Ðóñ | Қàç

Құðìåòòi õàíûìäàð ìåí ìûðçàëàð!

Òàñòåìèðîâ Àãçàì Àõìåòæàíîâè÷Àқæàð àóäàíû әêiìiíiң ñàéòûíäà Ñiçäåðäi қàðñû àëóғà қóàíûøòûìûç.

Àқæàð àóäàíû әêiìiíiң ñàéòû Ñiçäåðãå áiçäiң àóäàí òóðàëû æåäåë, îáúåêòèâòi æәíå íàқòû àқïàðàòòàðғà êåäåðãiñiç êiðóäi қàìòàìàñûç åòåäi, æàңà äîñòàð ìåí iñêåð әðiïòåñòåðäi òàáóғà êөìåê áåðåäi äåï ñåíåìií.

Áiçäiң ñàéòқà қîø êåëäiңiçäåð!


Æàңàëûқòàð ëåãi

15.01.2012 ж. Ақжарлықтар өз таңдауларын жасады

Аталмыш саяси науқан барысымен таныспақ ниетпен жұрт № 111 сайлау учаскесі орналасқан аудандық Мәдениет үйіне бет алды. Даланың әлі қараңғылығына қарамастан мәдениет ошағының іші халыққа толы екендігін байқалды. Саяси маңызды  шараға аса мән беріп азаматтық міндетін  орындауға келгендердің  қарасы қалың болып, олардың арасында аудан әкімі А.А. Тастеміровте болды.

09.01.2012 ж. Жетекші партия атынан додаға түскен үміткер сайлаушылармен кездесті

Дүйсенбі күні аудандық Мәдениет үйінің көрермендер залында Ақжар ауданы атынан облыстық мәслихатқа үміткер «Нұр Отан» ХДП Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары Қ.С. Пшнебаев жергілікті сайлаушылармен кездесу өткізді.

04.01.2012 ж. Лездеме - өзекті деген бес мәселе қаралды

Қаңтардың 4 күні аудан әкімдігінде аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалығымен Жаңа жыл мерекесінен кейінгі алғашқы лездеме болып өтті. Оған аудан әкімінің орынбасарлары, әкім аппаратының басшысы, мемлекеттік мекемелердің, ведомстволар мен ұйымдардың басшылары, ауылдық және селолық округтердің әкімдері қатысты.
Жиынның барысында аудан басшысы Ағзам Ахметжанұлы барлық қатысушыларды Жаңа жыл мейрамымен құттықтап, ұлу жылында мол табыстарға жетулеріне тілектесті білдірді.

15.12.2011 ж. Жаңа үйлердің  кілті табысталды

Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында аудан әкімі А.А.Тастеміров төрт отбасыға жаңа үйлердің кілттерін салтанатты түрде табыс етті. Жаңа пәтер иелерін қоныс тойларымен құттықтаған аудан басшысы оларға алда келе жатқан айдаһар жылында мол табыс тіледі.
 «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасының үшінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен бөлінген қаржыға аудан орталығында бой көтерген сегіз үйдің барлығы аталмыш бағдарламаға қатысуға ниет білдірген болашағы жоқ ауылдардың тізіміне енген Тұғыржап елді мекенінің сегіз отбасыларына берілетін болды.
Мемлекеттік бағдарлама аясында баспаналы болып отырған отбасылардың Талшық ауылына көшіп келуге байланысты үй иесіне 15 айлық көрсеткіш, ал отбасы мүшелерінің әрқайсысына 5 айлық көрсеткіш көлемінде субсидия төленеді.

 

