Ðóñ | Қàç
Untitled Document

Кімнің мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру құқығы бар?
 Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 12 бабына сәйкес мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке кiру құқығы:

      1. Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуға құқығы бар.
      Мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу, осы Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, конкурстық негiзде жүзеге асырылады.
      2. Мемлекеттiк қызметшiнiң мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасуы ол тиiстi бос тұрған лауазымға қойылатын  бiлiктiлiк талаптарына сай келген жағдайда, мемлекеттiк қызметшiнiң және уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келiсiмiмен конкурстық iрiктеусiз ауысу тәртiбiмен жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн мемлекеттiк қызметшiге әкiмшiлiк жаза қолдану туралы қаулының орындалуы аяқталған күннен бастап бiр жыл iшiнде немесе оның сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн алынбаған тәртiптiк жазасы болған жағдайда, ауыстыру тәртiбiмен мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке орналасуына жол берiлмейдi.
      3. Өз өкiлеттiгiн доғарған, терiс себептермен доғарғандарын қоспағанда, өз өкiлеттiгiн кемiнде алты ай орындаған және қойылатын бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға конкурстық iрiктеусiз орналасу құқығы бар. Парламент депутаттарының, тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн мәслихат депутаттарының, мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң, судьялардың мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға орналасу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.
      4. Мемлекеттiк қызметке кiру кезiнде жынысына, нәсiлiне, қай ұлтқа жататынына, тiлiне, әлеуметтiк тегiне, мүлiктiк жағдайына, тұрғылықты жерiне, дiнге қатынасына, сенiмiне, қоғамдық бiрлестiктерге қатыстылығына және кез келген өзге де мән-жайларға қарай қандай да болсын тiкелей немесе жанама шектеулер белгiлеуге жол берiлмейдi.
      5. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы»  Заңда белгiленген жағдайларды қоспағанда, конкурстық iрiктеуден өтпеген азаматтарды мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметке қабылдаған лауазымды адам осы Заңның 28-бабында белгiленген тәртiппен жауапқа тартылады.
.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдарға қандай тиiспеушiлiк кепiлдiктерi бар?
            
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңының 7 бабына сәйкес сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдарға  келесі тиiспеушiлiк кепiлдiктерi бар:
      1. Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактiсi туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске өзге де түрде жәрдемдесетiн адам мемлекеттiң қорғауында болады.
      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адам туралы ақпарат мемлекеттiк құпия болып табылады және осы Заңның 6-бабының 2 және 4-тармақтарында аталған органдардың немесе соттың сұратуы бойынша заңда белгiленген тәртiппен ғана табыс етiледi. Бұл ақпаратты жария ету заңда белгiленген жауаптылыққа әкеп соғады.
      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргiзушi органдар қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетiн адамдардың жеке басының қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi.
      4. Осы баптың ережелерi көрiнеу жалған ақпарат хабарлаған Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңға сәйкес жауап беруге тиiс адамдарға қолданылмайды.


Àқæàð àóäàíû әêiìiíiң ðåñìè ñàéòû