдемақысы 1080 балаға немесе 431 отбасына бөлініп 12 млн. 977 мың теңге төленді. Бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 249 балаға азайған.
Мүгедектерді оңалту бағдарламасын жүзеге асыруға 2011 жылы 1 млн. 834 мың теңге бөлініп, игерілді. Осы бағдарламаға сәйкес 24 мүгедек емдеу-сауықтыру орындарына демалып келді. Жыл бойы 5 адам тифлоқұралдармен, 5 адам тифлотехникамен және 10 мүгедек орындық-коляскамен және жүру коляскасымен қамтамасыз етілді.
Елге оралған қандастарымызды қабылдау, орналастыру, еңбекпен қамту және орнықтыру жөнінде жүргізіліп жатқан мақсатты жұмыс жалғасуда. 2011 жылы облыстық көші-қон басқармасының жолдамасымен 16 отбасы біздің ауданға келіп қоныстануда.
Кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту жөніндегі жүргізілетін жұмыс алдағы уақытта да жалғасатын болады. Бұл мәселені шешу ауданның барлық мемлекеттік органдарынан аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсарту жөніндегі нысаналы жұмысын талап етеді.

Мәдениет
Елбасы Н.Ә.Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайы бұдан әлдеқайда күрделі кезеңдерде де мәдениет мәселесін назардан тыс қалдырған емес. Осыдан 10 жыл бұрын «Мәдениетті қолдау жылы» деп әйгілеп, арға-бергі тарихымыз бен ұлттық мәдениетіміздің жылдар бойы қордаланып қалған бірқатар проблемаларын шешуге жағдай жасалды.
Сол уақыттан бері ауданның мәдениет саласы да үнемі даму үстінде. Жыл сайын аудан бойынша мәдениет мекемелерінің саны өсіп келеді. сонымен қатар пайдаланудағы мәдениет нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. 2008-2009 жылдары аудандық мәдениет үйіне 16 млн. теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілсе, былтырғы жылы «Жол картасы» бағдарламасы бойынша 11 млн. теңге бюджет қаражатына Кеңашы селолық клубы қайта жөнделіп, халық игілігіне берілді.
Биылғы жылы Май селолық клубын қайта жөндеу жалғасады және Ащыкөл, Айсары, Восход, Үлгілі селолық клубтарын қайта жөндеу үшін жобалау-сметалық құжаттары дайындалатын болады.
            Соңғы бес жылдың ішінде аудандағы мәдениет нысандары 4 есеге өсіп, бүгінде аудан бойынша 18 клуб (оның 13 –і мемлекеттік, 4-уі жеке меншік), 13 мемлекеттік кітапхана жұмыс жасауда. Сонымен қатар барлық білім мекемелерінде кітапханалар жұмыс істейді.
            Өткен жылы көрнекті мемлекет қайраткері, публицист, талантты жазушы, сыншы және кәсіби экономист Смағұл Садуақасұлының 110 жылдығы аталып өтті. Осы шараға байланысты Талшық селосында аудандық конференция ұйымдастырылып, аудан орталығынан жаңадан іргетасы қаланған Смағұл Сәдақасұлын атындағы өлкетану музейі пайдалануға берілді.

Спорт

             Президенттің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жолдауында айтылғандай халықты салауатты өмір салтын ұстануға шақыру және тұрғындардың 30 пайызын бұқаралық спортқа тарту бүгінгі күннің басты талабы болып табылады. Бұл бағыттағы ауданда нақты және жүйелі жұмыс жүргізіліп, соның нәтижесінде ауданымыздың спортшылары бүгінде облыстық, республикалық және халықаралық дәрежеде өнер көрсетіп, зор табысқа жетіп жүр.

 

Бүгінде ауданымыздан шыққан жас балуандапр грек-рим күресінен спорт шеберлері Баймағанбетов Ақан, Ризат Мұхамадиев, Нығматуллин Ринат және қыздар арасынан ауданымызда грек-рим күресінен шыққан тұңғыш спорт шебері Өтеғұлова Айдана, жеңіл атлетикадан спорт шеберлері Юрченко Татьяна мен Кондрат Регина, ауыр атлетикадан республика чемпионы Эдуард Голь, спорт шеберлері футболшы қыздарымыз және тағы басқа көптеген спортшыларымызды мақтан тұтамыз.  2011 жылы ауыр атлетикадан 13 жасар Қалиев Жаслан ең жас спорт шебері атанып, ауданымыздың спорт саласындағы абыройын тағы бір биіке көтерді.

Аталған спортшыларымыздың барлығы да біздің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері мен түлектері. Қазіргі уақытта осы спорт мектебінің 10 бөлімшесінде 556 оқушы тәрбиеленуде. Осы бөлімшелерде спортпен шұғылданушылардың саны жыл сайын өсіп келеді. Бүгінде спортпен және дене шынықтырумен жүйелі түрде айналысушылар саны 5000-нан асып, 27 пайызға жетті.  Осылардың арасынан ертеңгі күні бұдан да зор жетістіктерге жететін шәкірттер шығатындығына сеніміміз зор.