14.12.2011 ж. Мәдениет майталмандары  марапатталды

Кеше, желтоқсанның 14 күні жұлдызды жиырма күн кестесіне сәйкес өткен салтанатты іс-шарада оған қатысқан аудан әкімі А.А.Тастеміров аудандық мәдениет саласының бір топ қызметкерлерін марапаттады.
Жиынға қатысушыларды тәуелсіз-діктің 20 жылдығымен құттықтаған аудан басшысы Ағзам Ахметжанұлы қоғам өміріндегі ең елеулі салаларының бірі, ұлт пен ұлысты біріктірген мәдени-еттің маңыздылығына жан-жақты тоқ-талып, аудан тұрғындарының рухани өмірін байытып, ел ішінде мәдениетті жаңғыртып жүрген мәдениет саласының бір топ қызметкерлеріне алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ мерекелік шара барысында Ленинград селосының тұр-ғыны, көп балалы ана Гайфулина Гульчианға «Күміс алқа» және өңірімізде бала туу санын арттыру мақсатында облыс әкімі Серік Біләловтің қол-дауымен бастау алған «Ұрпақ қоры» бағдарламасының сертификаттары төрт бала тәрби-елеп отырған аудан азаматтарына табысталды.
Қатысушыларға көтеріңкі көңіл сыйлаған шараның соңында аудандық Мәдениет үйінің қызметкерлері ән мен күйден шашу шашты.

11.12.2011 ж. Ақ халатты абзал жандардың еңбегі еленді

Желтоқсанның 11 күні аудан әкімі А.А.Тастеміров жұлдызды жиырма күн аясында тәуелсіздік жылдары денсаулық саласында көп жыл табысты еңбек еткен ақ халатты жандарды марапаттау рәсіміне қатысты.
Медицина қызметкерлерін тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтаған аудан әкімі А.А.Тастеміров аудан тұрғындарының денсаулығын бақылап, науқастарға қажетті ем-дом шараларын уақытында әрі сапалы жүргізіп отырған медицина қызметкерлерін дипломмен және естелік сыйлықтармен марапаттаған соң жас мамандар Мақпал Омарова, Айсәуле Сарманова мен Нұрлан Түлкібаевтарға пәтер кілтін табыс етті.
 Салтанатты шара соңында денсаулық саласының қызметкерлері мен ауданымыздың талантты әртістері қатысушыларға арнап концерт қойды.

 

 09.12.2011 ж. Білім саласының үздіктері марапатталды
Аудандық Мәдениет үйінің көрермендер залында «Жұлдызды 20 күн» жоспарына сай іс-шара өткізіліп, оған қатысқан аудан әкімі А.А.Тастеміров ауданымыздың үздік ұстаздарын марапаттады.
Салтанатты шара барысында мінбеге көтеріліп барлық қатысушыларды ел тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойымен құттықтаған, аудан әкімі А.А.Тастеміров тәуелсіздік жылдары ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі және білім саласындағы ұстаздық қызметтегі шығармашылық жетістіктері мен нәтижелері үшін бір топ ардагер ұстаздарды марапаттап, естелік сыйлықтар табыстады. Сондай-ақ «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша баспаналы болып отырған Талшық орта мектебінің ән-күй пәнінің мұғалімі М.Т.Здуалиева мен Бестерек орта мектебінің шағын орталық тәрбиешісі М.Т.Турабаеваларға пәтер кілттерін, ал аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұжымына көлік кілтін салтанатты түрде табыс етті.
Ресми бөлім аяқталған соң көрермендер назарына концерттік бағдарлама ұсынылып, онда білім саласының қызметкерлері ән мен күйден шашу шашты.

07.12.2011 ж. Конференция болып өтті

Өткен аптада аудан орталығында «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалық етуімен «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының кезектен тыс XIV конференциясы болып өтіп, оған аудандық мекеме-ұйым басшылары, аудандық мәслихат депутаттары және партия белсенділері қатысты.
Конференцияны ашқан аудан басшысы Ағзам Ахметжанұлы аталмыш партияның сайлау алды тұғырнамасына тоқталып өткен соң жиын барысында «Нұр Отан» халықтың демократиялық партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттыққа ұсынылатын азаматтардың тізімі жарияланды.
Сондай-ақ конференция барысында партияның аудандық филиалы саяси кеңесінің құрамы өзгертіліп, облыстық XIV партиялық конференцияға қатысатын делегаттар құрамы айқындалды. Жиын соңында қатысушылар Елбасының қойған міндеттеріне қолдау білдіріп, өздері жүзеге асырып жатқан жұмыстарына қысқаша тоқталып өткеннен кейін саяси кеңес салтанатты шарамен жалғасын тауып, «Нұр Отан» партиясының қатарына жаңадан қабылданған бір топ азаматтарға партия билеттері тапсырды.

07.12.2011 ж. Аудан әкімі қаржы саласының қызметкерлерін марапаттады

Сәрсенбі күні аудан әкімі А.А.Тастеміров тәуелсіздік жылдарында ауданымыздың экономикалық хал-ахуалына өз үлестерін қосып келген қаржы жүйесі мен банк қызметкерлерімен кездесіп, аталмыш шараға қатысқан аудандық қазынашылық бөлімінің бастығы З.И.Гиллер, қаржы бөлімінің бастығы А.Н.Адилова, экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Р.С.Жүнісова және «Қазпошта» АҚ аудандық бөлімшесінің бастығы А.Б.Қзиденовтер мен осы аталған мемлекеттік мекемелердің барша мамандарының еңбегін атап өтті.
Салтанатты шара барысында жиынға қатысушыларға жергілікті қаржыгерлердің ауданымыздың қоғамдық-саяси және мәдени өміріне белсенді қатысқан сәттері бейнеленген слайд көрсетіліп, ұлттық валюта - теңгенің қолданысқа енуі және оның қалыптасу тарихы жайында қысқаша видео баяндама жасалды. Содан соң қаржы жүйесінің қызметкерлерін тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтаған аудан әкімі Ағзам Ахметжанұлы оларға жауапты қызметтерінде сәттілік тілеп, салтанат иелеріне естелік сыйлықтар мен дипломдар табыстады.

 

06.12.2011 ж. Тарих шежіресінен сыр шерткен сахналық қойылым болды

Жуырда бүкіл ел көлемінде бастау алған «Тәуелсіз-діктің 20 шыңы» атты жұлдызды жиырма күн жоспарына сай ауданда осы аптада көптеген игі іс-шаралар жалғасын тапты.
Желтоқсанның 6 күні аудандық Мәдениет үйінің төрінде «Тәуел-сіздік – елімнің ерлік жолы» атты тарихи музыкалық кеш болып өтіп, оған қатысқан аудан әкімі А.А.Тастеміров пен аудан тұрғындары ел тарихынан сыр шертетін тарихи көріністі тамашалады.
Аудандық білім, дене шынықтыру және спорт бөлімі және Талшық орта мектебінің ұстаздары Заңдыбай Сандуғаш, А.М.Кукеев және Г.К.Жанаевалардың мұрындық болуымен ұйымдастырылған шараның мақсаты ата-бабаларымыз арман еткен тәуелсіздік жолындағы күресін тарихи қойылымда көрсету, өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, олардың бойында ұлттық болмысымызды қалыптастыру болды.

20.11.2011 ж. «Нұр Отан» ХДП АФ «дөңгелек үстелге» қатысушылар Меморандум қабылдады

Осы аптадағы сәрсенбі, қарашаның 17-сі күні «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалында сыбайлас жемқорлықпен күрес және осы жағымсыз құбылыспен қоғамда ымырасыз күрес жүргізу тақырыбын талқылауға арналған «дөңгелек үстел» өткізіліп, онда алғашқы болып сөз алған «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасы орынбасарының міндетін атқарушы Е.Қ.Жакупов өткен айда яғни қазанның 20 күні Елбасы Н.Назарбаев жемқорлыққа қарсы қоғамдық қозғалыс жасақтау меморандумына қол қойып, еліміздің бірқатар ұйымдары, атап айтқанда «Нұр Отан» ХДП, «ҚР кәсіподақ федерациясы», «Қазақстанның Азаматтық Альянсы», «Қазақстанның кәсіпкерлер форумы» Ассоциациясы, «Ардагерлер ұйымы», «Қазақстанның Бас редакторлар клубы» және т.б. ұйымдар бұл игі істе Мемлекет басшысын бірауыздан қолдағандығынан катысушыларды құлағдар етті.
Берілген шара аясында «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы, аудандық білім саласының кәсіподағы, аудандық ауылшаруашылық бөлімі, денсаулық саласы, «Соғыс және еңбек ардагерлерінің кеңесі» қоғамдық бірлестігі және аудандық «Дала дидары» және «Ақжар хабар» газеттерінің бас редакторы аталмыш меморандумға қол қойып, коғамымызды іштен шірітіп жатқан жемқорлықтың тамырына балта шаппақ болған бұл қоғамдық қозғалысқа енген ұйымдар қатарын толықтырды.