Жыл сайын дәстүрлі түрде жазғы және қысқы спорттық ойындарын  өткізудің нәтижесінде спорттық нысандар саны көбейіп, бүгінде 150-ге жетті. Сонымен қатар, спорттың ұлттық  түрлері бойынша спартакиада, волейбол, баскетбол, футбол, шағын футбол турнирлері, еркін және грек-римдік күрес бойынша чемпионаттар  өткізіліп келеді.

            Өткен жылы Үлгілі селосында хоккей қорапшасы, Ақжарқын селосында жазғы стадион салынып, ел игілігіне пайдалануға берілді.
Биылғы жылы Бостандық және Горький елді мекендерінде стадион, Қызылту селосында хоккей қорапшасы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.
             Ауданның спортшылары барлық облыстық шараларға  белсене қатысты.    
            Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын одан әрі өсіру үшін осы жылы 50-ден артық әлеуметтік, өнеркәсіптік бағыттағы нысандарды пайдалануға беру жоспарлданып отыр:
өнеркәсіп саласы бойынша – жалпы сомасы 300 млн. теңгеден артық 3 жоба іске асырылады:
- сыртқы қаптауға арналған тас өндіру бойынша «Ақжар инвест»ЖШС-гі;
- қиыршық тас өндіру мен өңдеу саласында «Отау бизнес» және «Ақжар Нейрут» ЖШС-тері.
ауыл шаруашылығы бойынша:
- «Лұқбанова» ЖШС-мен жобалық құны 250 млн. теңге 200 бас қазақтың ақ бас сиырын бордақылауға арналған ферма құрылысы;
- Дәуіт селосында «Нұр» ЖШС-мен сүт өңдеу цехын ашу;
- «Ахмутдинов» және «Бекет» шаруа қожалықтарымен мал соятын орын салу;
- Ленинград селосында «Раушан» ФШ-мен 500 тонна сыйымдылықты көкөніс сақтау орын салу;
- «Сыбаға» бағдарламасы бойынша жалпы сомасы 500 млн. теңгеден асатын 27 жоба іске асырылатын болады.
тұрғын-үй шаруашылығын қайта жөндеу және ауылды көркейту саласы бойынша:

  • Дәуіт селосында 43,5 млн. теңге бюджет қаражатына су жүйесін қайта қалпына келтіру;
  • Ленинград, Май, Қулыкөл, Восход және Ұялы селоларында демалыс паркі, сквер ашу;
  • Талшық селосында Президент демалыс саябағын салу;
  • Ақжарқын-Киевское, Талшық-Ақсары бағытындағы жолдарды ағымдағы жөндеу және тегістеу жұмыстарын жүргізу;

қызмет көрсету саласы бойынша:
- Алқатерек селосындағы 15 орынға арналған қоғамдық монша құрылысын аяқтау;
- Талшық селосында қоғамдық монша құрылысын  бастау;
- Ленинград селосында қуаттылығы жылына 34 тонна нан және кондитер өнімдерін өндіретін наубайхана салу;
әлеуметік сала бойынша:
- Бостандық және Горький селоларында жазғы стадион салу;
- Қызылту селосында хоккей қорапшасын салу;
- Талшық селосында екінші балабақша ғимараты, Қулыкөл селосындағы балабақша құрылыстарының аяқталуы;
- Май және Кеңащы мектептеріне күрделі жөндеумен бірге шағын орталықты толық күнге ауыстыру;
- Май селолық клубын қалпына келтіру жұмысын аяқтау;
- «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы бойынша 31 жоба іске асырылатын болады.

Құрметті жерлестер!
Ал биылғы жылымыз 15 қаңтардағы Парламент мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарын сайлау қорытындысы бойынша жақсы нәтижемен басталғаны белгілі. Ел халқы Елбасы төрағалық жасайтын «Нұр Отан» ХДП-на көпшілік дауыстарын беріп,   халықтық партиямен және оның басшысы Ұлт көшбасшысымен бірге екендіктерін тағы да дәлелдеп берді.  
Біз еліміз тәуелсіздігіміздің мерейтойлық жылын жақсы нәтижелермен аяқтадық. Осы жақсы бастама биылғы жылы 27 қаңтардағы Елбасының «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды ойдағыдай жүзеге асыруға негіз болады деп ойлаймын.
Ендеше, жаңа жылдағы жарқын бастамаларыңызға сәттілік тілеймін.  Ауданымызды дамыту жолында  қойылған мақсаттардың бәріне бірлесе отырып қол жеткізе аламыз деп сенемін!


қ әiiiң