Жастар үйінде жылы жүзді кездесу болды

Жуырда біздің Ақжар ауданының әділет басқармасының мамандары Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған «20 игі іс» акциясы негізінде және Құрбан айт мерекесінің құрметіне арналған іс-шара ұйымдастырып, «Жеткіншектер үйінің» тәрбиеленушілерімен кездесу өткізді.
Балаларға арнап жайылған дастархан басындағы әңгіме барысында жоғары оқу орындарына түсу үшін бұл балаларға арналған жеңілдіктер, отбасын құру үшін тұрғын үй жағдайы, жұмысқа орналасу, некеге түру тәртібі, аты-тегін ауыстыру, тұрғын үйді алу үшін кезекке түру тәртібі жөнінде балаларды толғандыратын мәселелер талқыланды.
Іс-шараны қорытындылай келе әділет басқармасы оларға әділет органдарына қатысты кеңестер беру мен сұрақтарды шешу үшін «Жеткіншектер үйінің» балаларын өз қарамағына алуға ұйғарды.Жылы жүзбен өткен бұл кездесуге балалардың көңілдері толды деп ойлаймыз. Мұндай іс-шараларды Әділет басқармасы келешекте де өткізуді жоспарлап отыр.

 

16.11.2011 ж. Полиция қызметкерлеріне жайбарақаттық жараспайды

Қарашаның 16 күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалығымен құқықтық заң бұзушылықтың алдын алу комиссиясының кезекті отырысы болып, оған оның орынбасарлары, әкімдік аппаратының жетекшісі, жергілікті және территориалдық атқарушы органдардың басшылары, селолық округ әкімдері, полицияның учаскелік инспекторлары және «Бостандық», «Менжинское» ЖШС-лерінің басшылары қатысты.
Күн тәртібінде маңызды деген 3 мәселе қаралып, онда алғашқы болып «Облысымыздағы 2011-2013 жылдарға арналған құқық бұзушылықтың алдын алу аумақтық бағдарламасының жоспары» және «Табиғатты қорғау заңнамасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау» жайында аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары М.О.Абдрахманов есеп берді.

 

16.11.2011 ж. Сыбайлас жемқорлықпен күрес еш бәсеңдемейді

Құқықтық заң  бұзушылықтың алдын алу ісіне арналған жиын аяқталысымен осы жерде аудан әкімі А.А.Тастеміровтің катысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының кезекті отырысы болып, онда аудандық мекемелер мен ұйымдарда, сондай-ақ Кішіқарой, Қулыкөл, Кеңашы және Ұялы селолық округтерінің әкімдік аппараттарында жүргізілген сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жұмыстарының барысы қаралды.

 

27.10.2011 ж. Нұротандықтар қатары бір топ жастармен толықты

Қазанның 27-сі күні «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалық етуімен саяси кеңес бюросының кезекті отырысы өтіп, оның барысында ауданымыздың бірқатар білім ордаларында қызмет атқарып жүрген бір топ жас мамандар «нұротандықтар» атанды.
Кезекті отырыстың күн тәртібінде бастауыш партия ұйымдарының ел тәуелсіздігінің 20 жылдығын атап өту іс-шара жоспарымен, аудандық партия филиалы жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес қоғамдық кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу және т.б. мәселелері қаралды.

26.10.2011 ж. Тағайындау
Қазанның 26-і күні аудандық әкімдіктің үлкен мәжіліс залында аудан әкімі А.А.Тастеміровтің төрағалығымен кезекті отырыс өткізіліп, оған оның орынбасарлары мен аудандық мәслихат хатшысы, құқық қорғау органдарының басшылары, аудандық мекеме-ұйым басшылары және селолық округтердің әкімдері қатысты. Жиын барысында аудан әкімі барлық қатысушыларға жуырда тағайындалған өзінің экономика жөніндегі орынбасары Ж.Б.Сыздықовты таныстырып өткеннен соң күн тәртібінде өзекті деген үш мәселе қаралатынын хабарлады.

21.10.2011 ж. Орталық кітапханада достық пен татулық жайы сөз болды

Өткен аптада елімізде Рухани келісім күні атап өтілді. Бұл бастама 1992 жылы 18 қазан күні Алматыда өткен Бірінші Бүкіләлемдік Рухани Келісім Күні аясында көтеріліп, жұртшылық тарапынан кеңінен қолдау тапқан болатын.
Осыған орай қазан айының 21 жұлдызында аудандық орталық кітапхананың қабырғасында «Діни бастауымыз өмір шындығы» атты дөңгелек үстел болып өтіп, оған арнайы шақырылған Үлкен-Қарой мешітінің наиб имамы Рүстем Жоламанұлы, аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің әдіскері Ә.М.Танашпаева және Талшық орта мектебінің 8-9 сынып оқушылары қатысты.

Игі бастама депутаттар тарапынан да қызу қолдау тапты

Облыс әкімі Серік Сұлтанғазыұлы Біләловтің бастамасымен облысымыздың барлық елді мекендерінде бастау алған «20 игі іс» акциясы аясында ауданда жыл бойы жақсы істер жалғас табуда. Бұл игі іс-шара-дан аудандық мәслихат депутаттары да шет қалып жатқан жоқ.
Мәселен, аудандық мәслихаттың хатшысы М.С.Жұмабаев Талшық селосындағы «Жасөспі-рімдер» үйінің тәрбиеленушілеріне киім-кешек сатып әперсе, мәслихат депутаты Е.Х.Жақыпов сол «Жас-өспірімдер» үйінің кітап-ханасына ақын-жазу-шылардың жаңа топтама шығармаларын тарту етті. Және де басқа барлық сайлау округтерінен сайланған депутаттарда өз тарапынан  әр түрлі игі істер жасады.

 

15.10.2011 ж. Жастар марафон-эстафетасы өз мәресіне жетті

2011 жылдың 11 сәуірінде ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Елбасы Нұрсұл-тан Әбішұлы Назарбаевтың қолдауымен бастау алған «Ауылдың гүлденуі – Қазақ-станның гүлденуі» атты республикалық жастар марафон-эстафетасы біздің ауданымызда да өз жалғасын тапқан болатын.
Осыған орай қазан айының 15-і күні аудан орталығында ауыл, елді мекен ау-мақтарын абаттандыру, көріктендіру жұ-мыстарымен айналысу, жастарды азаматтық және патриоттық тәрбиенің белсенді түрлерімен қамти отырып, тәрбиелеуді мақсат қылған жастар марафон-эстафетасының салтанатты жабылу рәсімі болып өтіп, жарты жылға созылған іс-шараның қорытындысы шығарылды. Аталмыш шараға аудан әкімі А.А.Тастеміров, оның орынбасарлары, аудан әкімі аппаратының бастығы, селолық округ әкімдері, «Нұр Отан» ХДП және «Жас Отан» жастар қанатының мүшелері және аудандық жастар ұйымдарының мүшелері қатысты.

12-19.10. 2011 ж.
Ақжарлықтар Астанада облыс жетістіктерін  паш етуге атсалысты

Қазанның 12-19 күндері Астанада Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған ел өңірлерінің есеп беруі шеңберінде Солтүстік Қазақстан облысының күндері өткізіліп, бұл үлкен іс-шараға аудан әкімі А.А.Тастеміров бастап барған біздің аудан делегациясы да белсене атсалысты.
Облыс өкілдері Астана жұртшылығын тек жәрмеңкеге әкелген бағасы арзан түрлі өнімдерімен қуантып қана қойған жоқ, осы айда қайырымдылық жасау қажеттігін де естен шығармай республикалық балаларды оңалту орталығында тәрбиеленушілерге плазмалық теледидар мен ет, картоп және сарымсақ пен қызылша сияқты бір қысқа жетерлік ауыл шаруашылық өнімдерін тарту етіп, денсаулығын түзеп жатқан жеткіншектердің алғысына бөленді.
Облыс күндері Астана жұртшылығы жүрегінде өшпестей терең із қалдырған үлкен гала-концертпен аяқталды.

Æàңàëûқòàð ëåíòàñû Ïîäïèñàòüñÿ íà ðàññûëêó

 


Àқæàð àóäàíû әêiìiíiң ðåñìè ñàéòû